Лекция. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде. Мақсаты: педагогика ғылымы туралы, мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру. Жоспар



Дата11.03.2022
өлшемі23,34 Kb.
#135034
түріЛекция
Байланысты:
1 Лекция


1 Лекция. Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде.

Мақсаты: педагогика ғылымы туралы, мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.


Жоспар:


Педагогика тәрбие туралы ғылым.
Педагогикалық ғылымдар және оның мазмұны.
Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы.

Педагогика тәрбие туралы ғылым.


Педагогика өзінің атауын гректің баланы жетектеуші деген сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожаның баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие- қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ен алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал- ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Пән- бұл нақтылы ақиқаттың мәнің құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет обьективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.

Педагогика пәні- индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.

Бір элементтен көп элементтер қосылу барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықта бұл “ұстаздар- оқушылар” жүйесі, ол сол жетекші бөлігі бойынша педпгогикалық жүйе деп аталады. Педагогикалық шындық педагогиканың котегориялары, ұғымдары жүйелері арқылы бейнелене алады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі білім алумен байланысты. «Білім беру» деген сөзді орыс тілінде «образование» түбірі – «образ» деген (бет-лиц, лицо-пішін) лексикалық мағынасы бойынша индивидтің дене және рухани қасиеттері қалыптасуын, индивидтің қоғамдық болмыстың нақтылы әлеуметтік-экономикалық және мәдени – тарихи жағдайларында дамуға, өзін жүзеге асыруға және өзін ынталандыруға қабілетті тұлғаға айналуын білдіреді. Сондықтан білім беру ұғым ретінде педагогикалық жетекші категория болады.

Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздар мен оқушылардың өзара әрекет процесі, білім беру мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар негіздер мазмұнын меңгеру барысындағы оқудың бірлігі. Сабақ берудің ролі оқылатын материалдарды ғылыми білім мазмұнында, іс- әрекеттер тәсілдерін айқындай көрсету. Оқу материалдар мазмұны мен оқушылар арасындағы делдал ретінде ұстаз оқушыларды қажетті іс- әрекеттер тәсілдеріне үйретеді. Оқушыларды оқуға үйрету арқылы ғана (А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская), тек осы жағдайда ғана мұғалім өзінің қызметін орындайды. Оқушылар іс-әрекеттер тәсілдерін меңгере отырып оқуға ұйренеді, оқу пәнінің мазмұнымен саналы және белсенді жұмыс істейді, соның негізінде индивидтің әрекеткұштері мен қабілеттері заттық формаға ауысады, оқушытұлғасының өзгеруі жүзеге асады.Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсенділік пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортада іс-әрекеттерін талап етеді. Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін-өзі сезінуі, «меннен» басқа «менге» қозғалысқа, әлеуметке енуі. Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, құндылықтар, мінез-құлық нормалары жұйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтену процесі ұйымдаспаған түрде болуы мүмкін, онда оның нәтіжесін болжау қиын және қоғам үшін зиянды болуы мүмкін. Міне, сондықтан да ұстаз әлеуметтендірудің мәнін түсіне отырып, ынтымақтастық біздің иелену үшін қажетті байланыстарды, оқушылардың оқу және отбасына осы мәселені шешуге көмектесе арқылы қамтамасыз ете алады.

Педагогика котегорияларының құрамына: тәрбие, педагогикалық процес, білім беру, оқыту, әлеуметтендіру, тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру жалпы ғылыми ұғымдар кіреді, олар педагогиканың әртүрлі тарауларын оқығанда қарастырылады.

1.Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жасерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогикамен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және әлеуметтік педагогика жатады. Жалпы педагогика педагогикалық процес пен білім берудің заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық процес пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.

Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы – пәндері, олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл пәндерге жұмысшыларда екінші, үшінші және т.б. заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да жатады.

Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия; дене дамуында кейбір ауытқушылықтар(есту, көру, ойлау қабілеттеріндегі өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады.

Әскери педагогика әр түрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.

Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Сондықтан оның азаматтық тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи нәрсе, өйткені педагогикалық ой қоғамның материалдың және рухани мәдениетті саласының бірлігі бағытында дамиды.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра дамуын зерттейді. Ал бұл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде қалыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіндік береді.

Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы – бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік берілетін сабақ пәнінің мазмұны.

1. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, пән педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пын.

2. Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шыгуы белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХІХ-ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика- тұлғанын дамуын басқаруды зерттейді.Ойлаудың іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар) пайдаланады.

Педагогика ол организмнің материалды-энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді. Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдені ортаның жағдайы туралы біле алады.

Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту жәнетәрбиелеу жүйесі қажет. Әріне, бұл мәселені бірлескен комплексті зерттеулер нәтижесінде ғана шешуге болады. Ғылымдар байланысының жаңа деңгейін бастапқы педагогиканың философия ғылымы саласында дамуы бүгінгікүні шешімін табуда. Педагогика жеке пән ретінде философия және оның салалары – білім беру философиясы , ғылымдар философиясының, мәдениет философиясының және т.б. жетістіктеріне сай терең ұғыну нәтижесінде дамиды.

Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға- тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және тағы басқаларына таралады.

Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің жетістіктері педагогика бойынша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді. Р.Г.Гурова педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы қандайбағытта іске асатындығын көрсетіп берді: басқа ғылымдардың негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда қолданылып жүрген зерттеу әдістерінің шығармашылық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда алынған нақтылы зерттеу нәтижелерін педагогикада қолдану; педагогтардың адам мәселелері бойынша комплекстік зерттеулерге қатысуы.

“Методология” грек тілінен аударғанда “әдіс туралы” ғылым деген мағынаны білдіреді. “Метод” “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология- зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы методология, ғылыми ұғысның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнің ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.


Материалисттік диалектика объективтік шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның котегорияларымен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.

Диалектика дамудың ең жалпы заңдылықтарын жасап үйлестіреді, бірлік және қарама- қайшылықтардың күресі, саннан сапаға көшу және теріске шығаруды теріске шығару, мынадай философиялық жұп котегорияларымен: себеп салдар, қажеттілік және кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шыңдық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және тағы басқасқалары анықталады.

Сонымен, материалістік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақтылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді. Методологиялық анықтамаларды меңгеру арқылы ғалымда да және машықтандыруда да көзқарастың дүниетанымдық ұстаным қалыптасады, ол содан кейін белгісіз зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, соңғысы нақтылы ғылымның методологиясымен байланысты және сол сияқты педагогикада қолдануға болады.

Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұд айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шеқарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф.Королев) зерттеу процесі екендігі анықталған.

Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның методологиялық қызметін атқаратын методологиялық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда. Методологиялық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйсендегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы – терминдік жүйесі жатады.

Методологияның көрсетілген аспектілерін жасау «білетін туралы білім» береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, «білетін туралы білім», яғни педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай методологиялық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүнитанымдық пен методологиялық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен, ұғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр. (В.Е.Гмурман, Г.В.Воробьев, В.И.Журавлев).



Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет