Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды



бет146/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану басқарудың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Осы орайда бір айта кететін жайт – нарықтық экономикаға жоспарлау қажет емес деген жалған пікірлердің пайда болуы. Расында, бұрынғы тоталитарлық жүйе кезінде пайдаланылған орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлаудың заманы өтті. Ол тұста жоспар әр қашанда директивалық құжат түрінде болған және заң күші берілген.
Алайда дүние жүзілік тәжірибеде қазіргі кезеңде нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы жоспарлауды кеңінен пайдалануда. Әсіресе, басқару жүйесінің төменгі сатысында(шағын және орта кәсіпорындарда) жоспарлау міндетті түрде енгізіледі.
Жоспарлау – басқаруды обьектісі мен субъектісінің де қоса алғандағы өндіріс дамуының перспективасын және өндіріс жүйесінің болашақтағы жай-күйін белгілейді.
Жоспарлау – жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері, бүкіл өндірістік организмді дамытудың әдістері мен формалары анықталады.
Өндірісті жоспарлау механизмінің ерекшелігі мынада: мұнда жоспарлы жұмыстың негізгі мақсатымен, қоғамдық қажеттерді қанағаттандырумен диалектикалық байланысы нақты қойылуға тиіс. Жоспарлау жұмысының кеңестік – уақыт жөніндегі ерекшеліктері белгілі бір ауқыммен шектеледі. Өндіріс учаскесінің жоспарлау функцияларын атқару үшін лауазымды адам қажет, ал осы функцияны бірлестік деңгейінде атқару үшін функционалдық жоспарлаушы басқару органдары тұтас құрылады. Алайда жоспарлаудың мәні мен технологиясы барлық басқару обьектілері үшін бірдей. Өндіріс учаскесінің, цехтың жұмысын жоспарлау, мысалы, бірлестік жұмысын жоспарлаудың бүкіл технологиясын кейбір шағын мөлшерде ғана көрсететін тәрізді.
Жоспар – шешімді әзірлеу, негіздеу және қабылдау процесінен тұрады, ол процестер өндірісті дамыту жоспарлары түрінде рәсімделінеді.
Жоспар – сайып келгенде неге қол жеткізу екенін ғана емес, сонымен қатар, мұны қалай істеу керек екенін, жоспардың негізгі көрсеткіштері қандай және оны орындау уақыт пен кеңістік бойынша қалай өрістетілуге тиіс екенін көрсетеді.
Басқарудың негізгі функциясы ретінде жоспарлау: өндірістің болашақтағы дамуын анықтауды, алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін, болуы ықтимал зардаптарын көре білуді қамтиды.
Президент Н.Ә.Назарбаев жоспарлауды басқаруда молынан пайдалануды өте қажет деп санайды. Ол атап көрсеткендей:«Біз тіпті дамудың үш жылдық немесе тоқсаннан екінші тоқсанға, бір жылдан екінші жылға қарай бағытсыз өте беруімізді тоқтатқанымыз жөн. Міне, сондықтан жоғарғы экономикалық кеңес 2025-2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді, саясат пен дамудың стратегиясын талдап жасауға күш жігерін жұмылдыруға тиіс. Ал, Үкімет дамудың бес жылдық және жылдық индикативтік жоспарларын әзірлеуге кірісетін кезі келеді және осы жұмысқа бүкіл атқару өкіметін және жеке секторды тартуға тиіс».
Әлеуметтік-экономикалық дамуды аймақтық басқару біздің республикамызда жаңадан дамып келе жатқан экономикалық әдістер тобына жатады. Аймақтық басқару келесі сатыға көтерілді. Оған дәлел жалпы еліміздегі және жергілдікті жерлердегі реформаларды тереңдету мәселелеріне арналған барлық деңгейдегі әкімдердің республикалық кеңесі(маусым-1996ж).
Бұл кеңесте президент Н.Ә.Назарбаев реформалардың табысты болуы оған аймақтардың белсенді қатысуына байланысты деп атап көрсетті. Аймақ әкімдерінің алдындағы экономикадағы ең басты саяси міндет – барынша қысқа мерзім ішінде жекешелендіруді аяқтау, өндірістегі меншікті ретке келтіру. Меншіктің кәсіпорындарды дағдарыстан шығаруға қол жеткізе алатын, жақсы менеджментті ұйымдастыра алатын адамдардың қолына көшуі барлық жағдайды жасауы қажет.
Басқару теориясы бойынша, басқарушы органдардың құрылымы атқаратын функцияларына сәйкес болуы керек. Сондықтан қазіргі кезеңде орталық пен аймақтардың қаржы жөніндегі өзара қарым-қатынастарын қайта құру керек. Сонымен қатар, ең алдымен инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу – көліктік қатынас жолдары мен коммуникацияны, сауда жолдарын дұрыстап реттеуді және т.б. талап етеді.
Мемлекеттік реттеу – басқарудың экономикалық әдістеріне жатады. Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың алғашқы кезеңдерінде мемлекет ол процеске әсер етуге тиісті. Оны ол өз қолындағы басқару тұтқалардың пайдалануымен іске асырады. Мысалы, несие беру негізінен алғанда: жоспарланбайтын, орталықтандырылмаған және ішінара күрделі қаржылары орталықтандырылған салаларға, бірлестіктерге, кәсіпорындарға қолданылады. Несие беру күрделі құрылыстың, кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға жәрдемдеседі.
Тұтқалардың бір түрі баға белгілеу. Бір тұтас баға саясатын жүргізу нарықтық экономика тұсында шарт емес. Дұрыс баға белгілеу жүйесі кәсіпорындардың өнімді жаңарту мен оның сапасын жақсарту және ғылыми-техникалық прогресті жеделдету мүдделігін күшейтуге тиіс.
Жалпы айтқанда қандай ел болса да оның әлеуметтік-экономикалық дамуы, нарықтық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік реттеусіз болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет