9-лекция. Математикалық жарыс Математикалық жарысты 4-6 тақырыптық сабақтан кейін жүйелі түрде жүргізіп отыру керек, бұл бір жағынан 1-2 айдың өзіндік қорытындысы болады. Үйірмені мұндай формада ұйымдастыру барысында оның барлығы түгелдей жарысқа, ойынға айналады.
Мұндай жарыстар және ойындар жиі қолданылады:
Брейн-ринг
Ауызша олимпиада
Математикалық күрес
Математикалық поезд
Математикалық карусель
«Жас математик» сайысы
«Бақытты сәт» математикалық ойыны
«Жұлдызды сағат» математикалық ойыны
«Математикалық кәсіпкер» ойын жарыс, т.б.
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета командалық жарыс болып табылады. Ол спортзалда немесе көшеде өткізіледі. Ұзындығы 50 м болатын алаңды ұзындығы 10 м болатын бөліктерге бөлу қажет. Әр бөліктерде төрешілер тұрады. Әр мүшесі төрешіден тапсырма жазылған конвертті алып төрешінің белгісі бойынша конверттен тапсырма жазылған үлестірмелер таратылады.