Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі


Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебінің өкілдері



бет48/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   292
Байланысты:
менеджмент

3.Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебінің өкілдері
Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерінен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдың (1841-1925) есімімен тікелей байланысты. Ол әкімшілік басқару мектебінің көрнекті еуропалық ғалымы деп есептелінеді
А Файоль өзінің негізгі «Жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік» 1916) атты еңбегінде капиталистің әкімшілік қызметке жалпы көзқарасын қарастырып, осының негізінде әкімшілік етудің кейбір қатан міндеттi принциптерін тұжырымдады. Басқару деп есептелді ол кәсіпорынды мақсатына сай жолға қою, сөйтіп қолда бар ресурстардь, пайдалана отырып барлық мүмкінгдігін қоддану А.Фаиольдың пікірінше, әкімшілік ету жан-жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бір бөлігі және де техникалық (технологиялық процесс), коммерциялық (сатып алу, сату және айырбастау қаржылық) ақша қаражаттарын іздестіру және оны тиімді пайдалану, қорғаныстық (жеке меншік пен жеке адамды қорғау) бухгалтерлік (мүлікті түгендеу, баланстың ведомость, шығындар статистика). әкімшілік жұмыкерлерге ықпал ету салаларын. Әкімшілік қызмет талдай отырып, А.Файоль оның бес элементін бөліп көpceттi: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау. Ф.Тейлор теориясына қарамастан, А.Файоль әкімшілік қызметі ұйымдастырудың барлық деңгейінде,тіптi жұмысшылар арасында да болады деп есептеді.
А.Файоль әкімшілік басқарудың бірқатар принциптерін ойластырды, мұның өзi оның пікірінше кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принциптері менеджерлердің өз қызмет - міндеттерін қалай орындауы тиіс екендігін көрсетеді.
А.Файоль менеджерлерге арналған он төрт принципінде басқарушылардың қызмет мінддеттерін қалай орындау керектігін көрсетеді.
1. Жұмысты бөлісу, Еңбекті мамандандыру ұйымдық табысқа жету үшін қажет.
2. Билік. Бұйрық беру правосы жауапкершілікпен ұштасуы тиіс.
3. Tәртіп. Тыңдау және құрметтеу жұмысты байсалды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
4. Дара басшылық.Әp6ip жұмыскер тек 6ip бастығынан ғaнa бұйрық алуы тиіс.
5. Бағыт билігі. Ұйымдастыру кезінде әp6ip адамның күш-жігері 6ip бағытқа үйлестірілуі тиіс.
6. Жеке мүддені жалпы мүддеге бағындыру. Басқарудағы ең қиын жағдай — жеке мүдде мен ортақ мүддені жалпы ұйымдық игіліке айналдыра білуде.
7. Ақы төлеу. Жұмыскерлер өздерінің қосқан үлесіне қарай ақы алуы тиіс.
8. Орталықтандыру. Орталықтандыру мен децентрализациялау (жергілікті мекемелерге орталық мекемелерінің кейбір басқару міндетін тапсыру) пропорция мәселесі болып саналады; әp6ip ұйымда қолайлы тепе-теңдік болуы тиіс.
9. Иерархиялық (төмен шендшердің жоғары шенділерге бағыну тәртібi) тізбек. Басшылар басшылықтың формальды тізбегін орындауы тиіс, мұның өзi жоғарыдағы басшылардың 6ipeyi басқалармен ақпаратгы алмасу жөніндегі нұсқау бергенше сақталады,
10. Реттілік. Материалдың құндылығы затында болуы тиіс.
11. Әділеттілік. Мейірімділік пен заңдылыққа негізделген әділеттілік қызметті шын көңілімен беріле істеуте ықпал етеді.
12. Қызметшілердің тұрактылығы және қызмет лауазымында болу мерзімі. Адамдарға өз жұмысын жете білуіне уақыт беру қажет.
13. Ынта-ықылас. Адамдардың ең көп қанағаттануы — жоспарды өз бетінше жасауы және орындауы.
14. Ерекше рух. Қызметкерлердің күш-жігерді жұмылдыруын ұйымдастырудын табысты болуының кепілі
А.Файольдың қызметі мен принциптері уақыт тезінен ойдағыдай отіп, жаппай қолданыла бастады.
А.Файоль былай деп атап көрсетті: басқару күрделі процесс ретінде тәуелсіз салалар мен қызметтерге бөлінуі мүмкін. Оның пікірінше, басқару жоспарлардан басталып, бақылаумен аяқталатын үздіксіз процесс болып саналады. Сол себептен де оның еңбегі күш бүгінге дейін жұртшылықтан кең қолдау тауып отыр.
Классикалық мектептің өкілі ағылшын Линдал Урвик А.Файольдың негізгі қағидаларын одан әpi дамытып, тереңдете түсті. Л.Урвик те Файоль секілді әкімшілік қызметтің негізгі элементтерін тұжырымдап, бұған жоспарлауды, ұйымдастыруды, штатты жинақтауды, басшылықты үйлестіруді, есеп беруді және бюджет жасауды жатқызды. Бұл элементтер күні бүгінге дейін шетел авторларының көптеген зерттеулерінің түгі қазығы ретінде пайдаланылып отыр.
Л.Урвик формальды ұйғьш құру принциптерін жасауға ерекше көңіл бөлді. Мұның маңыздылығы күні бүгінге дейін сақталынып отыр:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет