Лекция мәтіндері шымкент глоссарий



бет26/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23

Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция әдісін қолдануды талап етеді. Индукция әдісі бастауыш сыныптарда жиі қолданылады. Себебі бұл жастағы балалар нақты жеке құбылыстарға қызығады. Олардың кейбір белгілерін анықтап, талдап, қорытындылар жасайды. Осылайша жасалған ұғымдарын сөз арқылы айтады. Осы кезден бастап дедукция әдісі қолданыла бастайды.
Импрессивтік әдістер. Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі арқылы балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның авторы туралы ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын айтады.
Ынталандыру әдісі. Қызығушылықтың үш түрі:
• іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы;
• танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі;
• іс-әрекеттің баланы ынталандыруы.
Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Педагог ақын М.Жұмабаев ақыл көріністері әсерленуден пайда болады, әсерленудің күшті болуы, жалғасып дамуы ұғымның дұрыс болуының кепілі деп көрсетеді. Жаңашыл мұғалім Е.Н.Ильин әдеби шығармалардың адамгершілік туралы жазған жерлерін оқушыларға талдатады. Қызықты мысалдар, тәжірибе жүргізу, бір-біріне кереғар келетін айғақтар оқушының түрлі сезімдерін туғызып, оны оқуға ынталандырады.
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті де оқушы сезіміне әсер етеді. Оқулық тақырыптарының мазмұны - оқу іс-әрекетіне қызықтыратын негізгі құрал.
Оқуға қызықтырудың өте жақсы әдісі - танымдық ойындар. Пікірсайыстар да оқушыны оқуға қызықтырады. Үлгерімі төмен оқушыларды жеткен жетістігіне қуанту да олардың оқуға ықыласын арттырады.
Жауапкершілікті қалыптастыру әдістері.
Тәсілдері:
• оқушыға оқудың өзіне және қоғамға пайдасын түсіндіру;
• талап қою;
• талаптарды орындауға үйрету;
• өз міндеттерін жақсы атқаратындарды мадақтау;
• керек жағдайда жазалау әдісін қолдану;
• оқушыға кемшіліктерін айтып, оларды түзетуге көмектесу.
Оқуға байланысты талаптар қою әдісі арқылы оқушыларға барлық пәндер бойынша бағалау өлшемдері, мектептің ішкі төртібі, оқушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Оқушыларды оқу жұмысының алуан түрін орындауға үйрету, жаттықтыру борыш пен жауапкершілікті қалыптастырады. Үлгілі оқушылар мен мұғалімдердің де бала оқуына ықпалы зор.
Оқудағы мадақтау және жазалау әдістері. Мадақтау түрлері:
• баға қою;
• тапсырмалар арқылы оқушыны табысқа жеткізу;
• оқушыны тәжірибе және зертханалық жұмыстарды жүргізуге көмекші етіп алу;
• топтық тәжірибелік жұмыс кезінде оқушыға бөлімшелерді басқарту;
• үлгерім және сабаққа қатынас көрсеткіштерін шығару;
• білімнің қоғамдық байқауының қорытындылары бойынша мадақтау;
• жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға көмектесуі, т.б.
Жазалау түрлері:
• сабақта оқушыға ауызша ескерту жасау;
• күнделікке, дәптерге "қанаттанғысыз" баға қою;
• қателерін айтып, қосымша жұмыс істеуді талап ету.
5. Теориялық әдістер.
Тәжірибеде қолданылып жүрген әдістер мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Әдіс; 2. Оқу әдісі; 3. Мұғалімнің оқыту әдісі; 4. Оқушылардың білімді үйрену әдісі.

Әдіс – грекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда, адамның ақыл-ойының және практикалық қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді.
Оқу әдісі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың өзара бірліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі.
Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу үрдісінде оқушылардың ақыл-ой процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады, ал, оқушылардың үйрету әдісі дегеніміз – олардың білік, білім, дағдыларды меңгеру тәсілдері.
Талдау-жинақтау – оқытудың жалпы әдісі. Оның жеке бөлітері – салыстыру, топтау, саралау, тұжырымдау, нақтылау, жүйелеу.
Оқыту әдісінің индукция және дндукция түрлері оқу материалын өту кезіндегі оқушының ойлау жолдарына қарай қолданылады. Индукция – жеке оқиғадан, нақты заттардан жалпы ережеге келетін ойлау формасы. Индукция әдісін қолданғанда, оқушы бірқатар тілдік фактілерді, нақты мысалдарды бақылай, тапшылай келіп қорытынды шығарады, анықтама-ереже құрады.
Дедукция – әдісін қолданғанда, жалпы ұғым анықтама заңдылықтарды танудан жеке ережеге келетін ойлау қызметі орын алады.
Сұрақ-жауап немесе эврикалық әдіс. Эврика табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді.

  • Проблемалық әдіс

  • Ізденісті немесе ішінара ізденісті әдіс

  • Зерттеу әдісі деп кейбір ғалымдар бөліп жүр.

Оқу әдістерін қолдану мақсаттарына қарай үш топқа топтастыруға болады.

  1. Оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері

  2. Оқушылар үйренетін білім көздерінің әдістері

  3. Нақтылы оқу міндеттерін белгілейтін әдістер.

  1. Оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері.

  • Мұғалімнің оқу материалын өзара байланысты түрде баяндау әдісі.

  • Мұғалімнің оқушылармен жүргізілетін әңгіме әдісі.

  • Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмыс әдісі.

  1. Білім көздерінің әдістері.

  • Сөздік әдісі

  • Көрнекілік әдісі

  • Практикалық жұмыс әдістері(ауызша, жазбаша жұмыс түрлері)

  1. Оқу міндеттерінің әдістері.

  • Жаңа білімді тексеру әдісі;

  • Білімді бекіту әдісі;

  • Білік пен дағдыны қалыптастыру әдісі;

  • Білік пен дағдыны тексеру әдісі;

  • Есепке алу әдісі;

  • Қайталау әдісі.

6. Лингвистикалық әдістер және олардың қазақ тілін оқытуда қолданылуы.
Ә.Исабаевтың «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» деген 1993 жылғы еңбегінде қазақ тілінен білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету әдістері, теориялық жақтан үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады. Оқытудың теориясын зерттеген ғалымдар ғылыми еңбектерінде оқыту әдістерінің анықтамасын былай берген. И.Д.Зверев: «Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары», - десе, Ю.К.Бабанский: «Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру», - дейді.
Д.Әлімжанов, Ы.Маманов өз еңбектерінде: «...Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән», - деген.
Профессор Ә.Исабаев: «Қазақ тілінен білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден,11 оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді... Оқушылар тілді практикалық-теориялық және теориялық-практикалық жағынан меңгереді. Қазақ тілінен білім беру әдістерін топтастыру әдістемесінің соңғы жетістіктеріне негізделеді», - дейді.
Нұржанова Ж. өзінің «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді:
 түсіндіру әдісі – бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, дәріс түрлері жатады.
 кітаппен жұмыс істеу әдісі – мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау -анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздік, т.б. жұмыстар.
көрнекілік әдіс – экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б.
техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс – экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен жұмыс істеу.
 жаттығу әдісі – ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы.
7. Қазақ тілін оқыту әдістері.
Мектепте оқылатын қазақ тiлi тек тiл туралы бiлiм беретiн арнайы оқу пәнi ғана емес, ол басқа пәндердi үйрену, меңгеру құралын қалыптастыратын жалпыпәндiк маңызға да ие. Сондықтан қазақ тiлiн оқытудың коммуникативтiк бағытын күшейту арқылы ғана оның мектептiк бiлiм жүйесiндегi әлеуетi арта түспек.
Елімізде мемлекеттік тілді үйрету мәселелері әр қырынан зерттелді. Мысалы: Ә.Жүнісбек: «Қазақ тілі дыбыстарын үйрету әдістемесі», «Қазақ тілін модельдеу арқылы үйрету әдістемесі»; Ф.Оразбаева «Тілді үйретудің коммуникативтік әдістемесі»; Н.Құрман «Қазақ тілін оқытуда теориялық ойлауды дамыту технологиясы», «Қазақ тілін үйретудің интерактивтік технологиясы», «Қазақ тілін үйретудің интенсивтік технологиясы», «Қазақ тілін этнолинвомәдени жүйе негізінде оқыту», «Қазақ тілін үйретудің ақпараттық технологиясы»; Н.Оразақынова «Тілді оқытудың сатылай комплексті талдау технологиясы»; С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Ә.Жұмабаева «Бастауышта мәтінді меңгерту арқылы тіл дамыту әдістемесі»; Г.Қосымова, А.Қыдыршаев «Қазақ шешендігін үйрету әдістемесі»; Ж.Сүлейменова «Қазақ тілін оқытудың белсенді әдістер жүйесі» т.б.
8. Жекелеген тақырыптардың ерекшеліктерінен туындайтын әдістер.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені, мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады. Ендеше, әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады. Сонымен қатар мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.
Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мен мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. «Принцип» – латын сөзі «основа первоначально-руководящая идея...» қазақшасы – «оқытуда басшылыққа алатын идея, қағида». Қазақ тілін оқытудың барлық деңгейлерінде бағдар беретін негізгі жұмыс бағыты осы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет