Лекция: Лабораториялық: 30 30 обсөЖ: 60 СӨЖ: Барлық сағат саны: 60


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ



бет2/11
Дата18.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#11766
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
«Ұлттық қол өнер бұйымдарының технологиясы» пәннің мақсаты мен міндеті қолөнер бұйымдарын дайындау кезеңінің технологиялық процестерімен таныс болу.

Өнеркәсіптік және жеке өндіріс жағдайында бұйым үлгілерінің дизайнын, пішімін,техналогиялық тізбектілігін толығымен атқаруды мегеру.

Қолөнер бұйымдарын дайындау кезінде жұмысқа деген ынталарын шығармашылық негізде арттыру және негігі эстетикалық талғамды дамытуға үйрету болып табылады.

Курстың мақсаты – қазіргі нарық заманындағы тұтынушылардың тапсырмаларын табысты шешуге қабілетті профессионал маман дизайнер дайындау.

Курстың міндеті – қолөнер бұйымдарын дайындаудың технологиялық процестерін игеру.

болашақ дизайнерлерді ұлттық қолөнер бұйымдарының түрлері және пішімі, оған қойылатын талаптарымен таныстыру.

Курсты аяқтаған студент білу керек:


  • өз бетінше идея ұсыну;

  • эскиз моделін жасай білу;

  • қолайлы конструкторлы – технологиялық шешімдерді анықтай білу;

  • өнімді өндіру бойынша технологиялық ілім кешенін тәжірибе жүзінде мегеру.

4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер /пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер/

Постреквизиттер /пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер/

Кафедра

Кафедра қабылданған шешім хаттама № күні

1.


2.


Композиция

Сурет



Матамен жұмыс,

Ті гін бұйымдарының құрастырылуы.



“Бейнелеу өнері және дизайн”

Хаттама. 2013 ж.



5. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ



Кредит саны

Семестр

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Қорытынды бақылау

лекция

лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

4

6

180

30


30

60

60

Емтихан


6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР:

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.



Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы, реті

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

лекция

лабор

ОБСӨЖ

СӨЖ

1-кредит VІ-семестр

1

Кіріспе.Құрақ түрлері.

1










2

Құрақ құрау технологиясы.

1










3

Жібек таспамен кестелеудің шығу тарихы.

1










4

Жібек таспамен кестелеу технологиясы.

1










5

Қазақ халқында жүнді пайдалану ерекшеліктері.

1










6

Жүннен жасалатын бұйымдар технологиясы.

1










7

Текемет басудың шығу тарихы

1










1

Құрақ құрау технологиясы.




2

4

4

2

Жібек таспамен кестелеу.




2

4

4

3

Жүннен жасалатын бұйымдар.




2

4

4

4

Текемет, киіз басу технологиясы.




2

4

4

2-кредит

8

Киіз басу технологиясы.

1










9

Сырмақ жасау технологиясы.

1










10

Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы.

1










11

Түскиіз жасау технологиясы.

1










12

Ши тоқу технологиясының әдіс тәсілдері.

1










13

Теріден, былғарыдан сыйлық бұйым жасау технологиясы.

1










14

Гобелен тоқу технологиясы.

1










15

Жапсырмалау (коллаж) аппликация өнері.

1










5

Сырмақ жасау технологиясы.




2

4

4

6

Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы.




2

4

4

7

Түскиіз жасау технологиясы.




2

4

4

8

Ши тоқу технологиясының әдіс тәсілдері.




2

4

4

3-кредит

16

Дорба, қоржын, сөмке тігу технологиясы.

1










17

Кесте өнері тарихы мен технологиясы.

1










18

Аяққап тігу технологиясы.

1










19

Сумоншақпен кестелеу технологиясы.

1










20

Қазақ халқының қолөнері дамуының жалпы сипаттамасы.

1










21

Қазақ халқы ою-өрнектерінің зерттелу деңгейі.

1










22

Ою-өрнектердің мазмұны.

1










9

Теріден, былғарыдан сыйлық бұйым жасау технологиясы.




2

4

4

10

Түкті кілем, гобелен тоқу технологиясы.




2

4

4

11

Жапсырмалау (коллаж) аппликация өнері.




2

4

4

12

Дорба, қоржын, сөмке тігу технологиясы.




2

4

4

4- кредит

23

Қазақтың ұлттық киімдері.

1










24

Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдері.

1










25

Қазақ әйелдерінің бас киім үлгілері.

1










26

Торсық тігу технологиясы.

1










27

Кесеқап тігу технологиясы.

1










28

Сөмке тігу технологиясы.

1










29

Түкті кілем тоқу технологиясы.

1










30

Қазақ халқының зергерлік өнері.

1













13

Кесте өнері тарихы мен технологиясы.




2

4

4

14

Аяққап, кесеқап, торсық тігу технологиясы.




2

4

4

15

Сумоншақпен кестелеу технологиясы.




2

4

4




Барлығы:

30

30

60

60



  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ


1- лекция. Тақырыбы: Кіріспе.Құрақ түрлері.

Жоспары:

1.Құрақтың түрлері.

2.Жұлдыз құрақ.

Лекция мақсаты: Құрақ түрлерімен, шығу тарихымен танысу.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Құрақтың түрлері. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние-мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны.

Құрақ–төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе Құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл-көзден аман болсын” деген ырыммен қырық Құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.

Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.

Басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, еудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.

Құрақ құрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл бөлінеді. Құрақ құрау - қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған.

Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген. Ысырапқорлық – қазақтарға жат қылық. Ежелден-ақ ата-бабаларымыз үнемшіл болып, қолдағы темір, сүйек, ағаш, тері тәрізді заттардың да кесінділерін қажетіне ұқсатып, аяқ асты тастамаған. Ал қолдағыны осылай ұқсатуда қиыстырып құрақ құраушылардан асқан шебер жоқ. Олай болса, құрақ құрау қыз-келіншектерді ысырапқорлықтан тыйып, үнемділікке үйретеді.

Қазір ұлттық салт-дәстүріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп енгендіктен, қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан дамып отыр. Ауылда да, қалада да көптеген қазақ отбасыларының төрінен қайтадан құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен сый-сияпат апаратын болды. Бір ғажабы, қазіргі құрақтардың өздерінен-ақ ондағы тікше, шаршы құрақтарда небір бояу алмасуларының үйлесімді жасалғанын, осы құрақ бояуларының алмасуының, қиюластырылуының келесі құрақтарда қайталанбайтынын аңғарасың.

Көгілдір аспан астындағы жасыл жайлауда ақ шаңқан киіз үйлерді тігіп, қызыл, сары, ақ қызғалдақтар жайқалған, жусанының иісі мұрын жарған дархан далада мал жайып, күміс көлдерде шомылып, құстардың үнін естіген қазақ халқы соның бәрін ою-өрнектер, құрақтар арқылы-ақ қандай шебер жеткізе білген десеңші. Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, «Шіркін-ай, қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!», - деп те ойға қалатыныңды қайтерсің. Яғни, құрақ құрау, оны тамашалау қыз-келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойына сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-қылығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.

Әр үйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отбасының ұлтжандылығын ғана танытып қоймайды.

Бұл қазақ қолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып, қазіргі заманмен жарасым тауып отырғанын көрсетеді. Және де құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп, қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашып отыр. Қысқы «Азияда» күндерінде шетелдіктердің түрлі ұлттық сувенирлермен бірге құрақ бұйымдарын да көптеп сатып алып жатқанын көргенімізде біз сондай ойға келдік. Яғни, құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып, оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.

Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Зердесінде зейіні бар әр адамның қай-қайсысы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады.
Қазақтың қолөнерінің өмірге келуі халықпен, көшпелі өмірмен тығыз байланысты. VII-VIII ғасырда тігіншілік, етікшілік пайда балған. Сауда саттық дамыған кезде әр халықтың өнері араласып ұлттық құрақ түрлері пайда болды. Қазіргі уақыт талабына сай жаңа үлгідегі “сегізжапырақ”, “қызғалдақ”, “ботакөз”, “құдық”, “жұлдыз”, “шахмат” құрағымен жастық тыс, көрпе, сырмақ, паннолар жасалады. “Ғылыми жобамен ” айналысар алдында құрақ түрлерімен жан-жақты танысып, құрақшылық өнерге тоқталдым. Осы ұсынылып отырған жобада құрақ құрау арқылы дәстүрлі өлшем алу жолдары пайдаланып аталған құрақтың бірнешеуінің жасалу жолын көрсетемін. Құрақ құрау тәсілі маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде пайда болған. Қолынан іс келетін шебер әйелдер көрпеден бастап, кеудешеге дейінгі бұйымдарды құрақпен безендірген.

2.Жұлдыз құрақ. Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан. Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс - өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі. Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады.

Қазақ қолөнерінің қандай түрінде де ою-өрнектер пайдаланылады. Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады.

Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша, бұл жерде ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше, үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарастары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық «кіріс» пен «шығысты», «жағал» мен «қиысуды» белгілейді...

Құрақтан жасалатын бұйымдар

Қоржын. Зат салатын бұйым. Ертеде жарапазан айтқан балалар иығына қоржын арқалап, қазақ ауылдарын аралаған. Әрбір үй оларға қолында бар құрт, ірімшік, жент тәрізді тәттілерін беріп, күміс түйген орамалдар сыйлап, балалар өз отбасына қоржынын несібеге толтырып қайтатын болған. Алыс сапарға шыққандар да астындағы атына қоржын теңдеген. Тіпті, сүндетке отырғызған баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына қоржын байлағаны мәлім. Қазір түрлі қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді қазақы қоржындар құдағилар арасында жүріп, сыйластықтың бір дәнекері болуда.

Құрақ кеудеше. Көбінесе қыз-келіншектерге арнап жасалатын киім. Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, ұл-қыздары той-думанда ғана емес, күнделікті өмірде де әдемі киініп, таза жүрген. Құрақ кеудешелер әрі сәнді, әрі жылы. Оны қай жерге де киіп баруға болады. Құрақ кеудешені жасарда оған таңдап алынған маталар тобының түр-түсі жағынан бір-біріне үйлесімді болғанына ерекше көңіл бөлінеді. Шеберлер қызылдың жанына жасылды, ақтың жанына қараны, көктің жанына сарыны қойып, әр түстің терең мәні мен сырын ашқан ғой.

Құрақ кеудешені жасарда да ол қатаң түрде ескеріледі. Және де қолдағы материалдардың қиы-қтарының біртекті болғаны дұрыс. Яғни, құрақтар тобы бірыңғай мақта, бірыңғай пүліш, немесе бірыңғай жүн, жібек маталардың қиықтарынан құралуға тиісті. Бұл құрақтың тегіс, оңай құралуы үшін қажет. Және де бірыңғай мата түрінен құралған кеудеше, басқа да киім, бұйымдар кигенде, қолданғанда, жуғанда бір жері созылып, бір жері қысқарып кетпей, өз үлгісін сақтайтын болады. Жалпы, құрақ кеудешені қызыл, күлгін, қою көк, ашық көгілдір маталардың қиықтарынан жасаған дұрыс. Ал астарына тұтас мата алынады, кеудешенің етек-жеңін әдіптеуге тесьма пайдаланылады.

Қазақ шеберлері ежелден-ақ құрақтарды қиюластырып тақия тігіп келеді. Құрақ тақиялар - өте сәнді баскиім болып саналады. Қызыл – жасыл, сары – көк тақиялар бойжеткендердің көркін құлпыртып, қос бұрымды шашына керемет жарасып тұрады. Шеберлер құрақ тақияларды негізінен, пүліш маталардың жарқын, ашық бояулы қиықтарынан тігеді. Бүйірін шаршы ішіндегі қиықшалардан құрастырады. Мұндай тақияның бүйіріне кемінде төрт түрлі түстегі құрақ пайдаланылады. Сонда құрақ тақия көрікті болып шығады. Тақияның төбесіне шашақ тағылады.

Оны трикотаж тоқымалардың қиықтарынан да, жібек маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ көрпелер жұмсақ болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ көрпенің ені жіңішкілеу, ұзындығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал енді жібек құрақты жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті жібек маталардың құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар текше түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау. Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады.

Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп алып, оны орындыққа көрпеше етіп жабуға да болады. Қиық сырмақ. Оны үйді әшекейлеп, қабырғаға ілу, тақта үстіне төсеу үшін жасайды. Кейбір дәулетті кісілер қиық сырмақты палас ретінде еденге де төсеп тастайды. Сырмақтың тұтас материалы үшін түйенің жүні қажет. Өйткені, ол әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі жылы, әрі таза. Осы негізгі материалдың үстіне ұлттық ою-өрнек түріндегі құрақтар шаршылап орналастырылады. Сырмақ үстіне ою тек қана ашық және біртекті материалдардан әзірленеді. Сосын оны жымдастырып тігіп, шетін тегіс әшекейлеп шығады.

Құрақ жастық. Үйдегі құрақ көрпенің үстіне құрақ жастықты қойып, қонақтар оған шынтақтап жататын болса, ол отбасын ерекше бір ұлттық сән-салтанатқа бөлеп тұрады. Құрақ жастықтарды қоңыр немесе жасыл, әйтпесе қою көк түсті материалдан жасап, бетіндегі өрнегін ақ немесе ашық сары түсті матадан орнатып, жиегіне ақ түсті әшекей жіп жүргізсе, ол тіпті көрікті болып шығады.

Аяққап. Түрлі-түсті құрақтардан жасалатын аяққап ыдыстар салуға арналған. Онда сақталған ыдыстар сынбайды, таза болады. Қазір үйдің ажарын ашу үшін ғана пайдаланылады. Бұрындары ол қазақ әйелдерінің ең қажетті бұйымдарының бірі болатын. Аяққаптың шағын түріне жіп, қайшы, тарақты, басқа да ұсақ-түйек заттарды салып қояды да айнаның жанына апарып іледі. Аяққап жасау үшін көбінесе екі түсті драп маталар таңдап алынады. Оның сыртқы бетіне ою салынады, бұл оюлар аяққаптың төрт бұрышында тұрады, аяққаптың ортасына, етегіне түсті жіптерден шашақ тігеді.

Қолқапшық. Бұрындары жас қыздардың жеке заттарын салып қою үшін жасалған сәнді бұйым. Оны қоңыр, қоңырқай драптан тігіп алып,беткі жағына қошқар мүйіз ою тігеді. Оюдың шеті өрнекті жіппен бастырылады. Бауы да драптан әзірленеді. Қолқапшықтың ауызы түймеленеді. Қолқапшықты жастар иығына іліп алады.

Құрақ ойыншықтар. Оны үй ішіне сән беруі үшін тігеді. Әсіресе, қазақ шеберлері көп жасаған құрақ ойыншықтар: доп, ат, піл, күшік. Мұндай бұйымдарды диван үстіне, тіпті автокөлік ішіне де қоюға болады. Құрақ ойыншықтарды жасау үшін драп, мех қалдықтары, синтепон, ұсақ былғары қиықшалары таңдап алынып, түр-түсіне қарай сұрыпталады.

Драп материалдан сәндік доп былай жасалады: Ол 12 әр түрлі бесбұрыш қиықшалардан құралады. Қиықшалардың ішкі бұрышы 72 градустан болуға тиіс. Дұрыс бесбұрыш дегеніңіз осы. Егерде бесбұрыш теңдей болса, доп дөңгеленіп шыға келеді. Шеберлер доптың екі жағын осылай тігіп алған соң оның ортасына синтепонды тығып, томпайтады. Қарапайым да қызық тәсіл.

Құрақ халат. Қыз-келіншектер үшін әсем халатты сәнді құрақ материалдардан да тігіп алуға болады. Ол әрі жылы, әрі ыңғайлы, әрі шығыс үрдісін еске салады. Мұндай халаттың бас жамылғысы да (капюшон) болады. Құрақ халат материалының түстері неғұрлым көп болып, кезектесіп келсе, киімнің өңі де ашылып, қыз-келіншектерді жайнатып жібереді.

Құрақ киімдер көбінесе серпімді жібек қалдықтары мен қиықтарынан құралады. Құрақтардан көйлектер де тігеді. Құрақ түстерінің тігілуі қарапайым болғанымен, одан жасалған киімдер мен бұйымдар кімкімнің де жоғары талғамына жауап бере алады.



Құрақ маталары

Қамқа– алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата.

Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.

Торқа – ең қымбат жібек мата.

Батсайы – қалың жібек кездеме.

Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.

Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.

Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.

Пай – жібек мата.

Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.

Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.

Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.

Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.

Насар – жібек кездеме.

Ұштап – ақ түсті тығыз мата.

Шыт – арзанқол жұқа мата.

Сәрпөңке – астарлық жібек мата.

Бояқ – кездеменің боялған түрі.

Борлат – қызыл түсті жұқа мата.

Тібен – түрлі-түсті қалың мата.

Құрақ құрау үшін, ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады, яғни маталардан барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөлініп алынады. Содан соң түрлі-түсті маталар қиыстырылып тігіледі. Бұл қолөнер¬дің негізі әртүрлі символдармен де байланысты. Мәселен, үшбұрыш құрағының мәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен, яғни үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі. Бұл құрақтың мағынасы – ғаламдық тепе-теңдік пен тұтастық. Бал арасының ұясы негізінде «Алты табақ» құрағы пайда болған. Мағынасы, тәттілік пен молшылықты білдіреді. Сонымен қатар құрақ өнері арқылы жануар, құс бейнелерін де мата бетіне салуға болады екен. Баяғы Сақ заманынан бастап, өмір құбылыстарын қолөнер арқылы көрсетуге машықтанған көшпелілердің қолөнер дәстүрінің нысандық мәні бар. Сол кездегі «жұп», «су» секілді мағыналы ою-өрнектер күні бүгінге дейін өз мән-мағынасын жоғалтпады. Бүгінде құрақ қолөнерінде қолданылып жүрген «су символы» деп құрақ құрау қолөнерінде жүргізілетін бір түсті матадан кесіліп алынған жіңішке жолақты айтады.
Бақылау сұрақтары:

1.Құрақтың түрлерін атап бер?

2.Қазақ халқында құрақ құрау өнері қай ғасырдан бастап дамыған?

3. Құрақ көрпеге қандай құрақ түрлері қолданылады?



2- лекция. Тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы

Жоспары:

1.Тырна құрақ.

2.Қарсы құрақ.

Лекция мақсаты: Құрақ түрлерімен таныстырып,құрақ құрай білуге үйрету,өнерді бағалауға,салт-дәстүрге баулу,әсемдікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Тырна құрақ. Қазақ қолөнерінің, оның ішінде құрақ бұйымдарының бояуы сан алуан. Халқымыздың ұғымында көгілдір түс-аспанның символы, қызыл түс – оттың, қанның, өмірдің, жасыл түс - өсімдіктің, көктемнің, бастаудың, ақ түс – биіктіктің, аспанилықтың, сары түс – даналықтың, білімнің белгісі.Сол себепті, қиықта бұл түстер бір-бірімен тығыз бірлікте тұрғанында ғарыштың, әлемнің бейнесін бедерлеп, буддистік мандаланың философиялық мағынасынан да артық мән-маңызға, құпия сырға толы екенін байқатады. Құрақтан жасалған бұйымдарда да олар өз орнын тауып жатады. Негізінен, қазақ символы көп қабатты. Ол басқа символдармен астасып, мағынасын байыта береді. Этнографтардың айтуынша, бұл жерде ұшбұрыштың және оған қиысатын барлық элементтердің мәні айрықша. Олардың түсіндіруінше,үшбұрыш магиясының мәні үш дүниені тұтастыра білуінде. Қазақтың дәстүрлі көзқарас-тары бойынша, үшбұрыш – су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі болып саналатын балықты, оқты, құсты меңзейді. Егерде осы үшбұрыштың ішіне қошқар мүйіз оюы қиысса, ол отты бейнелейді. Жалпы, қазақтардың ұғымында ою-өрнек магиялық сипатта, ол барлық «кіріс» пен «шығысты», «жағал» мен «қиысуды» белгілейді. Қазіргі танда ырықтық карым-қатынас жағдайында кіші орта кәсіпкерлікті дамыту барысында әр турлі сыйлық заттар дайындаудың маңызы зор деп есептеймін. Осыған орай окушылардың өз қолдарынан жасаған бұйымдарын салт-дәстүріміз бен тұрмыс-тіршілігіміздің қажетін өтеуге пайдалана білуді және оған сұранысты арттыру керек.Сабақта және үйірмедегі оқушылардың өз қолдарымен жасаған бұйымдарын пайдаға асырғанда ғана окушылар өздерінің нәтижелі еңбегін көре алады жүрегіне сенім ұялайды.Соның арқасында жастарымыздың өз бетінше жұмыс істеу дағысы қалыптасып бойындаған бұйымдарымен тек қалалық облыстық және республикалық көрмеге қатысумен ғана шектеліп отырмыз.

Қазақ колөнер, ұлттық өнер өткен өмір еншісіне. Айналып оған мән берілми , кибір бұйымдармыздың көзі жок болуда, тіпті мұражайдан да таба алмаимыз.Сондықтан Ата баба мұрасын сақтаймыз және дамытамыз деген мектептегі технология пәні мұғалймдеріне қамкорлық жасау қажет және казіргі заман талабына саи дамытыпү жетілдірген бұйымдарын тұрмыста пайдалануды қарасытыру керек. Мысал.шілдехана, тысау кесу, үйлену тойы, қыз ұзату, сырға салу сиякты т б .қазақтын тойыларында тойдан саркыт рәсім болатыны бізге мәлім. Осындай тойларда кытай өнімдеріне сураныс басым, оның орынна мектеп окушылар жасаган бұйымдарына кажеттілік күшетуге қол жеткізссек деген тілегіміз бар. Біз сонда ғана мектеп қабырғасында ұлтты өнерімізді насихаттап, жас ұрпактын бойынна сіңіре аламыз.Сәнді-қолдамбалы өнер түрлерін окушыларга үйреттуді мектеп бағдарламаларын на көбірек еңгізіп, сапалы окулыктар мен әдістемелік комекші қуралдар жеткілікті болууына мүмкүндік жасаитын уакыт жеті деп ойлаимын.

Қазіргі заманда қазақ жастарын білімсіз еріншек болмау үшін оларды еңбектің адам,кез келгенін касында есесін жібермитин, өнерді жарыстыра алатын, өз ойын зердели алатын, мазмұны мәнімен көз жетікзе алатын болуы тиіз.Осы максатта мұғалйм окушыларга жай гана білім беріп, еңбекк баулып қана коймаи, олардыңт шыгармашылык дегенидин жоғарлатуға, жан –жақты ізденспен еңбек етуге, болашак өзінің шығармашылыгын дамытып,белгілі бір маман иеси болуына мұрындык болады.Сондықтан техналогия пәні мұғалимдерінің де білімін жетдіру,пікір алысып тәжірбилерімен бөлісіп ізденісін жетілдіру сиякты шаралар көбірек ұйымдастырлыган жөн.Осындай максатта Маңғыстау обылысын да ақтау каласын да техналогия және бейнелеу өнер пәні мұғалймдерін қалалық көлемдегі симинары жиі ұйымдасытырып турады 17.03.2011 жылы ұйымдастырган актау каласын 13 шағын ауданда орналаскан №21 Орта мектеп те Техналагия сабагында жаңа техналогиядагы қолдау такырыбын да семинар откен болатын.Сол симинарда Кәсіби маңызды қасиеті дамытуда адам мүмкіншілігі такырыбында техналогия пәні мұғалим С.Абдихалықова және экономика пәні мұғалймі Г.Тұралханова интеграл сабагын отті.Осы такырыпты талкылау барасында мектептегі үйірмеде окушылардың өз қолымен жасаған бұйымдарын тұрмыста пайдалану мәселесін №21 Орта мектеп мұғалимдері көтерді.Осы айтылған дүнелер республика көлемінде қолдауын тапса екен деп үміттеніміз

2.Қарсы құрақ. Еңбекке балу мұғалймнің окушыларга техникалық, техналогиялық білім мен білік беретін оку мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын. Баларды перспективалық техналогиямен таныстырып, олардың перспективалық көз қарасын қалыптастыратын оку үлгісі. Техналогиялық еңбек сабактарын жоспардау оку үрдісін үйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламаларда қойылған максттарда жүзеге асыруга шеберханаларда ұтымды пайдалануға сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді.Окушылар сабакта еңбекке катысты нақты білім мен білікті йгереді Йгеру ісі мұғалім тарапынан техникалық-техналогиялық мағұлыматы беру,белгілі бір техникалық апирациялардың орындалу әдістерін корсету кезінде жүзегі асады.мұғалім сабақ дайындық барысында оның максатын, мазмұнын құрлымын жоспарлайды окытудың әдістерін мен түрлерін қарасытырлады. Сабақтың құрлымын мен мазмұны оның максатына сәйкес белгіленді,әрбір элеметті орындауга жұмсалатын уакытты шамамен аныктауга мүмкіндік береді. Қазіргі кезде шыгармашылық еңбекке,еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде.Шығармашылық ойлау қабілетті кез келген адамда бар . Бұл,әсіресе жас өспірімдерге тән касиет Писихолық мамандар адамнын бойындагы шыгармашылық ойлау қабілетін бала кезінен калып тастыру керек деп есептиді.Техналогия пәні окушыларга кең көлемді білім бере отырып оларды қабілетерін жетілдіре түседі,белгілі бір кәсіпке биімделуіне көмектеседі Қазір көп теген мектептерге ірлі-ұсақты темір агаш өндитін станоктар бар.Окушыларга тек оларды тиімді пайдалануды үйрету керек.

Окушылардың өзін өзі баскару тәжірбиесінде жұмысты топ жетекшілері аткарады. Олардың қызметі-топтың еңбек процесін ұйымдастыру сапаны бакылау, талдау.Мұнымен бірге олар еңбек нәтижелерін бағалайды

Жұмыс барысы кезінде еңбек кауыпсіздігімен санитарлық ережелерді қатаң сақтау жөнінде талаптар қойылады және олардық орындалуын ерекше назарда ұстау керек

*Сабақ өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

*Өндірістік-санитарлық еңбек қауіпсіздігіне қаттысты ережелерін мен нұскаулар

*Талапка саи аспатармен жұмыс істеу

Технология сабагында окушыларды еңбекке баулу олардың жекке және жас ерекшелітерін ескере отырып жүргізіледі. Оку материалынң мазмұны казіргі заман талабына сай ғылыми –техникалық жетістіктердің даму денген жақындатылған болуы тиіс.Оку матералы окушыга түсінікті болу үшін әртүрлі әдістемелік құрларды жиі колдану керек.Оқушылардың жүктемесі олардың жасерекшеліктерінің ескере отырып бергендұрыс әрі ол қарапайым болганы дұрыс.

Алайда алгашқы қиындықтардың өзінде бұл қиындықтардан қалай өтуге болатыны туралы ойламастан,мұгалімнен көмек сұрамастан,өздеріне басқа жұмыс беруін өтінеді.Егер мұгалім басқа жұмыс бермесе.істеуін тоқтатады.

Бұл жағдай жұмыс істеп жаткан баска окушыга әсерін тигізу мүмкүн. Сондықтан мұғалыім оларға өздері сұраган жұмысты беріп алғашқы қйындықтар кездескенде мұғалимді шакырулары тиіс екеіндігін түсіндіреді.Окушы жұмыска толык кірісіп кеткен ше оны қасында болып, оган көмектесу қажет.Мұғалімнің негізгі міндетерінін бір-окушылардың үш токсан бойы алған білімдернің және төртінші токсанда орындаган шыгармашылық жұмыстарын нәтижелерін қортыу.

Мұғалім окушыларды еңбектенуге, алға қойған максатына қол жеткізуге және өз еңбегінің нәтижелерін көре білуге,ептілікке,аспатармен жұмыс істи білуге,бірлесіп жасаған еңбекті бағалауға үйретеді.Жумыс кезінде бір біріне көмектесут керектігін тусіндіру.

Техналогия сабагына окушылардың эстетикалық талғамдарын артыру басты орын алады.Себебі әр бір жасалган бұйым сапасын жағымен кос істетикалық жағынада тартымды болуы тиіс.Окушылар бұйымды дайындауга үлкен құлшынысыпен кірісуі тиіс.

Мұғалімнің тағы бір міндетті-окушылардың шыгармашылық жұмыска дайын дау және оларды қызықтыру. Окушыларды тапсырмаларды орындауға дайындау үшін педагогикалық ұйымдастыру, техникалық –эконмикалық дайындық пен песихалогиялық-педагогикалық талаптар сияқты шартар орындау тиіс.

Басты талап матриялдық-техникалық базаны дайындау

*еңбек құралдарын,өнделетін материал мен оның техналогиялық процесін оңтайлы таңдау

*жұмыс орның тиімді жабыктау

*окушы еңбегін өлшеу

*окушы еңбегінің мазмұны

Мұның бәрі жобалық оқытудың шығармашылық элеметерін жатады Әдістемелік талап тар

*еңбекті ұйымдастыру формалаын таңдау

*еңбекке үйрету әдістері мен жолдары

*окушылар еңбегін ұйымдастыру

Мұғалім сарамандық жұмысты оку әдістемелік материалардың көмегімен өткізу тиіс. Бұл үшін ол қосымша әдібиеттерді,бағдамаларды пайдалануы және әр түрлі ғылыми негіздермен еңбекке үйрету бағдарламасы арасындағы өз ара байланысты есепке алу керек

Жалпы білім беретін саладагы техналогия пәнін бір міндетті -окушылардың табиғатқа және табиғи байылық қа күтумен карай білуін, оку, екңбек қызыметінде белсенді экологиялық бағыт ұстауын тәрбелу. Осыған байланысты еңбек сабағында құс ұйяын және құстарға жем беретін аспалы жем салғыштарды жасатудың үлкен тәрбелік маңызы бар. Бұл процесінде 5-сынып окушылар сызу пәнімен, оның шартарымен алғашық рет танысады.Яғни,осы бұйымдардың экссизин, технолгичлық картасын сызудың ережелерін сактай отырып орындайды.

Окушыларды еңбекке баулудың жолы сан алуан.Алайда ауылдық мектептерде қолда бар құралдарды пайдалануды арқылы окушылардың қызықушылығын оятуға, сабақты қызықты өткізуге тырысамыз.Мұндай іс-әректердің өзі сыныптан тыс жұмыстың магызын артырып,окушылардың еңбек етуге ынталадырады.



Бақылау сұрақтары:

1.Құрақтың түрлерін атап бер?

2. Қазақ халқының дәстүрлі көзқарастары бойынша құрақтың қандай мағынасы бар?

3. Құрақ көрпеге қандай құрақ түрлері қолданылады?


3- лекция. Тақырыбы: Жібек таспамен кестелеудің шығу тарихы.

Жоспар

1. Кесте түрлері.

2. Жалпақ түйін тігіс.
Лекция мақсаты: 1.Жібек таспамен кестелеудің шығу тарихы мен таныстыру.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1. Кесте түрлері. Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Кесте тігу өнерінің қазақ халқында ерте кезден болғандығын архологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштері дәлелдейді. Кесте – сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнелеген ақыл-парасаттарының жауһары. Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, толықтырылып, жаңғыртылып отырды. Кестешілік дәстүрі толысып, кемелденуімен, жан сергітер әсемдігімен, өміршеңдігімен халқымыздың тірлік – тынысына мән – мағына қосып, заттық және рухани өмірін әрлей түсті, сән-салтанатын арттырып отырды.

Қазақ халқында кесте тігумен тек қана әйелдер айналысады. Қазақ қыздарына аналары ыждахаттылық пен төзімді талап ететін бұл қолөнер түрін бала кезінен үйретеді. Кесте өнерінің қыз баланың табанды, сабырлы мәнез-құлқын қалыптастыруға тигізетін пайдасы көп. Бойжеткен қыздар өздеріне арналған жасаудың кестеленетін түрлерінің бәрін өздері тігеді. Іс үстінде ісмерлігін шыңдайды. Кесте тігуге көбінесе аналарымыз қалң материалды таңдаған. Балбархыт, күліш, шұға, мәуіті, ағызу, бурлат, қалың жібек, кездемелер әртүрлі мәнерленген терілер, жұқа киіздер таңдалған. Кестеге алуан түрлі мулине жібек жіптер пайдаланылған. Кесте түрлеріне шыраштап тігу, баспа кесте, тышқан із, қайып тігу, кенебе, албыр кесте, айқас кесте, біз кесте, жіп салып тігу т.б.



Біз кесте. Біз кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Біз кесте-кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген (сызылған), ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз.

Б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет