Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады. 1. Демократиялық;
2. Традициялық немесе авторитарлық..
Бала санына байланысты отбасы типтері: 1. Бiр балалы отбасы. Мұндай отбасылар қалады 53,6%, ал ауылдың жерде 39-40% құрайды. Мұндай отбасының әрбiр екiншiсi ажырасады. Бұдан бала санының аздығына байланысты отбасы ажырасады деп қарамау керек, ерлi-зайыптылар осылайша ұзақ уақыт бiрге тұра алмайтындықтан келесi баланы өмiрге әкелуге тәуекел етпейдi. Мұндай отбасыдан шыққан балалардың жан-жақты дамыған, моральды-психологиялық жақсы қалыптасқан адам болуы екiталай. Көптеген психологтар мен социологтар мұндай адамдарда жауапкершiлiктiң болмауы, еңбек сұйгiш еместiгi, жеке басып ойлаушылық, адамдармен қалыпты қатынас жасау алмауын көрсетедi.
2. Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы). Социологтар мен политологтардың бақылауы бойынша екiншi баланың туылуы бiр балалы отбасыға қарағанда отбасының тұрақтылығын 3 есеге артады екен. Бұл отбасылардың әрбiр алтыншы, жетiншi жұбы ғана ажырасады.
3. Көп балалы отбасы-ұш баладан көп балалы отбасы. Бұл отбасыларда ажырасу сирек болады, болған жағдайда да ол ерiнiң кұнәсiнен болуы мұмкiн. Бұл жерде ананың еңбегi зор, сондықтан да қазiргi кезде әйелдердiң көпбалалыболуға ұмтылуы кем.
4. Толық емес отбасы. Мұндай отбасыда ата-ананың бiреуi ғана болады (көбiне жалғыз басты ана). Мұның себебi-ерлi-зайыптының бiреуiнiң қайтыс болуы, ажырасу немесе некесiз туылған бала, жалғыз басты әйелдiң бiреудiңбаласын асырап алуы т.б. Мұндай типтегi отбасы әлеуметтiк сапасыз, тиiмсiз. Мұндай отбасыдағы балалар көп уақыттарын ұйден тыс өткiзедi, себебi аналары жұмыста болады. 50% заң бұзушылар осындай отбасылардан шыққандар.
5. Жеке, қарапайым отбасы. Мұндай отбасыны балалы, баласыз ерлi-зайыптылар құрайды. Олар ата-аналарынан, туыстарынан бөлек, өздерiнше өмiр сүредi. Сондықтан да олар өз өмiрлерiн қалай құрғылары келсе солай жасайды.
Отбасы үлгісі бойынша:
ядролық отбасы - балалары бар бір ерлі-зайыпты жұпты қамтиды.
күрделі отбасы - ерлі-зайыптылардан балалар мен туыстардан - әжелер, аталар, апа-сіңлілер, бауырлар және т.б. Мұндай отбасы үй шаруашылығын басқаруды жеңілдету үшін жиналған бірнеше ерлі-зайыптыларды қамтуы мүмкін.
толық емес отбасы балалардан және тек бір ата-анасынан немесе баласыз ерлі-зайыптыдан тұрады.
Қазіргі заманғы моногамды отбасының бір-бірінен белгілі бір жағынан ерекшеленетін бірнеше түрлері болуы мүмкін.
Географиялық жағынан: қалалық, ауылдық, шалғайдағы отбасы (жетуге қиын аудандарда).
Отбасы тәжірибесі бойынша: жас жұбайлар; сәби күткен жас отбасы; орта неке жасындағы отбасы; үлкен неке жасы; қарт жұптар.
Шаруашылық міндеттерін бөлу сипаты бойынша: дәстүрлі отбасылар (міндеттерді негізінен әйел атқарады) және ұжымдық (міндеттер бірігіп немесе кезектесіп орындалады).
Басшылық түріне (билікті бөлу) сәйкес отбасылар авторитарлық және демократиялық болуы мүмкін.