Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету


Тақырып: Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері



бет13/33
Дата20.10.2022
өлшемі184,08 Kb.
#154054
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Еңбекті қорғау курс

Тақырып: Қызметкерлердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері.
1.Қызметкердiң еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері.
2.Жұмыс берушінің еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері.
3.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру.
Лекция мәтіні.

Халықаралық еңбек ұйымының ұсынысы бойынша халықаралық қоғамдастық 28 сәуірде Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Бұл дәстүр өндірісте қаза тапқан және жарақаттанған, кәсіптік аурулардан зардап шеккендерді еске алу мақсатында атап өтіледі және ол кез келген өндірістік жағдайлардағы адамның өмірі мен денсаулығы басымдығына тағы бір мәрте назар аудартудың қажеттілігі ретінде қызмет етеді.


Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша әлемде жыл сайын 270 миллионға жуық жазатайым оқиғалар тіркеледі, 160 миллион азаматтың кәсіптік аурулары айқындалып, 2 миллионнан астам ерлер мен әйелдер өндірісте қаза табады екен. Бұл деректер әлемдік экономика жалпы ішкі өнімнің кемінде 4 пайызынан айырылатындығын көрсетеді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Еліміздің кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен санитарлық-сауықтыру іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары республика өндірісінде жыл сайын үш мыңнан астам жазатайым оқиғалар орын алады. Соның салдарынан 300-350 адам қаза табады, мындаған азамат кәсіптік аурулардан зардап шегеді. Әсіресе, тау-кен металлургия кәсіпорындарындағы және құрылыс саласындағы жағдай ерекше алаңдатушылық туғызып отыр. Өндірісте зардап шеккен барлық азаматтардың 40 пайызынан астамы осы саланың үлесіне тиеді. Жол-көлік апаттары салдарынан да едәуір залал келеді. Өңірлерде өндірістік жарақаттану жағдайы бойынша ең жоғары көрсеткіштер Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында тіркеліп отыр.
Талдау нәтижелеріне қарағанда, қазіргі уақытта еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау төңірегінде қалыптасқан жағдайларға жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырылуы әсер етуде. Мұндай жағдайдың қалыптасуына, сондай-ақ негізгі өндірістік қорлардың жоғары деңгейде тозуы әсер етіп отыр.Статистика органдарының мәліметтері бойынша, 2003 жылдың басына қарай тау-кен өнеркәсібіндегі негізгі қорлардың тозуы - 25,4 пайызға, химия өндірісінде - 38,4 металлургия өнеркәсібінде - 39,5 пайызға жеткен. Өндірістің техникалық тұрғыдан баяу қайта жарақтандырылуы, өндірісті жаңғыртуға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі, сондай-ақ өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаны ластауы да оны үлғайта түсуде. Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың өсуіне жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді.
Халықаралық еңбек қауіпсіздігі стандарттарын сақтау үшін Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі конвенция және еңбекті қорғауды басқарудың халықаралық жүйесінің жаңа үлгісі бойынша ұсынылған стандарттарды (МОТ-СУОТ 2001) бейімдеп; әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін барынша пайдалану көзделіп отыр. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттары мен нормативтерін, ұсыныстарды, ережелерді, еңбек жағдайларының сараптамасын, т.б. еңбекті қорғау заңнамаларына сәйкес ғылыми тұрғыдан әзірлеуді қамтамасыз ету үшін Үкімет үстіміздегі жылы "Республикалық еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыс Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Осыған байланысты жақын арада біздің көптеген алдыңғы қатардағы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің халықаралық сертификаттары болуы тиіс. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың міндетті мониторингі енгізілуде.
Еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құру жөніндегі аса перспективалы және экономикалык жағынан негізделген тәсілдерін белгілеу жұмыс берушілерді қауіпсіз технологиялар әзірлеу және енгізу, еңбек қауіпсіздігіне қол жеткізу және өндірістік жарақаттануды барынша төмендету үшін материалдық және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануда экономикалық ынталандыруга сүйенеді. Бұрын қолданылган заңмен салыстырғанда жаңа заңда еңбек қатынастары тараптарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері нақтыланған. Бұл ретте жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасаудың жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар көзделген. Жұмыс беруші жұмыс істейтіндердің саны 50 адамнан асатын әр кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құратын болады.
Бұл тұрғыда еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандарды аттестациялау да маңызды рөл атқарады. Ол жұмыс орындарындагы еңбек жағдайларының нақты жай-күйін, орындалатын жұмыстардың зияндылық, ауырлық және қауырттылық дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді. Егер де өндіріс жағдайлары қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмесе, жұмыс беруші олқылықтарды жоюға және еңбектің қолайлы жағдайларын туғызуға міндетті болады. Аттестаттау нәтижелері өндірістік нысандарды сертифакаттау және паспорттау, қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру, кәсіптік қатердің класын белгілеу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі проблемаларды шешуге бағытталған ұйымдық және санитарлық-техникалық іс-шаралардың толық кешенін өткізу мақсатында пайдаланылатын болады. Заңда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды күшейту шаралары көзделген, мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтық мәртебесі нақтыланған. Енді жазатайым оқиғаларды зерттеп-тексеру тәртібін бекіту көзделіп отыр. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңнамасын бұзудың алдын алу және болдырмау мақсатында еңбек қатынастары субъектілеріне ықпал етудің экономикалық және әкімшілік шаралары енгізіліп, қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің шарттары мен тәртібі белгіленуде.
Бұл қызметкердің өмірі мен денсаулығына қатысты басымдықты, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуды қамтамасыз етеді. Халықаралық нормалар мен талаптарды ескере отырып, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау (еңбекті қорғау жоніндегі комитеттер) енгізу көзделіп отыр. Әр ұйымда құрылатын комитеттердің құрамына жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері паритеттік негізде енуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет