Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет134/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттердің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі, былайша айтқанда, шешімнің математикалық теңдеуі. Әдетте балама мүмкіндіктерінің саны шектеулі, сондықтан да таңдау ісі ұйым белгілеген бағыт шебінде болуы тиіс.
Бағдарланбаған шешім біршама жаңа, ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе белгісіз факторлар жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады: ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсарту керек.
Осы жағдайлардың кез келгенінде проблеманың нағыз себептері аталған факторлардың біреуі болуы мүмкін. Мұндайда басшының таңдауыңда көптеген варианттар болады.
Практикада таза түрінде бағдарламаланған немесе бағдарламаланбаған шешімдер сирек кездеседі, барлық шешімдер шектеулі варианттардың аралығында болады.
Осы келтірілген жіктеулер басқару шешімдерінің барлық жағын қамтымайды, алайда едәуір мәні бар. Оның өзі алуан түрлі шешімдерді түсінуді оңайлатады, әрі барлық түрін қарастыруға көмектеседі. Сонымен қоса бұлайша жіктеудің практикалық пайдасы да бар. Соның арқасында басқарудың әр түрлі буынындағы қызметкерлер жағдайды мұқият талдап, неғұрлым тиімді, әрі заңды шешімдерді таңдап алады, сондай-ақ басқарудың әр түрлі деңгейінде шығарылатын шешімдерді өзара келісуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, нақты басқару шешімдері өзінің мазмұндық ерекшеліктері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Алайда, көптеген шешімдерді өзара салыстырғанда, олардың арасында елеулі ұқсастық, занды белгілер бар екендігін аңғаруға болады.
Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы проблема қалай шешілуі керек деген сауалға жауап береді. Бұл – шешімнің маңызды бөлігі.
Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады: іс-әрекеттің бірізділігі мен реттілігі, календарлық мерзімдер (ақырғы және аралық), орындауға жауаптылар (ұйымның, қызмет адамының аты және фамилиясы көрсетілген), орындаушылар арасындағы үйлестіру және өзара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет