Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттерi: Қызметкер: 1) еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжeлер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға;
2) арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға;
3) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дер кезінде хабарлауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби аурулардың белгілері пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті түрде алдын ала, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетті.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары. Жұмыс беруші — жұмыс күшін жалдаушы. Қазақстанда жұмыс берушіге жалдамалы еңбекті пайдаланушы, заңдарда белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен кез келген отандық және шетелдік заңи немесе жеке тұлға (соның ішінде шетелдік азамат, елде тұратын азаматтығы жоқ адам және еңбек шарты бойынша жұмысқа қабылдаушы жеке кәсіпкер, т.б.) жатады. Жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілерінің бірі болып табылады[ 1) жұмыс беруші өз өкілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде актілер шығаруға;
2) қызметкерлерден қауіпсіздік нормаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге;
3) жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеуге;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.