Лекция Лекцияның тақырыбы: Композицияның сюжеттен тыс элементтері Лекцияның жоспары: Тақырыптың атауы Эпилог, пролог Көркем кеңістік пен уақыт композициясы. Лекцияның мақсаты



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата21.10.2022
өлшемі476,15 Kb.
#154466
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
9 лекция

Пейзаж және баяндау. 
Біз бұған шейін композицияның негізгі элементтеріне тоқталдық. Әйтсе де 
шығарманың құрылысы тек сол негізгі элементтермен ғана түгелденбейді. 
Олардан басқа да шығарманың құрылысына керекті толып жатқан кірпіштер 
көп. Егер олар болмаса, шығарма құрылысы бір бүтін болып шықпас еді. 
Мысалы, адам образын жасаудың әр алуан жолдары бар дедік. Олар - 
портрет, мінездеу, адамның басында болатын күйініш-сүйініштерді суреттеу т. б. 
Бірақ солардын араларын ұластыратын, қатысушылардың қарым-қатынастарын 
белгілі бір тұрғыдан көрсететін авторлық баяндаулар; оқиғаның қай кезде және 
қандай табиғат жағдайларында болғандығын көзге елестететін пейзаж болмаса, 


ешбір шығарманың құрылысы ойдағыдай шықпаған болар еді. Сондықтан бұл 
екі мәселе айрықша тоқталуды қажет етеді. 
Пейзаж 
Автор – адамды, олардың амалын және басынан өткізген күйініш-
сүініштерін суреттеумен қатар, оқиғаның болған жағдайларын да суреттейді. 
Шығармаға табиғатты не сол оқиғаның болған жерлерін де (мезгілін-жыл, ай, 
күн, ертеңгі, кешкі уақыттар) қатыстырады. 
Бір сөзбен айтқанда,табиғатты суреттеуді 
пейзаж
дейді. 
Пейзаж кейде жаратылыстың көрінісін суреттейді, кейде геройдың 
басында болған күйініш-сүйінішімен байланысып келеді, кейде оқиға қандай 
жағдайда болғанын көрсету үшін қолданылады. Кейде оқиғаның дамуына 
тікнлей қатынаста болады. (Пейзажды қолданудың мұнан басқа да түрлері 
көп.) Бірақ бұл айтылғандар мәселенің тек сыртқы жағы ғана. Шынына 
келгенде,пейзажды автор бір керегіне жаратады. Қандай пейзаж болсын, бір 
нәрсеге негізделіп алынады. Пейзаж автордың негізгі мақсатына байланысты 
болады. 
Мысал үшін бірнеше үзінділер келтірейік. 
Жаздыгүн шілде болғанда, Арасында құлын, тай
Көкорай шалғын, бәйшешек Айнала шауып,бұлтылдап, 
Ұзарып өсіп толғанда, Жоғары-төмен үйрек, қаз 
Күркіреп жатқан өзенге Ұшып тұрса сымпылдап... 
Көшіп, ауыл қонғанда: Бай «байғұсым» десін деп, 
Шұрқырап жатқан жылқының «Шақырып қымыз берсін» 
деп, 
Шалғыннан жоны қылтылдап, Жарамсақсып, жалпылдап, 
Ат,айғырлар,биелер Шапандарын белсенген, 
Бүйірі шығып ыңқылдап, Асау мініп теңселген
Суда тұрып шыбындап, 
Жылқышылар кеп тұрса, 
Құйрығымен шылпылдап, 
Таңертеңнен салпылдап...- 
дейді Абай. 
Бұл жерде Абай жаздың әдемі көрінісін суреттеумен қатар,еңбексіз 
салтанат түзеген бай ауылын және байлардың қолындағы жылқышылардың 
ауыр тұрмысын да көрсетеді. 
Реалист ұлы ақын табиғатты суреттеумен қатар, бай мен кедей 
тұрмысының айырмасын да көрмей кете алмайды. 
Кейде пейзаж оқиғаға қатысушы қаһармандардың басында болған 
жағдайын көрсету үшін де қолданылады. 
Мұнар да, мұнар, мұнар күн, 
Бұлттан шыққан шұбар күн,- 
деген үзіндіде Махамбет күнді жайшылықтағы күндерден басқаша 
суреттейді.Ханға, патшаға, би, төре,сұлтандарға қарсы күрескен еңбекші 
шаруалар жеңіліп, Исатай өліп, патшамен хан әскері елді аяусыз таптаған ауыр 
күндерді көрсету үшін, Махамбет табиғаттың өзін де ел басына туған ацыр 
халге бейімдей суреттейді. 


Пейзаж кейде сюжеттің өсу жолдарына тікелей қатынасты болып 
келеді және уақиғаның даму жолында белгілі орын алуы мүмкін. 
«Өлі жандардың» үшінші бөлімінде жауар алдындағы күннің 
күркіреуін, т.б.автор былай суреттейді: 
«Бұлт аспанды түгел қоршап,почтаның ақ шаңдақ жолына сіркіреп 
жаңбыр бүрке бастады. Ақырғы рет күннің күркіреуі бұрынғыдан әрі күшті әрі 
жақын естіледі: сол-сол екен,жаңбыр шелектеп құйғандай төкті». 
Бұл 
жердегі 
күннің 
күркіреуі, 
жауынның 
алдындағы 
дауыл,Селифанның жолдан айырылып қалуына және Чичиковтың адаса-адаса 
қаңғырып Коробочкаға келуіне себептің бірі боп отыр. 
Сөйтіп, бұл үзіндідегі пейзаж оқиға дамуындағы керекті жағдайдың 
бірі болып шығады. 
Пейзаж өткен классик жазушылардың қай-қайсысында да кездеседі. 
Пушкин, Толостой, Некрасов, Абай, Махамбет, т.б. бәрінен де табылады. 
Әсіресе Тургеневте көп кездеседі. Біз мысалға алған Тургеневтің «Әкелер мен 
балалар»деген романынан пейзаждың не әдемілерін кездестіруге болады. 
Әрине, пролетариат әдебиеті де пейзаждан қашпайды, өте шебер 
жазылған бірнеше пейзаждарды Горький және пролетариаттың т.б.ірі 
жазушыларынан да жиі кездестіреміз. Жаратылыс - адамның еңбек жасайтын 
жағдайының бірі. Ол адамға еңбек ету үшін материал береді. Жаратылыс 
адамның оған еткен әсерімен өзгереді. Жаратылыс өзгеруімен қатар,адамға өзі 
қайта және әсер етеді. Адам мен жаратылыстың арасындағы әр түрлі 
байланыстарды пролетариат әдебиеті де суреттейді. Біздің жазушыларымыз да 
адамды суретеу үшін пейзажды пайдалана отырып, пейзаж арқылы болмысқа 
өз көзқарасыен көрсетеді. 
Бұның үшін Горькийдің «Анасынан» біз үзінді келтірейік; 
Мысалға Павелдің үйіне қонақтар-оның революционер жолдастары-
жиналаған жерін алайық. 
«Алдымен Нахотка,оның соңынан ілесе Наташа кірді. Хохол оны 
шешіндіріп жатып: 
-Суық па?-деді. 
-Өте суық! Дала жел!.. 
Оның даусы саңқылдаған ашық..Аузы оймақтай,ерні үлбіреген,денесі 
жұп-жұмыр, уылжып тұрған әп-әдемі. 
Шешініп болған соң, суық сорып, қызартқан кішкене қолымен бетін 
уқалап ысып-ысып жіберді де, бөлменің ішінде,өкшесі тарсылдап, жылдамдап 
жүре бастады. 
Павелдің анасына «Галошсыз қалай жүр»,-деген ой сап ете қалды... 
Түн ортасында Павелдің жолдастары тарай бастады. Наташа да кетті. 
Жайсыз түн, жеті қараңғыда жалғыз кеткен қызды аяп, Ниловна ойға шомды: 
Оның көз алдына қарлы кең жазық елестеді. Жазықта жылмаңдаған 
сабалақ түсті ақ жорға ұйтқиды. Жіңішкелеп ысқырған суық жел гуілдейді. 
Сол жазықтың ортасында, желдің пәрмені мен аяғын әлтек-тәлтек басқан 
қыздың кішкене денесі қараңдайды. Жел оның аяғына оралады. Көйлегінің 
етегін үрлеп,делбеңдетеді. Тікендей қадалған қардың бүршігі бетке соғады. 


Кішкене аяғы қарға омбылап, жүру қиынға айналады. Әрі суық,әрі 
қорқынышты мұнарлы жазықтар ортасында, күзгі желдің қуанышты 
ойыншығы болған қаңбақ сықылды қыз алдына үңіліп қарайды. Оның оң 
жағындағы батпақта қараңғылықты жамылған меңіреу тоғай, ондағы сойдиған 
қызыл таулар мен қайыңдар көңілсіз судырлайды. Алдыңғы жағында,алыста 
қаланың сығырайған оты жылтырайды». 
Бұл бөлімде Павелдің үйінде болған жиылысты көрсете келіп, автор 
күзгі түнді суреттейді. Сол түні келіп,және қайта кеткен Павелдің 
жолдастарын суреттейді. Осы түнді суреттеу бұл жерде олардың 
революциялық күреске шын берілгенін, күштерін, ерліктерін бұрынғысынан да 
күшейтіп жібереді. Осындай жайсыз түнде аяғында галошы да жоқ Наташаның 
жиылысқа, жолдастарына келуі өз жұмысына шын берілген, қандай 
қиыншылықтардан да қайтпайтын, революцияшыл әйелдің образы екенін 
көрсетеді. Және осы образды көрсетуде пейзаж үлкен орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет