Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет47/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   292
Байланысты:
менеджмент

1. Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оныц әp6ip элементің ғылыми тұрғыда зерттеу. Ол былай деді: басқаруда да көпір салу секиілді асқан дәлелдік керек.
2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу.
3. Енбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы
ынтымақтастық.

  1. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.

Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіп қоя отырып, Ф.Теилор жұмысшы еңбек мен өндіріс құралдарын паидалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әp6ip операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б. көздеді,
Ф.Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әp6іp операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге және де хронометраж көмегімен жұмыстың неғұрлым прогрессивті әдістерін анықтау болатындығын дәлелдеді Ф.Тейлор жүйесінде еңбек қарқынының артатындығы соншалық, жұмысшылардың күш-қуатын қалпына келтіруге мүлде дерлік уақыты болмайды екен. Тиімсіз қозғалыстарды жоя отырып, Ф.Тейлор «ең қолайлы» жұмыс тәсілін жасады. Осыған орай жекелеген жұмысшылардың мамандығын ескере отырып, олардың еңбегін мамандандыру, неғұрлым тиімді жұмыс амалдарын пайдалану үшін жұмысшыларды баулу және жаттықтыру қажеттілігі туды.
Жұмыс уақытын дәл есептеу еңбек құралдарын, жұмыс операциялары мен қозғалыстарын стандарттауды, нұсқаулық карталарды еңгізуді және жұмыс барысын бақылауды қажет eттi. Мұның өзi өндірісті жоспарлағанда басқаруға өзгepic еңгізуге, цехтарды басқаруды қайта құруға мүмкіндік берді. Линиядағы 6ip мастердің орнын әр түрлі жұмысты атқаратын сегіз мастер орындады. Цехта тікелей 4 мастер жұмыс істеді: инспектор жөндеу жөніндегі мастер, жұмыс ырғағын белгілейтін мастер, бригадир. Қалган мастерлер «үйлестіру бюросы» деп аталатындар маршруттармен, нұсқау әзірлеумен және есеп берумен, өзіндік құнды анықтаумен, тәртіп мәселелерімен т.б. шұғылданады. Тейлор еңбек ақы жүйесіне де түбегейлі өзгepic енгізді . Оның өзi белгіленген норманы орындауына қарай жеке дара жүргізілді.
Ф.Тейлор жұмысындағы басты жүйе — жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін және де осыған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімінің дәл осы жағы өнеркәсіп орындарында жаппай қолданыдды.
XX ғасырдың 20-шы жылдары Ф.Тейлордың көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары Генри Гантт, Фрек Б.Гилберт, Лилиан Гилберт, Хрейс Хеэуй, Сенфорт, Харригон, Эмерсон, Г.Форд т. б. болды. Гильберт прибор ойлап шығарып, оны микрохронометром деп атады. Оны кинокамерамен қоса қолданып, белгілі 6ip операцияда қандай қозғалыстардың атқарылатындығын және де олардың әрқайсысы қанша уақыт алатындығын дәл анықтау үшін пайдаланды. Осылайша алынған ақпараттарға (информацияларға) сүйене отырып, олар артық өнімсіз қозғалыстарды жою мақсатында жұмыс операцияларын өзгертті, әpi стандартты процедуралар мен жабдықтарды пайдаланып жұмыс тиімділігін арттыруға тырысты. Г.Эммерсон 1953-1931 ж.ж. ойлап шығарған «өнімділіктің 12 принципін жұртқа кеңінен мәлім болды (1912 ж). Мұнда ол кәсіпорынды басқарудың принциптерін қарастырды әpi тұжырымдады: Г.Эммерсонның пікірінше, мұндай принциптерге мыналар жатады:
1. дәл тұжырымдалған мақсат, басқарудың барлық деңгейінде бұған жетуге әp6ip басшы мен оның қол астындағылар ұмтылады;

  1. болашақ мақсатты ескере отырып, әp6ip жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу;

  2. 6иліктi кеңес беру — өндіріске және басқаруға байланысты арнайы білімнің қажеттілігі және барлық мәселеде біліктi кеңес бірлесіп ақылдасқанда ғана нәтижелі болады;

  3. тәртіп — барлық ұжым мүшелерінің белгілеген тәртіп ережеге бағынуы;

  4. қызметкерлерге әділ төрелік;

  5. басшыны қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін жедел, сенімді, толық, дәл және тұрақты есеп;

  6. ұжым қызметін мұқият, жедел басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік жұмыс;

  7. ұйымдастырудағы бүкіл кемшілікті дәл белгілеуге және одан келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін нормалар мен жұмыс кестелері;

  8. ең тәyip нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт, күш-қуат және өзіндік құнның үйлесімдерін қамтамасыз ететін жағдайларды қалыпқа келтіру;

  9. уақытты белгілеуді және әp6іp операцияның кезегімен орындалуын ұсынған операциялар нормасы;

  10. атқарылатын жұмыстардың барлық ережесін нақты бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;

  11. әp6ip жұмысшылар еңбегін көтермелеу мақсатында еңбек өнімділігі

үшін сыйлыққа ақы төлеу.
Г.Эммерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің кажеттілігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әcipece, тиімділік тұрғысынан рационализациялауды (ұтымды етуді) қарастыруы (ол алғаш рет енгізген ұғым) ерекше коңіл аударарлық. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап көрсетті.
Өнеркәсіп орындарындағы өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен классикалық мектептің өкілі Г.Форд шұғылданып, Тейлор жүйесін пайдалануды одан әpi жетілдірді. Ол ФТейлор принциптерін негізге ала отырып, оны көпшілік өндірісте қолданды. Г.Форд бұйым өңдеу жөніндегі операцияларды қарапайым қозғалыстарға дейін (мамандандырылмаған механикалық операция) жіктеуге тырысты. Мұның өзi өндірісті ұйымдастырғанда бұйымның 6ip операциядан келесі операцияға жылжуы жұмысының біліктігіне қарай емес, тек машинаның операцияны атқару уақытына тәуелді болатындай етуіне мүмкіндік берді. Жаппай өндіріс өнімнің өзіндік құнын едәуір кемітуге ықпал eттi. Өндіріс процесін мұқият ұйымдастыру басқару жүйелерін тиісінше ұйымдастыруды қажет eттi. Осы мақсатта Г.Форд басқаруды ұйымдастырудың мынадай принциптерін қолданды:

  1. барлық өндіріс процесін, ондағы сатыларды, байланыстарды дәл есептеу және жоспарлау;

  2. жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау;

  3. шикізаттарды, материалдарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу;

  4. өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру;

  5. өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.

Өндірісті ғылыми басқару концепциясы елеулі өзгepicтi кезең болды, соның әсерінен басқару ici ғылыми зертгеудің дербес саласы ретінде танылды. Басшылар — практиктер мен ғалымдар ғылым мен техникада пайдаланатын тәсілдер мен әдістерді практикада ұйымдастыру мақсатына жетуде тиімді қодлануға болатындығына тұңғыш рет көздері жетті. Дәл осы кезеңде «басқару жөніндегі кеңесшілер» немесе «еңбек өнімділігі мәселесі жөніндегі сарапшылар» секілді жаңа мамандықтар пайда болып, тез етек алды, күн өткен сайын, әр түрлі мектептер, колледждер, басқару жөніндегі семинарлар саны көбейді жоғары оқу орындарында: «Кәсіпорынды басқару туралы» «Өнеркәсіпті басқару туралы» курстарды оқыту ұдайы жүргізіле бастады, басқаруды ұйымдастыру проблемасын зертгеуге ғалымдар көптеп тартылды, «ғылыми басқару» мәселелер" бойынша жарияланымдар көбейді т.б.с
"Ғылыми басқару" қозғалысы АҚШ-тан тыс жерлерге қанат жайып, Германияда, Англияда, Францияда, Швецияда және басқа да еуропалық елдерде кеңінен мәлім болды, мұның өзі оларды «басқару», «ғылыми басқару», «рационализация», «еңбекті ғылым ұйымдастыру» т.б. аттарымен жарияланды. Егер әуелде тек өндіріс табыстарына бизнеске ғана көңіл бөлген болса, кейіннен адамдар қызметінің барлық саласында бірдей қолданылатын басқаруды ұйымдастырудың «ғылыми принциптері» концепциям қалыптасты 5. Басқарудың классикалық немесе әккімшілік мектебі (1920-1950)
Ғылыми басқару өкілдері өз зерттеулерін негізінен өндірісті басқаруға арнады. Олар басқарылатын деңгейден төменгі сатыдағы еңбек өнімділігін арттырумен шұғылданды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет