Морфологиялық тәсіл (элементтер бойынша талдау). Проблемалар көптеген міндеттер мен мәселелерге (элементтерге) жіктеледі. Әрбір шешімдер белгіленеді, осыдан кейін олар салыстырылады. Содан кейін шешім таңдап алынады да, тұтастай проблеманы шешу үшін жинақталады.
Артықшылығы: проблема мәнін терең түсінуге және ұғынуға мүмкіндік береді.
Кемшілігі: шешілетін проблема аясының тым тарлығы.
Шешім қабылдаудың кез келген тәсілінде ақырғы вариантты таңдау, соған тікелей жауап беретін басшының билігінде.
Қабылданған шешім арнайы құжаттарда – бұйрықтарда, жарлықтарда, қаулыларда, нұсқауларда, хаттамаларда көрсетіледі. Басқару шешімінің де шамалы болатындығының белгісіздігі. Тәуекел еткенде де, кез келген нышанында айқын әрі белгілі мақсаты, дәл мекен-жайы, орындау мерзімі, орындау жолдары мен амалдары болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |