Басқарушы жүйе – бұл техникалық құралдар көмегімен мақсатқа сай ықпал етуді жүзеге асыратын органдар мен жеке жұмысшылар жиынтығы. Басқарушы жүйе – бұл «нені» немесе «кімді» басқарады, ал басқарылатыны – «не» немесе «кім» басқарады. Бұған ұқсас ұғымдар басқару субъектісі мен басқару объектісі.
Басқарылатын және басқарушы жүйелер субъектісімен объектіге енетін және объектіден субъектіге шығатын тікелей ақпараттар көмегімен тығыз байланысты болып, олардың үнемі әрекеттесуін, жұмыс істеуін және дамуын қамтасмасыз етеді.
Сонымен қоса басқарылатын жүйе едәуір дәрежеде оған ықпал ететін заң негізінде дамиды. Кері байланыс туралы заңға сәйкес басқарудың мазмұнына, нышанына және тәсіліне ықпал етеді. Міне, сондықтан да белгілі бір жүйелер арасындағы өзара байланысты ретке келтіруге, олардың әрқайсысының ішкі заңдылыққа орай құрылуына және жұмыс істеуіне көңіл бөлген жөн. Басқару объектісінің басқару жүйелеріне сәйкес келу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, жүйенің тұтастай жүйесінің тиімділігі де соғұрлым жоғары келеді.
Кәсіпорын өте күрделі, үлкен әрі біркелкі дамитын жүйе. Мұның өзі жекелеген бөлімдерден (цехтардан және қызмет салаларынан) кездейсоқ ұйымдасқан бірлестік емес. Кәсіпорын дегеніміз тұтастай құрылған, оның бөлімдерінің ерекше бірлестігі.
Тек қана осындай бірлестік мақсатқа жеткге қажетті жаңа сапаға ие болады, сол үшін кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.
Кәсіпорын және оның жиынтық элементтері туралы сөз болғанда кәсіпорында немесе оның ірі бөлімдерінде (басқаратын және басқарылатын жүйелерінде), ерекше техникалық технологиялық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік жүйелер құратын элементтер мен микроэлементтердің біркелкі топтары құрылатындығы байқалады.
Осы жүйелердің әрқайсысы өз міндеттерін шешеді. Мұнда мынаны ескеру қажет: кез келген машина, ол қаншалықты жетілдірілген болса да, техникалық жүйе болып саналады. Ол жабдықтардың өзара байланысты кешені болуы тиіс. Техникалардың жекелеген түрлері белгілі бір ретпен орналасуы, қуаты бойынша бірімен бірі үйлесуі тиіс. Жабдықтардың толып жатқан жекелеген түрлерінің кейбір техникалық түрлерінің осындай пропорционалды үйлесімі техникалық жүйе құрады. Басқарылатын жүйеде ол сол кәсіпорынның өндірістері қуатын көрсетеді де, сол арқылы өндіріс процесінде белгілі бір мөлшердегі және тиісті саладағы өнімдерді өндіре алады.