Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет136/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Пайымдауга негізделген шешім – бұл білімге ңемесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрынғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды.
Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.
Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Төменде басқару шешімін жасау, қабылдау және орындау кезендерінің үлгі схемасы келтірілген: шешім қабылдауың қажеттілігін анықтау


Шешімді жасаудың және қабылдаудың принципі осы схемасы, шешімді қабылдаудың «Технологиялық» процесінің енгізілу-енгізілмеуіне қарамастан, оның барлық кезеңдері мен линиясы шешім түріне байланысты. Қарапайым міндеттерді шешкен кезде аталған кезеңдердің барлығын пайдалану міндетті емес, және де керісінше, біршама күрделі міндеттерді, әсіресе перспективалық мәселелерді шешкен кезде шешім қабылдауға, әдетте барлық кезеңдер енгізіледі.


Келтірілген кезеңдердің көрсеткеніндей, басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады, әрі қабылданатын шешімге карай айқын бірізділікті қажет етеді. Алайда, кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытынды кезеңдерге бөлінеді.
Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген денгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.
Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін, жұмыскерлер тобын, жекелеген орындаушыларды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.
Басшы қалыптасқан жағдайды жете ұға білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты қалыптасады – бұл міңдетті шешу процесінің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ықпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешілетін болады.
Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалған жағдайда міндеттің шешілуі 50 пайызға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті – өндірістік-техникалык, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.
Басшы кез келген проблеманы ең алдымен ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының басқару объектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзкарасының өзі, міне, осында. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты.
Нақты мәселені, міндеттің не себепті қойылғандығын қарастырған кезде басшы жағдайды – оның пайда болу себептерін, орындауды неғұрлым тиімді ұйымдастыру мүмкіндіктерін т.б. айқындайды.
Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттың дәл, әрі айқын болуының айрықша маңызы бар. Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға түспейді, өйткені өндірісте күн сайын көптеген міндеттер туындап жатады. Сондықтан басты буын принципі бойынша міңдетті негізгі мақсатқа бағындыру қажет. Мұндайда орындауға тиісті мақсаттың да, корғалатын мақсаттың да болатындығын ескеру қажет. Мақсаттар қарама-кайшы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда да басты буын принципін ескерген жөн. Мақсаттар туралы өткен тарауларда толық баяндалды.
Мақсатты дәл анықтаудың психологиялық мәні де бар, өйткені мұндай жағдайда шешімді орындаушылар батыл әрекет ете алады.
Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.
Мәлімет көлемі қарастырылатын міндеттердің күрделілігіне, сондай-ақ шешімді қабылдайтын адамның біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты. Перспективалық шешімдерді ойластыру үшін алуан түрлі, әрі көлемді мәліметтер қажет. Жедел мәселелер, технологиялық жағдайлар туралы шешім қабылдағанда мәліметтің онша көп болуы қажет емес.
Шешім қабылдау мақсатында мәлімет жинау үшін қолда бар типтік мәліметтерді пайдаланады, арнайы жасалған нышан бойынша сұрау салады, жекелей бақылау жүргізеді, мамандармен және қаралайым жұмыскерлермен әңгіме өткізеді, қалыптасқан жағдаймен танысады, эксперттердің пікірін таңдайды. Егер мүмкіндік болса, социологиялық зерттеу жүргізеді.
Алынған мәліметтерді таңдаған кезде, оның сипатына қарай әр түрлі тәсілдерді де пайдаланады. Мәселен, сапалық мәліметтер дегенді зерттеу үшін белгілі логикалық амалдарды: салыстыруды, синтезбен талдауды, абстракциялауды, жинақтауды, индуктивтік және дедуктивтік қорытындылауды, әртүрлі дәлелдеу тәсілдерін пайдаланады.
Егер мәліметтер қалыптасса, оны талдаудың сандық тәсілдерін қолданып, мұндайда компьютерлік техника мен экономикалық-математикалық тәсілдерді пайдаланады.
Шешімдер варианттарын (баламаларын) тұжырымдау. Шешімдер варианттары санының (баламаларының) болуы проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. Бір вариантты ғана ойластырып кою, әдетте, қолайлы шешімді қамтамасыз етпейді. Мұндай жағдайда болжалдау дегеніміз, ұсыныс түрінде келіп түскен міндеттерді алдын ала сынама вариантта шешу. Алдын ала түскен вариантты шешу, әдетте, міндетті тұжырымдау кезеңінде пайда болады. Барлық варианттарды, тіпті алғашында орындауға болмайтын сияқты вариантты да қарастыру керек. Ол үшін осыған ұқсас міндетті шешкен кезде жинақталған тәжірибені пайдалану қажет. Шешілетін варианттарды таңдау үшін сандық талдауды да эвристикалық тәсіл деп аталатындығы да қолданады.
Күрделі мәселелерді шешкенде көптеген факторлар болғанда, ал шешімнің дұрыс болмауы қосымша шығынға ұшырататындықтан, міңдетті шешудің қазіргі математикалық тәсілдерін пайдалану ұсынылады.
Маркетинг принциптері негізінде кәсіпорынды басқарудың нарықтық экономикасына көшкенде, шешім қабылдар алдыңда нақты жағдайға талдау жасалады да, мұндайда кәсіпорынның қандай жағдайда екендігі анықталып, болжалдау жүргізіледі (нақты жағдайда кәсіпорын не күтеді?), сыртқы орта ықпалы (ол қандай қысым көрсететіні) анықталады.
Осыдан кейін маркетингтік синтез жүргізіліеді. Мұның мәнісі мақсат ұсыну (жағдайды түзету үшін не істеу керек?), мақсатты бағалау (неге басқалай емес, дәл осылай істеу керек?), тек содан кейін ғана шешім қабылдау.
Шешімнің қолайлы вариантын (баламасын) таңдау. Шешім варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан кейін, әр вариантты жеке қарастырады. Шешім қабылдаудың бұл сатысында әр түрлі варианттардың қиындық дәрежесі мен орындау мүмкіндігін айқындау қажет. Ең тәуір вариантты таңдау басқару шешімінің жауапты кезеңі. Іске аспайтын варианттарды шығарып тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын вариант шешімдерін қалдырады. Қолайлы шешім вариантын ақырғы таңдау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыстарды оңайлату үшін не істеу керек? Ол үшін әрбір вариантты мұқият ойластыру кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет