4.Белгісіздік жағдайда шешім кабылдау. Нарықтық экономикаға көшкен жағдайда дербес әрекет етуге балама шешім варианттарын ойластыруға тура келеді. Сонымен қоса мұндай жағдайда сыртқы ортадан қауіп-қатер де күшейе түсуі мүмкін. Сондықтан да тәуекел ету экономикалық өмірдің ажыратылмайтын бөлігі болып саналады.
Оксфорд сөздігі тәуекелге «зиянға немесе шығынға ұшырау мүмкіндігі» деген анықтама береді. Шаруашылық тәуекеліне алуан түрлі анықтама беріліп келеді.
А.М.Омаровтың анықтамасы бойынша – «тәуекел дегенімізге қауіп-қатер төнген жағдайда қоғамға пайдалы нәтижеге жету мақсатында әрекет ету». Тәуекел етудің өзіндік сипаты – нәтиженің тым көп немесе мүлде шамалы болатындығының белгісіздігі. Тәуекел еткенде шешуші міндеттін қалай орындалатындығын, табысқа жету-жетпеуін күні бұрын болжау мүмкін емес. Тәуекел ету ең алдымен шаруашылық нақты жағдайдан ауытқығанда, шығынға ұшырату қатері төнгенде және сонымен қоса пайда табу мүмкіндігі туғанда пайда болады.
Жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін шешімнің өзі де, әдетте, нағыз тәуекел шешім болып саналады, сол себептен де батыл тәуекел талабы жоғары нәтижеге жету ниетін көздейді. Тәуекелсіз зор табысқа жету мүмкін емес.
Менеджментте батыл шешімге барғысы келмейтін басшы ұйым үшін қауіпті, оны тоқырауға ұшыратушы деп саналады. Әдетте батыл шешім қабылдаудан тайсақтайтын менеджерлер творчестволық ізденіске бейімсіз, шаруашылық міндеттерді жүзеге асыруға қабілетсіз адамдар ретінде бағаланады.
Практикада мәні шамалы міндеттер деген сирек болалы. Өзінің табиғаты жағынан олар мүмкін болатын, демек, тәуекел міндеттер. Мәлімет жетіспегенде және фактілер айқын болмаған жағдайда басшы түрліше таңдау жасауға тура келеді.
Отандық және шетелдік тәжірибелердің көрсеткеніндей, іскерлік тәуекел ету, белгілі бір принциптерге сәйкес әрекет ете білуге байланысты. Сондықтан да іскер басшылар батыл шешім қабылдаудан қорықпайды. «ДД» компаннясынан Джеймс Бэрктің айтуы бойынша, оның фирмасының бірден-бір қағидасы – «Сіз сәтсіздікке әрқашанда дайын болуға тиіссіз».
Тәуекел ету әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Мәселен, тәуекел пайда болу орнына қарай былайша бөлінеді:
а) шаруашылықтың өзіндігі;
б) адамның жеке басына байланысты;
в) табиғат факторларына байланысты.
Пайда болу себебіне қарай:
а) болашақтағы;
б) әріптестер әрекетінің белгісіздігі;
в) мәліметтердің жеткіліксіздігі.
Шаруашьшық тарапындағы ішкі және сыртқы себептерден туындайтын қауіп-қатерді зерттеудің елеулі мәні бар. Әрбір жағдайда басшы қабылданған шешімді жүзеге асыру нәтижесінде мүмкін болатын ұтыс пен ұтылысты таразылайды. Мұндайда шешімнің әр түрлі варианты, параметрлері, соның ішінде болмаған сандық бағасы бойынша салыстырылады да содан кейін оның ең қолайлысы таңдап алынады.
Талдау нәтижесінде қолайлы нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін, қауіп-қатерді барынша кемітетін вариантты іздестіруге болады.
Талдау барысында тәуекел ету дәрежесіне баға беріледі. Мұнда ықтималдық пен зардаптың саңдық мәні, сондай-ақ мүмкін болатын қауіп-қатер айқындалады. Осылайша қалыптасқан нақты жағдайда қауіп-қатерді меңгеретін мәліметтер аламыз.
Әуелі қауіп-қатер объектісі, содан кейін қауіп-қатер орны, оның себептері айқындалады. Содан кейін қауіп-қатерге баға беріледі.