Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


ЛЕКЦИЯ 5 - ТАЌЫРЫБЫ: ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ КОНЦЕПЦИЯСЫ



бет57/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   292
Байланысты:
менеджмент

ЛЕКЦИЯ 5 - ТАЌЫРЫБЫ: ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ КОНЦЕПЦИЯСЫ


Жоспары:

  1. Қазіргі кезеңдегі менеджменттің әлеуметтік-экономикалық негіздері.

  2. Экономиканың мемлекеттік және рыноктық секторларының арасындағы қызметтер салаларын бөлу



Лекция маќсаты: Қазіргі кезеңдегі менеджменттің әлеуметтік-экономикалық негіздері
Лекция мәтіні:
1.Қазіргі кезеңдегі менеджменттің әлеуметтік-экономикалық негіздері.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін менеджмент жүйелерінің даму концепциясы
Қазақстанда рыноктық экономиканың дамуы өндіріс дамуының жаңа басым бағыттарын анықтап берді: Қазақстанда өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өндірістен өңдеуші өндіріске өту; тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру; тұтынатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.
Осыған байланысты жоғарыда аталған міндеттерді шешудің жаңа ыңғайларын пайдалану қажеттілігі келіп туындады. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстандық өнімнің шетелге экспортын арттыру өнім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу, менеджменттің қазіргі заманғы жүйелерін енгізу арқылы мүмкін болды.
Индустриалды дамыған елдерде өндірістегі интенсивті бәсекелестік және технологиялық күрделену әлдеқашан менеджменттің қазіргі заманғы жүйелерін енгізу мен қолдауды аса қажет еткен.
Сапа менеджменті жүйелерінің даму концепциясын әзірлеудің бастапқы алғышарттары мынадай:

  • Қазақстандық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі;

  • Қазақстандық экономиканың әлемдік экономикаға ұласу шарттарын құру;

  • Жиынтық рынок жағдайында мемлекеттік органдардың, өндірушілердің, қоғамдық ұйымдардың және тұтынушылардың мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

Отандық өнімдер мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі саласындағы міндеттерді шешуге ықпал жасау үшін өкімет органдарының, мекемелердің және ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық, сондай-ақ, азаматтардың күш-жігерін біріктіру, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін Менеджмент жүйелерін құру мен қолдануға байланысты әрекетті күшейту, 2015 жылға дейінгі кезеңде бұл әрекетті үнемі жетілдіру.
1) Қазақстан Республикасында менеджменттің қазіргі заманғы жүйелерін, оның ішінде интеграцияланған жүйелерді, енгізудің бүкіләлемдік тәжірибесін пайдаланатын мекемелер мен ұйымдар санын ұлғайту.
2) мекемелерге менеджменттің қазіргі заманғы жүйелерін әзірлеу мен енгізуге көмек көрсету.
3) Менеджмент жүйелері бойынша аудиторлар сарапшыларын дайындау мен аттестациялау жүйесін жетілдіру.
4) Отандық өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі саласында қол жеткен табыстарды мадақтау механизмдерін дамыту және жетілдіру.
Қазіргі заманғы менеджмент проблемалары дегенде жаңа ұрпақ менеджменті жүйелері стандарттары үлкен роль атқарады.
Қазіргі кезде кез-келген көлемдегі, әрекет түріндегі және меншік нысанындағы ұйымдарда менеджменттің қазіргі заманғы жүйелерін әзірлеу мен енгізуге байланысты халықаралық стандарттардың бүтін бір қатары өмір сүруде – МС ISO 9001:2000 "Сапа менеджменті жүйелері. Талаптары", МС ISO 14001:2004 "Қоршаған ортаны басқару жүйелері. Қойылатын талаптар мен қолдануға байланысты басшылық", OHSAS 18001:2007 "Кәсіби қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы менеджмент жүйелері", МС ISO 22000:2005 "Тамақ өнімдері қауіпсіздігі менеджменті жүйелері. Азық-түлік тізбегіндегі кез келген ұйымдарға қойылатын талаптар. «, МС SА 8000:2001 »Әлеуметтік жауапкершілік", МС ISO 17025:1999 "Сынау және калибрлеу лабораторияларының біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар", МС ISO/ТS 16949:2002 "Сапа менеджменті жүйелері. Автомобиль өнеркәсібі мен соған сәйкес құралдар өндіретін ұйымдарда ISO 9001:2000 пайдалануға байланысты қойылатын ерекше талаптар", МС ISO/TS 29001:2003 "Сапа менеджменті жүйелері. Өнеркәсіптің мұнай, мұнайхимия және газ салалары".
Сапа менеджменті жүйелерін сертификациялау туралы ISO орталық хатшылығы есебі (2006 жылдың соңы жағдайында) көрсеткендей, МС ISO 9001-ге сәйкес келу СМЖ сертификациясы бүкіл әлемде бұрынғысынша қажет және сертификацияланған компаниялар саны ұдайы өсуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет