Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


ЛЕКЦИЯ 4. ТАЌЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ



бет44/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   292
Байланысты:
менеджмент

ЛЕКЦИЯ 4. ТАЌЫРЫБЫ: МЕНЕДЖМЕНТ ЭВОЛЮЦИЯСЫ.


Жоспары:

  1. Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі: ғылыми мектебі, әкімшілік мектебі, адамдар арасындағы қарым-қатынастар мектебі, тәртіптілік мектебі, басқару ғылымы мектебі немесе сандық әдістер мектебі

  2. Ғылыми басқару мектебінің құрылуы мен дамуы, оның негізін салушылар

  3. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебінің өкілдері

  4. Адамдар арасындағы қарым-қатынастар мектебі, оның өкілдері

  5. Басқару ғылыми мектебінің сипаттамасы



Лекция маќсаты: Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілдерін қарастыру
Лекция мәтіні:
1. Басқарудағы әртүрлі мектептерді бөлу позициясының тәсілі: ғылыми мектебі, әкімшілік мектебі, адамдар арасындағы қарым-қатынастар мектебі, тәртіптілік мектебі, басқару ғылымы мектебі немесе сандық әдістер мектебі
Басқару ұғымы бір ғасырдан аса осы уақытқа дейін дамып келе жатқан ұғым. Экономикалық мақсатқа сүйеніп құрылған кәсіпорындардың қаржылық, технологиялық жұмыс күшінен тұратын көздерінің ең ыңғайлы түрде басқаруын түсіндіреді. Мұндай анықтама ХVІІІ ғасырдан басталған өнеркәсіптік кезеңде өндіріске негізделген ірі кәсіпорындардың жоқ болғандығына сүйенеді. Бұл жағынан алып қарағанда техникалық дәуірдің басталуына дейінгі ұзақ тарихи өтпенді “кәсіпорын ұғымынан бұрынғы дәуір” немесе “ғылыми басқарудан бұрынғы дәуір” түрінде қарастырамыз. Сонымен қатар, бұл дәуірлерде басқарушы және басқарылушы адам немесе қоғамның бар екендігіне назар аударсақ, басқару ұғымының көне дәуірлерді, тіпті алғашқы қауымдық құрылыс кезінде де бар екендігіне шек келтіре алмаймыз. Әлеуметтік ғылымдармен техникалық ғылымдардың пайда болу және дамуы жағынан маңызды өзгешеліктері бар техникалық ғылымдар ойлап табуға сүйенеді және жаңалықтар табумен басталады. Бұл жаңалықтар дамытылып ауқымды түрде қолданылатын дәрежеге жеткізіледі. Ал әлеуметтік ғылымдар, қоғамдық іс-шаралардың маңызды әрі ортақ жақтарының белгілі бір теория түрінде қалыптасуын қадағалайды; басқаша айтқанда қоғамдық оқиғаларды анықтауды және түсіндіруді мақсат етеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанымызда басқару, әлеуметтік білім саласы болып табылады. Тарих бойынша қоғамдардың жүйелі түрде әрекет етулері жайында маңызды әрі толымды қорытындылар жасалынған. Әлеуметтік ғылымдар саласы, бұл жүйе мен түр түсінігін кейбір мақсаттармен байланыстыра отырып түрлендіру негізіне сүйенеді. Ал кәсіпорында басқару - әлеуметтік ғылым саласы болумен қатар техникалық ғылымдар тарапынан дамытылған бірнеше әдіс-тәсілді пайдаланғаны үшін бұл ұқсастық жағын алып қарағанда өзгеше бір көрініс береді. Сонымен, кәсіпорынды басқару, әлеуметтік оқиғаларды белгілі бір салада зерттейтін және бұл бірлесу бойынша жалпы басқару әдісінің бір саласы болып табылатын, бірақ қолданатын техникалық әдістерінің әсерінен ескі басқару түсінігінен ауқымды өзгещелігі (айырмашылығы) бар және күрделі бағыт-бағдарға ие ғылым саласы болып табылады.
Бүгінгі таңдағы қоғамға өте ауқымды жауапкершілік міндеті жүктелген. Халықаралық ерекшелік, басқару жүйесі ауқымының тарылуына кедергі келтіруде. Тек фабрика немесе дүкен секілді кәсіпорында ғана емес, сонымен қатар үйлерде, түнгі клубтарда, діни ұйымдарда, спорт клубарында да басқару ісі бар. Осы тұрғыда басқару ұғымының анықтамасын берер болсақ, басқару, “белгілі мақсатқа жету үшін басқалармен ынтымақтастық жасау” болып табылады. Басқару – ең алдымен белгілі бір мақсатқа басқалармен бірге жету, немесе басқаларға жұмыс істету іс-шарасы. Басқаша айтқанда, бір мекемеде мақсатқа жету жолында жасалған іс-шаралардың жүйеленуі. Мұндай жағдайда бір немесе бірнеше мақсаттың болуы және осы мақсатқа жету негізгі мәселеге айналғанда басқару туралы айтуға болады.
Сонымен басқару – белгілі мақсаттарға бағытталған, адамдық және психологиялық-әлеуметтік ерекшелігі бар процесс. Басқару процесінде қызмет атқаратын яғни ортақ іс-шараларға қатысатын адамдар жұмыс беруші және жұмысшы, басқарушы және бағынушы, бастық және қызметкер т.б. әлеуметтік айырмашылықтарға бөлінеді. Әрдайым басқару процесінде қызметкерлер және басқарушылар орын алады.
Басқару теориясының дамуы
Басқару теориясының дамуы зерттелгенде өте ескі еместігі айқындалады. Негізінде кәсіпорындардың ерте пайда болу себебінен олардың басқару жүйесі де ескі болады. Тек қазіргі заман тлабына сай кәсіпорынның бақару жүйесі ғана жаңа. Әсіресе ХVІІІ ғасырда кәсіпорындардың үлкею нәтижесінде жаңа қарым-қатынастар көріне бастады. Мұнда басқарудың дамуын жалпы көзқараста емес уақытпен санаса отырып зерттеу қолайлы болады. Басқарудың сатылары төмендегідей:
Жаңа басқарудан бұрынғы кезең (1880 жылға дейін)
Бұл кезең “адамдардың іскерлік қызметтері” арқылы басталған және 1880 жылы ғылыми түрде зерттелгенге дейін жалғасып келген. Жаңа басқарудан бұрынғы кезеңде жұмысшылар дерлік өз бақылаушыларына бағынышты және автократиялық қарым-қатынаста болған еді. Ескі Мысыр пирамидалары сол дәуірде салынған. Сол кезде адамдарға жұмыс істету үшін күш жұмсау әдет еді. Рим империясы тұсындан қоғамда, басқарушылардың Рим қаласынан болуықарапайым адамдардан артықшылығын білдіретін еді. Бұл кезеңде басқару ұғымдарын қамтитын шоғырланған мәселелерді зерттеуге қажеттілік болмады. Әрбір адам тек жауапкершілікті бір позицияға ие болу қажеттілігін сезінетін еді. Ал, жауапкершілік – сол дәуірдің әлеуметтік, экономикалық жүйелерінде күш және бақылау болып есептеледі.
Жаңа басқару дәуірі
Жаңа басқару дәуірі 1880 жылдардан басталып бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Бұл дәуір төмендегідей топтарға бөлініп зерттеледі.
Классикалық басқару көзқарасы
Классикалық басқару теориясы туралы үш көзқарас бар. Олардың біріншісі Фридрих Тейлордың жетекшілігінде болған ғылыми басқару (); екіншісі Генри Файелдің Басқару процесі көзқарасы және үшіншісі Макс Вебердің Бюрократиялық көзқарасы. Классикалық басқару теориясының іс-шаралары 2 нүктеде түйінделеді. Біріншісі, … жұмыстарын жүргізгенде құрылғыларға қосымша ретінде адамдардың тиімді және өнімді жұмыс істеуі, ал екіншісі типтік ұйым құрылымының қалыптасуы. Тейлордың ғылыми басқару көзқарасы бірінші нүктеде, ал басқару процесі көзқарасы мен бюрократиялық көзқарастар екінші нүктеде шоғырланады. Классикалық теория анық және таңдаулы түрде тиімділік пен өнімділіктің арттырылуын жүзеге асыруға тырысады. Сол үшін әр жерде қолданылатын бірнеше принциптер шығарылып, жетілдіре басталған, өнімділіктің артатындығын түсіндірген. Нәтижесінде, мұндай принциптер универсалды бір сипатқа ие.
Дүниежүзілік басқару эволюциясы, біздің заманымыздан қазіргі күнге дейін ұйымды басқаруда жаңадан әдістер пайда болды. М.Х. Месхон, М. Альберт және Ф. Хедоури қазіргі заман мен бұрынғы ұйымды салыстырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет