Лекция курсы Шымкент, 022ж. ӘОж 342. «Құқық негіздері»



бет1/44
Дата02.03.2023
өлшемі185,21 Kb.
#170867
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
құқық негіздері (копия)


Ф.7.11-19

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ




М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
А. Е. Аманжолова
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

пәнінен лекция курсы

Шымкент, 2022ж.

ӘОЖ 342.4


«Құқық негіздері» лекция курсы, барлық мамандықтар студенттері үшін арналған

Лекция курсы студеттердің «құқық негіздері» пәнінен дайындалуы үшін құрастырылған лекция мәтіндерінен және қолданылатын әдебиеттерден тұрады.


Пікір айтушы: Нуртазин Е.К. – з.ғ.к. «Мемлекет құқық және теория» кафедрасының меңгерушісі (ішкі)

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті









ПӘННІҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ



Лекция 1. Мемлекет және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар


Лекция 2. ҚР Конституциялық құқық негіздері


Лекция 3. Қазақстан Республикасының Экологиялық құқық негіздер


Лекция 4. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік құқық негіздері


Лекция 5. ҚР Әкімшілік құқық негіздері


Лекция 6. ҚР Азаматтық құқық негіздері


Лекция 7. ҚР отбасы құқық негіздері


Лекция 8. Қазақстанның қазіргі жетілу бағыттары.
(Қазақстан дамуының әлеуметтік - саяси және экономикалық бағыттары)


Лекция 9. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет қоғам дамуының аспектісі ретінде.

Лекция 10. Кәсіпкерлік түрлері оны меншік нысаны ретінде дамыту.(Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдердің жіктелуін ғылыми зерттеу)


Лекция 11 Жасыл экономиканы құқықтық реттеу және қалыптастыру


Лекция 12. ҚР жер қойнауын ұтымды пайдалану және қорғау


Лекция 13.Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы с-қимыл заңнамасын жетілдіру


Лекция 14. "Электрондық үкімет" тұжырымдамасын іске асыру.


Лекция 15. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері пост пандемия кезеңі



КІРІСПЕ

«Құқық негіздері» оқулығы мемлекет туралы негізгі түсініктерді, сондай-ақ құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды қарастыруға арналған. Оқу курсында конституциялық құқықтың негіздері, Қазақстан Республикасындағы адам және азамат мәртебесінің конституциялық негіздері, сайлау құқығы, әкімшілік құқық, Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының негіздері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, отбасылық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, қаржы құқығы негіздері, бюджеттік құқық, салық құқығының негіздері, инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу, еңбек құқығы негіздері және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, қылмыстық құқық негіздері, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері, экологиялық құқық негіздері, Қазақстан Республикасының қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері қарастырылады.


Құқық пен мемлекетті дамыту және жетілдіру құқықтық мемлекеттің дамуы мен қызмет етуінің негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында құқықтық нормалар үнемі жаңартылып, жетілдірілу үстінде, сол арқылы жүргізіліп отырған реформалар айқындалып жүзеге асырылады. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы жоғарғы және орта-арнаулы білімді маманға жоғарғы талап қоюда. Бұл құқық негіздеріне де қатысты. Қазіргі кезеңде құқық субъектілерінің құқықтық ақпараттануы және құқықтық санасының жоғарғы деңгейде болуы аса қажетті. Себебі, құқықтық мемлекеттің негізі болып табылатын адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғарғы деңгейінсіз мүмкін емес. Құқықтық нормалар мен қағидаларын білу қазіргі құқықтың негізгі салаларына жалпы бағдар алуға мүмкіндік береді, Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі жүйесін ұғынуға көмектеседі, сондай-ақ заңдар мен заңға бағынышты актілерді өздерінің еңбек жолында табысты пайдалана білуге жағдай жасайды.
«Құқық негіздері» электрондық оқулықты оқып үйренудің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы нормативті-құқықтық актілерінің негізгі ережелерін білу және оларды күнделікті өмірде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық құқық негіздерін зерттеу экономика мамандығы бойынша білім алатын студентке экономикалық қатынастар субъектілерінің шаруашылық әрекетін кешенді түсінуге қажетті заңнама ережелерін игеруге мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықты оқыту міндеттерінің қатарына құқықтық нормалар ережелерін позитивті игеру, оларды тиімді пайдалану үшін қажетті заңдық талқылау және дұрыс түсіну, құқық және заңнама жүйесі мен құрылымын , мемлекеттік билік органдарының, сонымен бірге құқық қорғау органдарының міндеттері мен әрекет ету қағидаттарын білу де кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет