Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет145/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Шаруашылық механизмі – шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдісі. Бұл шаруашылық механизмі ұғымы кез-келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің мәнін ашып көрсетеді. Шаруашылық механизмі ұғымына мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеу үшін жағдай жасауды білдіреді.
Шаруашылық механизмі, басқаша айтқанда, өндірістік қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді деген сөз. Яғни шаруашылық механизмі ең алдымен өндірушілердің, содан соң тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені бұл орайда негізгі элемент: біріншісі үшін зала шекпеу, екіншісі үшін өнімді пайдалану тілегі, үшіншісі үшін салық салу мен гүлдену тілегі өлшем болады. Сонымен, шаруашылық механизмі ғылым тұрғысынан алғанда нарықтық механизмге өте жақын деуге, ал іс жүзінде оларды бір-бірімен балауға болады.
Сондықтан экономикамыздың нарықтық қатынастарға бет алуы іс жүзінде ең алдымен жаңа шаруашылық механизмнің енгізілуіне байланысты. Бұл орайда мыналарға:

  • Кәсіпорындардың залалсыз жұмыс жасауына;

  • Пайдасы жоқ дотациялардың тоқтатылуына;

  • Басқалармен салыстырғанда, ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін енгізетін кәсіпорындардың экономикалық айқындамаларын күшейтуге, яғни ғылыми-техникалық прогрестің енгізілуін ынталандыруға;

  • Өндіруші жөнінде де, тұтынушы жөнінде де, экономикалық мүдде категорияларының пайдаланылуына;

  • Мемлекет арқылы қоғамның экономикалық айқындамаларын күшейтуге;

  • Кәсіпорындардың шын мәнінде нәтижелі жұмыс істейтін ұжымдарының тұрмыс деңгейін күрт көтеруіне және т.б. қол жеткізуге болады.

Сонымен, қалыпты өндіріс пен тұтынуды қамтамасыз етуге бағытталған шаруашылық механизмі нарықтық механизмге өтпей қоймайды деген қорытынды жасауға болады.
Шаруашылық механизмі нарықтық механизмге көшетін нарық жағдайында экономиканы басқару дегеніміз – қоғам алдында тұрған мақсаттарға бағытталған заңдар арқылы және экономикалық заңдарды мейілінше жақсы пайдалану жағдайында қоғамдық қондырманың мейілінше ұтымды, экономикалық жағынан дұрыс ықпал жасауы болып табылады. Мұндай көзқарас ғылыми принциптерге негізделеді, ал олардың болмауы стимулдар жоқ және мақсатқа жету мүмкін емес екенін дәлелдейді.
Тұтынушы, өндіруші және қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асырудың механизмі басқару құрылымынан тыс өмір сүре алмайды. Сондықтан мұндай құрылымдар қажет. Басқарудағы еңбек бөлінісінің формасын басқару құрылымы деп түсіну қажет, ал бұл форма басқарудың белгілі бір функцияларға бөлінуін баянды етеді. Бұл орайда басқару құрылымы элементтерімен және олардың байланыстарымен сипатталады.
Элементтерге:

  • Басқару қызметкерлері;

  • Басқару техникасы;

  • Басқару органдары жатады.

Басқару қызметкерлеріне басқару функциясының белгілі бір бөлігін орындайтын индивидтер(адамдар) жатады.
Басқару техникасына жататындар – басқару процесі үшін қажетті еңбек құралдарының жиынтығы.
Басқару органдарына басқару еңбегінің бөлінісі қатынастарымен байланысты қызметкерлер тобы кіреді. Басқару органдарының жиынтығы бұл ретте басқару органдарының жүйесін құрайды.
Мұндай басқару органдары жоғары және төмен тұрған, тең құқықты органдарға бөлінеді. Бұл олардың басқару құрылымындағы жағдайына да байланысты. Басқару құрылымы басқару органдарының арасында бар байланыстар арқылы сипатталады.
Барлық нарықтық құрылымдар кез-келген жағдайда белгілі бір принциптерге бағынатынын атап өту қажет. Бұл қағидалар басқару аппараттарына қойылатын талаптардан өз көрінісін табады. Бұл – ең алдымен басқару аппараты құрылымының оңтайлылығы, одан соң – құрылымды аңғарудың оперативтілігі экономикалық дербестік шеңберінде және шаруашылық механизмі анықтайтын жағдайда жұмыс істеудің сенімділігі мен басқару тиімділігі.
Қаралып отырған мәселеге байланысты еске ала кететін бір жай – шаруашылық механизмі нарықтағы белгілі бір талаптарға сай келуге тиіс. Нақтылы айтқанда олар:

  • Біздің санамыздан тыс әрекет ететін экономикалық заңдардың қолданылу шеңберінде оның толық сәйкес келуі;

  • Шаруашылық механизмнің ғылыми негізділігі;

  • Механизмнің іске асырылуы экономикалық мүдделер негізінде жүргізілуі тиіс;

  • Қоғамда әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер механизмін жасау;

  • Барлық деңгейдегі басқару обьектілерінің мүдделерін біріктіру мен үйлестіру;

  • Шаруашылық механизмін түбірінен өзгертпей-ақ одан әрі икемді ете түсу;

Жалпы алғанда, ұғым ретінде шаруашылық механизмі нарықтық механизмге толық үйлеседі деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет