Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


– ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІ



бет132/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   292
Байланысты:
менеджмент

14 – ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІ


Жоспар:

  1. Менеджмент процесіндегі шешімнің ролі

  2. Басқару шешімдері туралы түсінік және олардың классификациясы

  3. Шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезеңдері

  4. Белгісіздік жағдайда шешім кабылдау.



Лекция маќсаты: Менеджмент процесіндегі шешімнің ролі
Лекция мәтіні

  1. Менеджмент процесіндегі шешімнің ролі

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міңдетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және оңдағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезіңде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өңдірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басшы сонымен қоса жете ойластыруы жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы тиіс.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәңде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б. екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді.
Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объекті: өңдіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан караудың, пайда болған проблемаларды шешудің жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы, сөйтіп бірыңғай өндірістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Басқару шешімінің маңызды талабы оның сонылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп атап көрсетеді: «шектен тек қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген болса да, шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады».
Басқару шешімінің манызды талаптарының бірі – мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.
Кез келген шаруашылық шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі тиіс. Сонымен қоса, кез келген шаруашылық шешімі дәйекті болғаны жөн. Практикалық тәжірибе ғылыми жетістіктеріне сүйенсін, яғни кез келген шаруашылық шешімі ғылыми негізделсін. Басқару шешімі жан-жақты болуы яғни шаруашылық мәселелерімен қоса әлеуметтік сипаттағы мәселелерде шешілсін.
Кез келген шешім, ол ауызша, мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы, толық қамтылуы әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілсін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет