Пікір жинау тәсілі. Проблема жекелеген міндеттерге жіктеледі. Эксперттерге қойылған проблемалар тұтастай хабарланып, солардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізуді тапсырады.
Артықшылығы: эксперттер қолайлы жағдайды міндетті шешумен шұғылдана алады.
Кемшілігі: ұсыныс талқыланбайды, проблеманы шешу көзкарасы субъективті.
«Дельфа» тәсілі» (көне Греция мифологиясы бойынша кеңес алу үшін дельфийлік оракулге жүгінетін болған). Эксперттер мен мамандардан белгілі бағдарлама бойынша сұрайды. Бұлар бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауы, әрі өз пікірлерін негіздеуі тиіс.
2-кесте
«Ми шабуылы» сеансына қатысушылар
АНКЕТАСЫ
(«Ми шабуылы» сеансынан кейін бір топ адам бірлесіп толтырады)
3-кесте
«Ми шабуылы» идеясын ұжымдық генерациялау нәтижесі бойынша «мақсат» тармағын құру
Артықшылығы: проблемадарды шешуге мамандар мен эксперттерді, соның ішінде басқа ұйымның кеңесшілерін тартуға болатындығы.
Кемшілігі: коммуникацияның жоқтығы, бағалау субъективтік сипатта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |