Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет36/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Жүйе дегеніміз не?: Негізі грекшеден алынған және бөлшектер құраған бүтін мағынасын беретін жүйе сөзі, қазіргі күнде кең және қарапайым түрде “тек бір бүтін құрайтындай түрде бір жерге топтасқан өзара байланыстары мен тәуелдіктері бар элементтер тізбегі” немесе “элементтер бір-біріне бағынышты, өзара ықпалдас бүтін” мағынасында қолданылады. Жүйенің кең қолданылатын анықтамасы мынадай:

  • “Белгілі бөлшектерден (төменгі жүйелерден, төменгі бөлшектерден),

  • Бұл бөлшектер арасында белгілі байланыстары бар,

  • Бұл бөлшектердің сонымен қатар сыртқы ортамен байланысы бар бүтінді ” - жүйе дейді.

Жоғарыда жасалған анықтамалардан түсінгеніміздей “жүйе” – байланыстар бүтіні. Бүтін өзін-өзі құраған бөлшектердің жалпы жиынтығынан асатын және осы бөлшектерге мағына беретін құрылымды білдіреді. Құрылымды құрайтын бөлшектердің біреуінің өзгеруі, жүйенің бүтіндігінің қажеттілігі ретінде жүйені де өзгертеді. Бұл жағдай жүйенің элементтері арасындағы байланыстардың табиғи нәтижесі болып табылады.
Басқарудағы жүйе көзқарасында ұйым бір жүйе ретінде қабылданғандықтан, бұл жүйенің төменгі жүйелер арасындағы байланыстарға мән берілуі керек. Жүйе көзқарасында ұйым, бір-бірлерінен өзара байланыстағы төменгі жүйелерден пайда болған және қоршаған ортамен де кіріс-шығысты байланысы бар жүйе болып табылады. Тағы да жүйе көзқарасында ұйым, бедел, иерархия, құрылым, бюрократиялық элементтерден гөрі сыртқы ортадан алынған мәлімет, қуат және материал айналымына мән беріледі. Ақырында Аристоның “бүтін, бөлшектердің жиынтығынан көп” деген пікірі жүйе көзқарасының негізін құрайды. Бұл көзқарастар ұйым бөлшектер жиынтығынан ғана емес, олардың жиынтығынан өзгеше бір бүтін болып табылады. Осы көзқарас бірнеше бүтіннің мәні бар. Бөлшектің бүтінге қосқан үлесіндей пропорционалды мәні бар.
Жүйенің негізгі екі типі болады: жабық және ашық. Жабық жүйенің белгіленген нақты шекарасы болады, оның іс-әрекеті қоршаған орта жүйесіне біршама тәуелсіз. Мәселен, кәдімгі сағат – жабық жүйе. Оны бұрағанда тетіктері тоқтаусыз, әрі дәл жүретін болады. Сағатта жиналған энергия көзі болған кезде, оның жүйесі қоршаған ортаға тәуелсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет