5.Студенттердің өз бетімен игеретін оқу-жұмысын ұйымдастыру әдістемесі Институтымыздың оқу процесіне жақында енгізілген кредиттік жүйе студенттердің өз бетімен білім алу үрдісін дамытуға негізделген. Лекцияны мұқият тыңдап игерген, се-минар сабақтарына толық дайындалып, жақсы баға алған студент пәнді игеруге арналған сағаттардың қалған бөлігін тиімді пайдалануы керек. Студент қалған 98 сағатты лекция тақырыптарын игеруге және толықтыруға, семинар сабақтарына және емтиханға дайын-далуға жұмсауы тиіс.