Наурыз бақыттың бастамасы! Жүргізуші



Дата29.01.2018
өлшемі66,12 Kb.
#36153
Наурыз бақыттың бастамасы!
Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып,

Әнші құсты сайратып.

Наурыз келді ағайын,

Ұлыс күні ақ болсын!

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз мерекесін ән шашудан бастайық.



Ән: Айгөлек!

Айгөлек.

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағымда.

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағымда.

Ойын ойнап ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?

Қ\сы

Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек деп ән шырқап,

Би билейміз дөңгелеп.

Би: Қамажай!

Жүргізуші: Үш бидің батырларға берген батасынан көрініс.

Абылай хан: Уа халқым! Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр.Ел тыныштығын ойлап батырларымыз жорыққа аттанбақшы.Батырларымызға күш қуат беріп, ақ тілек батамен шығарып салайық.

Төле би: Халықтың қамын ойлайтын күн туды.

Қазыбек би: Елдің кегін қайтаратын күн туды.

Әйтеке би: Алаштың басын біріктіріп, ақылы мен айласын іске асыратын кезі келді.

Абылай хан:Шақырыңдар батырларды!!! (батырлар келеді)

Нұрдаулет: Сәлем берім ханымыз,

Елге құрбан жанымыз.

Қиындықта халықтың.

Қызметіне әзірміз.



Серік: Жұртымды жылатпаймын,

Қан төгуді ұнатпаймын.

Қалың елді зарлатқан,

Кек аламын қалмақтан.



Қайсар: Жығып келем қалыңды,

Жеңіп берем жауыңды.

Алып берем кегіңді,

Айтсаң болды кегіңді.



Ұлан: Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Жауды сүйреп жайратып,

Таубасына келтірем.



Айбол: Елдің елдігін ойлайтын,

Намысын арын ойлайтын.

Қазақ елін қолдайтын,

Бақытын, барын қорғайтын.



Абылай хан: Елдің намысы, ары сендердің қолдарыңда.Үш бидің ақ батасымен жорыққа аттанасыңдар.

Төле би: Халыққа әділ болыңдар!

Жауға қатал болыңдар!

Досқа адал болыңдар!

Қазыбек би: Жауға найзаларын тисін!

Елге пайдаларың тисін!



Әйтеке би: Ұлым ұл болсын десең, ерлігін сақта!

Қызым қыз болсын десең, арын сақта!

Ал елім ел болсын десең, бірлігін сақта! Әумин!!!

Абылай хан: Бейбітшілік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен сақталсын.



Батырлар: Абылай ханның ақ туының астында елімізді, жерімізді қорғауға дайынбыз.

Ән: Топ топ балақан!

Топ топ балақан.

Біздер үйдің гүліміз,

Біздер үйдің күніміз.

Ата анаға қуаныш,

Біздің әсем үніміз.

Қ\сы

Топ топ балақан,

Шапалақта алақан.

Мәпелеген анамыз,

Әке деген панамыз.

Кәмпит берсе біздерге,

Риза болып қаламыз.

Аман болсын анамыз,

Аман болсын панамыз.

Аман болса екеуі,

Жұлдыз болып жанамыз.

Жүргізуші: Батырлар жаман істі кәсіп етпес,

Ешкімде қазақ халқын басып өтпес.



Би: Батырлар!

Жүргізуші: Наурыз бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсылықтың жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлеген мереке.

Ән: Наурыз.

Наурыз.

Мерекесі ұлыстың,

Құтты болсын жаңа жыл.

Әнін айтіп, би билеп,

Күліп ойнап бала жүр.

Қ\сы

Тілек тілеп туысқа,

Байлық, бақыт, береке.

Қуанайық кел достар,

Бүгін сондай мереке.

Көже пісті әр үйде,

Дастарханда мереке.

Халқымыздың мерейі,

Өте берсін мереке.

Жүргізуші: Наурызым құт әкелсін елімізге,

Береке, ырыс келсін жерімізге.



Фариза: Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге тойлашы.

Дастарханына елімнің,

Береке, ырыс сыйлашы.



Нұрай: Ата баба тойлаған,

Наурызым армысың.

Қызығына тоймаған,

Дархан дала, қарлы шың.



Салтанат: Малдар төлдеп,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп

Басталыпты наурыздан.

Шұғыла: Кеңінен елге таралған,

Негізі ерте қаланған.

Еңбек шаттық жыл басы,

Наурыздан басталған.



Айжамал: Қош келдің наурызым армысың,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп елімді.



Дилназ: Күн күлімдеп төбеде,

Наурыз келді жаңа жыл.

Жан жануар жадырап,

Құстар айтты жаңа жыр.



Ә.Аружан: Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Анам, атам той тойлап,

Қуанып жүр балаша.



Т.Аружан: Су сылдырап, жер көктеп,

Наурыз келсе жыл басы.

Бау бақша егін өрнектеп,

Өзгерер өңір тұлғасы.



Жүргізуші: Халқымыздың ақындары көп екен,

Ешқашанда сөзі зия кетпеген.



Айтыс:

Екеуі: Оу халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,

Бірге қарсы алайық.



Гүлназ: Меніменен айтысар,

Қыз құрбылар қайсың бар?

Қолдан келсе әзілдеп,

Маған сынды айтыңдар.



Жайнагүл: Айтысуға өзіңмен,

Шығып тұрмын алдыңа.

Күн аттарын білмеуші ең,

Жаттап оны алдың ба?



Гүлназ: Құрбым кімге күлесің?

Өзің мені білесің.

Онға дейін қиналып,

Санай да алмай жүресің.



Жайнагүл: Бәтеңкеңнің бауында,

Байлай алмай жүруші ең.

Үйрендің бе жейдеңді,

Теріс қарай киюші ең.



Гүлназ: Үстіңе бір қарашы,

Олпы солпы киімің.

Намысына құрбыжан,

Наурыз күні тимегін.



Екеуі: Ұлы наурыз бәріңді,

Татулыққа шақырған.

Тоқтатапасақ айтысты,

Сөз қалғанба ақыннан.



Ойын: Қыз қуу.

Жүргізуші: Туған күнің құтты болсын бақшамыз,

Шаттық тілеп ән мен шашу шашамыз.

Әрбір басқан қадамыңыз нық басып,

Күн нұрына бөленсінші бақшамыз.



Ән: Бала тілегі.

Бала тілегі.

Бал- балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған,

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен- қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік- ұлан -байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқан айтар әніміз.


Қалықтаған көгершіні көгімде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.



Жүргізуші: Тағыда құтты болсын наурызымыз,

Таси берсін береке ырысымыз.

Сәбилердің күлкісі сыңғырлаған,

Бала біздің болашақ үмітіміз.



Ақтолқын: Жатқа білер дос атын,

Дос бар бізде тосатын.

Балабақа біздің үй,

Басымызды қосатын.



Нұрас: Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз.

Балабақша ішінде,

Айтылады жырымыз.



Мөлдір: Біз бақытты баламыз,

Туымыз көкке самғаған.

Болашақ атты бақшамыз,

Сәтті блсын әрқашан.



Айдана: Ұлыстың ұлы күнінде,

Үш жыл болды бақшаға.

Мерей тойын тойлаймыз,

Болашақ атты бақшада.



Жүргізуші: Аса таяқ, дауылпаз, сыбызғыдан,

Төгілген күй толқиды домбырадан.

Жырлайды қазағымның, сырын шертіп,

Назды әуен, сиқырлы күй, сырлы саздан.



Күй:Ақсақ киік.

Ойын: Кім бірінші?

Сахналау: Үйшік. (ағылшынша)

Ән: Дастархан.

Дастархан.

Ей халайық. халайық,

Бар өнерге салайық.

Ас ұсынып бас тартқан,

Жайылып тұр дастархан.

Қ\сы

Дастархан ау, дастархан,

Мерекелі дастархан!

Берекелі дастархан ей!

Жақсы келсе құт болар,

Жаман келсе жұт болар.

Жолаушының біз деген,

Асыл мұра іздеген.



Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,

Көңіліміз шаттық пен нұрға толсын.



Жаңа жыл бәрімізге бақыт әкеп,

Би мен күй сыңғырлаған әнге толсын!
Каталог: uploads -> doc -> 0d60
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d60 -> Шағын жинақталған мектепте пәндерді біріктіре оқыту тәжірибесі
0d60 -> Мұғалімдердің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудағы педогогикалық технологиялардың ролі. С. Б. Кенжегозина
0d60 -> Сабақ реті: 2 Сабақтың тақырыбы Әлемнің ақпараттық көрінісі Сабақтың мақсаты
0d60 -> «Сіздің мінезіңіз қандай?» «Оң ба, сол ма?» ойыны
0d60 -> Рецензенттер: Қанапина С.Ғ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет