Конгломерат топ (толпа): Бұл кездейсоқ және бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ мүшелерден тұратын топ. Мысалы шеруге өзінің құқығын қорғау үшін емес, тек қызығып қатысқан адамдар.
Біріккен топ: Белгілі бір мәселені шешу үшін уақытша құрылған топтар
Коллетивті топ: Мақсаттары ортақ және бір мекемеде бір-бірімен байланысты жұмыстарды атқаратын адамдардан тұратын топ. Ол өзінің төмендегі ерекшеліктері арқылы мүшелерін қанағаттандыра білуі керек;
- барлық мүшелердің мақсаттарын қанағаттандыру
- бір-бірлерін психологиялық тұрғыдан қанағаттандыру
- құндылықтар, дәстүрлер, көзқарастардан қалыптасқан мәдениетті қанағаттандыру