Зерттеудің көкейкестілігі: Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балаларды ортаңғы топ балаларын еңбекке тәрбиелеу



Дата28.10.2022
өлшемі18,08 Kb.
#155489
Байланысты:
Алиханова Айдана дисертация
2-сабақ 2-тоқсан, stud.kz 15821, Салмақ және серіппе үй жұмысы

Алиханова Айдана

Зерттеудің көкейкестілігі: Еңбек тәрбиесі және мектеп жасына дейінгі балаларды ортаңғы топ балаларын еңбекке тәрбиелеу.


Ортаңғы топ балаларын еңбекке тәрбиелеу мақсаты, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің турлері. Өзін- өзі қызмет ету енбегіне баулумазмұны, әдістемесі. Шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің мазмұны, тәрбиелеу әдістемесі. Табиғаттағы еңбекке баулу мазмұны, әдістемесі. Балалардың қоленбегін ұйымдастыру, казақтың қолданбалы кол өнері, матадан ою-өрнектер қию туралы /Н.Қулжанова У. Ересектердің еңбегімен танысгару әдістемесі/А. Meнжанова/.

Балалар еңбегін ұйымдастыру формалары: кезекшілік, тапсырма беру, ұжымдық еңбек. Тапсырма беру түрлері. Кезекшіліктің түрлері және оны ұиымдастыру әдістемесі. Ұжымдық еңбекті өткізу әдістемесі. Отбасында еңбек тәрбиесін ұйымдастыру.

Өз беттерінше бөлме өсімдіктерін суару, жапырақтардың шаңын сүрту, балықтарды коректендіру, астауды жуу, оларға су құю және жем шашу.

Бөлме өсімдіктерінің көшеттерін отырғызуға, аквариумның суын ауыстыруға, қыстап қалатын құстарды қоректендіруге көңілін бөлу.

Еңбек құралдарын таза, ұқыпты ұстауға үйрету.

Табиғаттағы еңбек

Өсімдіктерді өз беттерінше суару іскерліктерін қалыптастыру.

Гүлзарлар мен бақшада жұмыс істеуге үйрету (жүйек жасау, тұқым себу, көшет отырғызу, суару, түбін қопсыту, егінді жинау).

Жолды қардан тазалауға, орындық үстінен қарды сыпыруға үйрету.

Қыс мезгілінде табиғат бұрышындағы құстардың азығы болатын өсімдіктерді өсіруге қатыстыру (тамыр жемістерді отырғызу, сұлы егу).

Қолданған еңбек құралдарын ретке келтіруге (тазалау, кептіру, өз орына қою) үйрету

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру: белгілі тәртіп бойынша киініп шешіну, киімінің түймесін қадау, аяқ киімінің бауын байлау. Заттарын ұқыпты бүктеуге, киімдерін ілуге, аяқ киімін тазалап, шкафқа қоюға, шкафтың есігін жабуға үйрету.

Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екінші ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектері ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергі ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл – ойдың, тілдің дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрі ұрпақ тәрбиесі дейтін ұлы мұратты жүзеге асыруда бізге жол сілтейді, демейді.

Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Мектепке дейінгі жас – негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатқа ие болады.


Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу – маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты – еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету.
«Адамды — адам еткен еңбек». Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады.
Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп-жейтін тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді.
Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»- дегендей жерге дән сеуіп, оны күтіп баптап өсіреді. Базарға апарып сатып, ақшасына тамақ, киім алады
ТМД елдеріңдегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы (З.Н.Борисова, В.С.Нечаева, Р.С.Буре, Г.Н.Година, Т.А.Маркова, Д.В.Сергеева, А.Д.Шатова және т.б). Шет елдердегі мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу теориясы және тәжірибесі (Кейта Бакумта, П.Я.Миндлина. Э.М.Крарих, Г.Штейнер).
Қазақ ағартушыларының еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық кезқарастары /А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтурсынов еңбектері

Қарама-қайшылықары:


Еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні" деген мақаласында еңбек тәрбиесінің мәнін арнайы қарастырады: Ал "Балалар әлемі", "Ана тілі" оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды.
К.Д .Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі - еңбек-сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ, еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды.
Еңбек тәрбиесінің ең басты да, негізгі міндеттерінің бірі -жасөспірімдерді қоғамдық пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өздері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ, ол "Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, аз да болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес", - деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да ерекше мән бер-ді. "Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол өте пайдалы тынығу" - деп есептеді.

Макаренко оқу пәндерін біржүйелі оқытудың жақтаушысы болды, ол оқыту үрдісін кез-келген бұрмалаушылыққа “Дальтон-жоспарға”, “жобалау әдісіне” қарсы болды.


Ол еңбек тәрбиесі үрдісіндегі бұрмалаушылыққа қарсы болды.
Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды. Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік педагогикасымен алынған “Еңбек – бүкіл мектеп жұмысының орталығы” деп аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды. Бұл ұран бойынша, мектеп өмірінде еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім алуға зиян келтірді.
Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды.
Горький атындағы колонияда ауылшаруашылығы еңбегінің ең қрапайым түрлерінен бастап, негізінен өз ұжымының негізгі қажеттілігі үшін Макаренко одан кейін тәрбиеленушілердің өкілді еңбегін ұйымдастыруға көшті. Өзінің жоғары түрін бұл еңбек іс-әрекеті Дзержинский атындағы коммунада қол жеткізді, онда тәрбиеленушілер орта мектепте оқыды және жоғары мамандықты еңбекті талап ететін күрделі техникамен өндірісте жұмыс істеді.

Макаренко еңбек тәрбиесі туралы мәселелер бойынша құнды ұсыныстар береді. Балалардың еңбек әрекеті үрдісінде жұмысты бағдарлау, жоспарлау ептілігін дамыту, уақытқа, өндіріс құралдарына, материалдарға ұқыпты қарау, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізу.


Коммуна жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың нәтижелі тәжірибесін А.С.Макаренко жалпы білім беретін мектептерде қолдануды қиялдады.
Зерттеудің тақырыбы:
«Ортаңғы топ балаларын еңбекке тәрбиелеудің мүмкіндіктері»
Зерттеудің мақсаты:
Ортаңғы топ балаларын күн тәртібінің барлық сәттерінде еңбек әрекетіне қатыстыру, еңбек іс-әрекетіне оң көзқарастарын қалыптастыру, алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктеріне дағдыландыру.
Қазақ ағартушыларының бірі Ы.Алтынсарин педагогикалық тақырыптағы өлеңдері мен әңгімелерінде, аудармаларында өнімді еңбек - еңбек тәрбиесінің құралы деп тұжырым жасады.
Абай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл-білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады.
Ол жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді маңызды рөлін ерекше бағалады.
2. Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін бөлісіп алған.

Зерттеудің міндеттері:

1. Еңбекке және еңбек ету әрекетіне тәрбиелеу.


2. Жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету.
3. Тәрбиешінің көмегімен жұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен тапсырманы өз уақытында аяқтау іскерліктерін қалыптастыру.
4. Тапсырмаға жауапты (бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен іскерлігі, адал және сапалы орындау) қарауын қалыптастыру.
4. Балаларға еңбектің маңыздылығын түсіндіру.
5. Жолдастары мен ересектерге көмек көрсету талабын көтермелеу.
6. Өзінің және ересектердің еңбегін бағалауға үйрету.
7.Жалқаулық және еріншіктік ұғымдарынан алыстату.

Зерттеудің нысаны:


Ортаңғы топ балаларының еңбек тәрбиесіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Ортаңғы топ балаларында еңбек тәрбиесін қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері.

Зерттеудің пәні:


Ортаңғы топ балалрында еңбек тәрбиесіне қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.

Зерттеудің болжамы:


Ортаңғы топ балаларын еңбек тәрбиесіне қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктерін ашу. Ортаңғы топ балаларында еңбек тәрбиесіне қатысты кең түсінік қалыптастыру. Күн тәртібіндегі еңбек іс-әрекеттірімен таныстыру. Еңбек іс-әрекетін жүзеге асыру арқылы,балаларды жылдамдыққа,мейірімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет