Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер



бет2/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292
Байланысты:
менеджмент
Көпбұрыштар 1-сабақ, КТП 2020 ивт, Практика 14-15, 1сабақ, sabaq zhospary, 11 а сынып, 8-9 informatics
2.Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер
2.Басқару тарихы адамзат тарихымен бірге келеді. Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты алғашқы дәуірден бастап, мамандану мен автоматтандыру ең маңызды элемент ретінде, пайда болуы қазіргі кезеңге дейін әрбір топ пен қоғамдарда “басқарушы – бағынышты және бағыну” болған. Басқаша айтқанда, адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылған ұйымдар ескіргендіктен, бұл ұйымдардағы басқару әдістерінің де ескергендігі сөзсіз. Басқару адамзат тарихымен бірге басталғанымен, басқару туралы ой-пікірлердің пайда болуы барынша жаңа болып табылады. Сондықтан да, басқаруды “өнердің ең көнесі, ғылымдардың ең жаңасы” деп те айтуға болады. Ал жаңашыл басқару туралы ой-пікірлерінің бір ғасырлық тарихы бар.
Басқарудың өз алдына өзгеше бір қызмет көрсету саласы болып түбегейлі зерттелуі өткен ғасырдың туындысы болып табылады. Жазушылардың көбі осы жаңа ұғымның 1900 жылы F.W. Taylor мен көмекшілерінің ғылыми басқару нәтижесінде пайда болды деген пікірде. Басқару теориясындағы сатыларды тарихи эволюция негізінде төмендегідей етіп қарастыруымызға болады.
Дәстүрлі басқару кезеңі
Дәстүрлі басқару кезеңі, алғашқы және орта дәуірдегі ойшылдардың іс- әрекеттері, сауда-саттығы және басқаруы туралы ой-пікірлер мен көзқарастары арқылы басқарушылардың құрған ұйымдарды да қамтиды. Дәстүрлі басқару ой-пікірді туғызған мәліметтер жиынтығы, көбіне ақыл мен логикалық талдаулармен байланысты болғандықтан, бұл философиялық сипатқа ие.
Дәстүрлі басқарудың көбіне “Автократиялық” және бақылаумен байланысты белгілі бір ерекшелігі бар. Қытай қамалының, Мысыр пирамидаларының және Рим амфитеатрларының құрылысында толығымен зорлық-зомбылыққа сүйенген басқару әдісі қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет