Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет63/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   292
Байланысты:
менеджмент

4. Менеджмент және кәсіпкерлік
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар. Вольфганг Хайек өзінің «Европада бизнес қалай жасалады» кітабында былай деп жазды: «Менеджмент-бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.
Американ менеджмент мектебі жақсы басшының 12 ережесін ұсынады:

  1. Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені, қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы –соңына ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды өсек пен күдік әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырды.

  2. Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.

  3. Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.

  4. Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.

  5. Басшы қатал әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштың ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.

  6. Сынды қабылдай білуі, әрі өзі де әділ сынай білуі тиіс.

  7. Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.

  8. Әзіл - оспақты түсіне білуі тиіс.

  9. Әдетте әзілдеу жақсы көңіл - күйге байланысты, ал көңілдік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.

  10. Айта да, тыңдай да білуі керек.

  11. Үнемдеуге тырысу керек. Біреуі Энштейннен былай деп сұрапты: «Сіз барлығын, тіпті ең күрделі проблемаларды формуламен бейнелей аласыз ба; Сіз өміріңіздегі жетістікті формуламен жаза аласыз ба?» Сонда Эйнштейн былай деп жазыпты: «X+Y жетістік, X - жұмыс істей білуі, Y - үнемдеуге тырысу».

  12. Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс.

Өндірісті басқаруды дамытуға XVIII ғасырдағы ірі кәсіпорынға ауысқан өнеркәсіптік революция күшті қозғау салды. Қолөнершінің бармағынан бал тамған шеберлердің орнына көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы жұмысшылар келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет