13-лекция. Математикалық сайыстың басқа түрлері Математикалық викторина — оқушыларды математикалық қызықты, логикалық сауалдармен таныстыру, оқушыларға ғылыми ізденіс жолдарының қиындығын, ғалымдардың еңбегі туралы түсіндіруге бағытталған ойын. Ойын 6 сайыстан тұрады:
Сәлемдесу
Балалардың танымдық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы — математикалық қызықты есептер (логикалық тапсырмалар, сөзжұмбақтар, жұмбақтар) болып табылады. Сабақта және сабақтан тыс қызықты есептерді шешу – баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.