Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет180/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Мотивация (М)=( 3-Р)+(Р-В)+(В-В)



Куту неғұрлым жоғарғы нәтижеде қанағаттандырылса, мотивация соғұрлым жоғары.
Еңбек шығындары – нәтиже қатынасында күту – бұл жұмсалған күш жігермен алынатын нәтиже арасындағы нәтиже арасындағы қатынас. Мысалы: коммивоятор аптасына 10 адамға артық телефон соқса, онда сату көлемі 15% өседі деп күтеді. Егер ол басшылар талап еткен барлық есеп берулерді жазса. Кәсіпорындағы жұмысшы аз шығынмен сапалы өнім жасаса, өзінің дәрежесін өсуін күтеді. Әрине мысалдағы адамдар өздерінің іс-әрекеті үшін келешіктен ешнәрсе күтпеуі де мүмкін. Егер адамдар жұмсалған күш жігерімен нәтиже арасында тікелей баланыс жоқ екенін сезетін болса, күту теориясына сәйкес мотивация бәсеңдей түседі [3].
Күту теориясында мотивацияны анықтайтын 3-ші фактор – бұл валенттілік немесе марапат бағалығы валенттілік – белгілі – бір марапат алу нәтижесінде қанағаттану немесе қанағаттанбау деңгейі. Түрлі адамның қажеттілігі түрлі болады және марапаттардың деңгейінде әртүрлі болады. Қол жеткен нәтиже үшін жасалған марапат біреуге маңызды болса, біреуге ол тіпті қажет емес.
Адам қажеттілігі әртүрлі болғандықтан, нақты марапаттауды олар әртүрлі бағалайды. Сондықтан ұйым басшылығы беретін марапатымен жұмысшылардың қажеттілігін үйлестіруі қажет, көбінесе марапаттау жұмысшылардың оны бағалауынан бұрын беріледі.
Мотивация тиімді болуы үшін менеджер жеткен жетістікпен марапат арасындағы қатаң тәртіпті орнатуы тиіс. Осыған байланысты марапатта тең тиімді жұмыс үшін беру қажет.
Менеджер жоғары, бірақ қол жеткізуге күшінің болатын нәтижелер деңгейін жасауы тиіс. Өз бағыныштыларына егер күш жұмсаса орындалатындығы туралы сенімділік қалыптастыруы тиіс. Жұмысшылар өздерінің күштерін басшының одан күтуіне байланысты бағалайды.
Эксперименталды зерттеулер көп жағдайда күту теориясының дұрыстығын дәлелдеуде. Көптеген мамандар күту теориясының техникалық тұжырымдаманың және әдістемелік негіздерін әлі де толықтыра түсудің қажеттігін айтуда.
Айтылғанның бәрі күту теориясында еңбек сапасын көтеру және оның өзінің сұранысын қанағаттандыруға шын мәнінде жағдай жасайтындай, басшының оны ескеретіндігіне сенімді болу қажеттілігі ерекше көрсетілген. Күту теориясынан шыға отырып, жұмысшы ұсынылған сыйақы нәтижесінде маңызды деңгейде қанағаттана алатын сұраныстары болуы керек деген шешім шығаруға болады. Ал басшы жұмысшының күтетін сұраныстарын қанағаттандыра алатын ынталандырып отыруы қажет .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет