Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
(SILLABUS)
«Отан тарихының өзекті мәселелері» пәнін оқытудың бағдарламасы
0501114 «тарих» мамандығы
Оқыту түрі-күндүзгі, сырттай
3 кредит (135 сағат)
Оқыту түрі
|
күндізгі
|
сырттай
|
семестр
|
6
|
8
|
кредит саны
|
3
|
3
|
аудиториялық сағаттар
|
60
|
37
|
лекция
|
30
|
18
|
семинар (практикалық)
|
15
|
9
|
оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары
|
45
|
|
студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары
|
45
|
98
|
емтихан (семестр)
|
6
|
8
|
Барлығы
|
135
|
135
|
Қостанай 2009.
Курстың аты: Отан тарихының өзекті мәселелері Байдалы Рауан Жомартұлы тел. 8777-706-57-50.
Қазақстан тарихы кафедрасында 2004 жылдан жұмыс істейді.
«Отан тарихының өзекті мәселелері», 3 кредит 135 сағат.
Тарих және өнер факультетінде сабақ кестесі бойынша.
1. Қазақстан тарихын игеруге негіз боларлық пәндер (пререквизит)
Отан тарихының өзекті мәселесі курсы тарих мамандығының студенттеріне оқытылады. Бұл курс Қазақстан тарихын терең білуге студенттерді бағыттайды. Тарих мамандықтарындағы Қазақстан тарихы, Әлемдегі түркі халықтарының тарихы пәндері мен сабақтас. Қазіргі таңда тарих ғылымындағы іргелі де өзекті тақырыптардан құралды.
Отан тарихының өзекті мәселесі:
Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи ұлттық санасын қалыптастырып жэне тарихи үлттық қүндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Алғы сөз.
Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тәуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды құбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жұртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.
Бұл орайда курсқа қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.
Отан тарихының өзекті мәселесі институтың «тарих» мамандықтары бойынша төртінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жеріндегі ру - тайпалар мен ұлыс - ұлттардың сонау көне заманнан осы күнге дейінгі тарихына тоқталу.
Осыған байланысты пән өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды:
Халқымыздың тарихына байланысты қалыптасқан ұғымдар (дефениция) мен парадигмаларға түснік беру
Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, жаруашылығы және мәдениеті жөнінде білім беру
Қазақ халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді талқылау.
Оқытушының негізгі мұраты- студент жастарға тек қана осы пән бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пәнді игерген маман елеміздің парасаты, іскер, жоғарғы мәдениетті, патриот азаматы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |