Лекция 1. Профессор, доктор педагогических наук С.Т.Иманбаева
Құрметті ұстаздар!
Дәрістің тақырыбы:
Халықтық педагогика және мұсылманның дәстүрлі тәрбиесі: ата - аналардың педагогикалық мәдениеті және қарым – қатынасы
Қазіргі қоғамның алдында тұрған негізгі міндет - ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып бүінгі ХХІ ғасыр ағымына лайықты тұлғаны қалыптастыру.
ХХI ғасыр ағымына лайықты тұлға - өз ана тiлiн бiлетiн, басқа тiлдi құрметтейтiн, тарихи зердесi жоғары, ұлттық салт-дәстүрден нәр алған, әлемдiк ғылыми-техникалық прогресс көшiне iлесе алатын адам.
Елбасының «Зияткер ұлт-2020»ұлттық жобасында бүкіл халықтың алдына қойған негізгі идеясы экономиканы дамыту, инновациялық және ақпараттық қоғаммен қатар рухани адамгершілік тұрғыда дамыған, қалыптасқан қоғамды құруды басты бағыт етіп қойып отыр.
Ұлт ретінде қазақ халқы қашан пайда болды, қазақ деген атаудың тарихи маңыздылығына тоқталатын болсақ, қазақ деген атау “хас сақ“ деген мағынада, яғни “нағыз сақ“деген мағынаны берген.Көне түркі тіліндегі баламасы “ер жүрек”, “еркін адамдар” деген мағынаны білдірген. Қаз” деген түбірдің өзі “ер” деген мағананы береді.
Қазақтардың пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер бар. Кеңестік дәуірдегі тарихты негіздейтін болсақ, қазақ хандығының құрылуымен байланыстырады.
Алайда, қазақтың пайда болуы туралы қытай деректеріне сүйене жазылған Қ.Мыңжанның “Қазақтың көне тарихы“ атты ғылыми еңбегінде қазақтар түркі қағанаты тұсында өмір сүрген деген ілімін қазіргі таңда негізге алып отырмыз. Елбасы “Қазақ халқы - тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңіне тартып, дауылдармен алысып, тағдырымен алысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырға халық. Оның тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі Қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХҮ ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, халықтың қалыптасуы бір басқа».
Ұлт – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық, қауымдық бірлестігінің жоғары түрі..Ұлт болып қалыптасу үшін оның құрамына кірген адамдар тобының материалдық, территориялық және экономикалық жағдайлары, тілі мен әдебиетінің, тілдің ортақтығы, ұлттық мінез, оның мәдениетінде ұлттық ерекшелігін көрсетеді Философиялық сөздікте латын сөзі, ұлт ол «халық» дегенді білдіреді.
Зияткер ұлт – интеллектуалды тұрғыдан адамгершілік, мәдени қасиеттерді меңгерген өзінің ғылыми, мәдени, білімі мен білігін еркін тарату әлеуетіне ие бәсекеге қабілетті ұлт.
Халықтақ педагогика- халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне, дәстүрлеріне негізделген бай тәжірибесінің эмприкалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін , оны тәжірибеде қолданудың әдіс тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Педагогика бала тәрбиесі туралы ғылым. Педагогиканың негізгі категориялары: ол тәрбие, білім, оқыту және педагогикалық үдеріс.
Педагогикада негізгі ұғымдар: тұлға, дамыту, қалыптастыру және басқалар.
Дәстүр дегеніміз дәстүр – халық арасында кең тараған, халықтың барлық адамдарына таныс іс-әрекеттер жүйесі. Дәстүр – адамдардың қоғамдық қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты және мейлінше қорытылған нормалары мен принциптері, олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады және қоғамдық мінез-құлықтың арқасында сақталады.
«Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей келе, Елбасы тек ұлттық мәдени кодты (негізді) сақтай отырып қана (тіл, руханият, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды.
Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды...). "Традиции и культура – это генетический код нации... Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», – деген Елбасының құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы перзенттік парызымызды ақтауға бағытталады.
Салт дәстүрлер бірнешеге бөлінеді:
Халықтық педагогика, ұлттық тәрбиенің көздері ауыз әдебиеті мұраларында екені белгілі.
Мақал-мәтелдер – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндер. Пословицы и поговорки-философские мысли, оформленые в форме пословиц, заветов.
Мәтелдер – тұжырым-тұспал өлеңде, сыңар тармақты қара сөзде нұсқалы сөз ретінде беріледі.
Жұмбақтар – нақты бір зат туралы тұспалдап ұқсатып, бейнелеп, айту арқылы баланы ойлату танымдық білімдік, ұғымдар мен түсініктерді ой-қиял елегінен өткізіп тұжырым жасау.
Батырлар жырларында ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде батырлардың ерліктері жырланады.
Батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілік шынайы патриоттық сезім дәріптеледі (Ер Тарғын, Қобыланды, Алпамыс батыр т.б.). Эпостық шығармаларда батырлар – айтқан антта, берген сертте тұратын табанды жандар.
Олар жауына да әділетті, досына әдепті, халқына мейірімді қарсыласына қатал, елі үшін кешірімді де қайырымды.
Түркі жұртында ұстаған қаруыммен, мінген аттарымен серттесу, анттасу рәсімдері шығармаларда көптеп кездеседі.
«Дарабоз батыр» Қаракерей Қабанбай батырдың астындағы Құбас атымен серттесуі тарихта қалды.
Ол Қ.Жұмаділовтың Дарабоз романында, Сәніктің Қабанбай батыр кітабында жақсы берілген. Ұлы бабаларымыздың тарихта атқарған істері бүгінгі ұрпаққа үлгі өнеге.
Халықта «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деген ұлы ғибрат сөздерінен Қабанбай батырға елімізде және шетелдерде орнатылған 11 есерткіш қазақ халқының ұлы ерлік дәстүріне деген құрметті көреміз. Баһадүр батырға Туркия елі, Стамбул қаласындағы Қазақ елі алаңында да ескерткіш қойылуы ұлы түркі жұртының ұлылығын көрсетеді.
Ертегілер бала тәрбиесінде ерекше орын алады. Ол баланың қиялын дамытуға, келешекке сеніммен қарауға, ақымақтық пен ақылдыны ажырата білуге, ел қорғайтын, халқын қастерлеуге, хайуанаттардың киесі бар оны сүйе білуге тәрбиелейді. Қазақ ертегілері төрт мыңға жуық сан-алуан.
Ырым – халықтың жақсы ниетінен туындаған ғұрып.
Қазақ халқының ырымдары әрқашан жақсылықтың нышаны ретіндегі өнегелі өсиет болып дарыған. Ырым сөздер арқылы жас ұрпақты жат қылықтан бойын аулақ салдыру көзделген
Рәсім – сөзі ырымды білдіреді. Ритуал – это слово означает примета (процедура).Рәсім - әртүрлі жауапты қажеттіліктен туындаған ырымның бөлшектері.Ритуал -это процедура , т.е. детали примера, вызванные различными ответственными потребностями.
Бата – халықтың рухани құдіретті сенім күші. Бата (благословение) – пожелание духовной силы, веры народа. Ол сенімін ақтайтын абзал азаматтарға талантты жастарға, көптің жүгін көтеретін адамдарға немесе үлкендер жақсы іске риза болған жағдайларда берілетін ақ тілек.Это пожелание уважаемым людям, талантливой молодежи, людям, которые оправдали надежды, выполнили ответственные задания, или в тех случаях, когда необходимо выразить восхищение хорошими поступками, делами.
Әдет-ғұрып – бұл адамдардың өзара қарым-қатынасында, мінез-құлқында, іс-әрекетінде, күнделікті өмір сүру барысында және ерекше бір жағдаяттарда тұрақты орныққан ереже.
Мұсылманның дәстүрлі тәрбиесі діннің көпқырлы құндылықтары мен жоғарыда көрсетілген ұлттық, халықтық тәрбиені негізге ала отырып рухани қоғамды, рұхы жоғары тұлғаларды қалыптастыру.
Дін – жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудегі әр ұлттың өзіндік ерекшелігіне байланысты рухани байлығы.
«Тал бесіктен жер бесікке дейін білім ізден» дейтін дініміз Ислам білім мен тәрбие бесіктен басталу қажеттігін меңзейді. Дәрісімізді негізінен төмендегі тапсырмалар бойынша тоқталайық:
&1. Діннің қалыптасу тарихы
&2. Ислам діні және оның хадистері.
&3. Абай, Ш.Құдайбердіұлының еңбектеріндегі ислам хағидаттары
&4. Тұлғаның ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы діннің әсері
«Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы сыйлық, үкім, есеп, жаза, бағыну, құлшылық, шариғат деген ұғымдарды қамтиды. Діннің мағынасы аллаһ тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан дүниесіне рухани тірекболатын заңдылықтарды, ақыретте аллаһтың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіреді.
«Дін біздің рухани тұлғамызды, кескінімізді, таным сенімімізді, ар - ұжданымызды, ұятымызды, ақ пен қараны, халал мен харамды, хақ пен нахақты айқындайтын, түсіндіретін жүйе.
Дін - сенім мен іс-әрекет түрлері және адамдар арасындағы қарым-қатынасты ретке келтіретін, сонымен адамдардың ізгі істер жасауын, бейбітшілік пен тыныштық ішінде, бір жерде өмір сүруін қамтамасыз ететін құралдар жиынтығы.
Дінтану саласының жіктеуі бойынша дәстүрлі әлемдік діндер: христиандық (кітабы – Інжіл), буддизм (кітабы – Зораб), иудаизм (кітабы – Таурат), ислам (кітабы – Құран Кәрім). Енді осы әлемдік діндерге қысқаша тарихи шолу жасайық.
Исламның қасиетті кітабы – Құран Кәрім.
Ислам діні Сунниттік және Шииттік екі үлкен бағытқа бөлінеді.
Қазақстан Ұлт бірлігі доктринасында қазақстан халқының даналығы, кеңдігі мен сыйластығы этникалық тегіне, әлеуметтік, діни және шығу тегіне қарамай жаңа мемлекеттің барша халықтың бірігуіне мүмкіндік жасағанын атап көрсетеді. Ұлттық бірлік халықтың этникалық шығу тегі, дініне қарамастан әр тұлға Қазақстанмен және оның болашағымен бірігуіне бағытталады.
Бірінші қағида - «Бір ел - бір тағдыр» әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының Қазақстан Республикасымен ортақ екенін түсіну. Бүкіл Қазақстандықтардың алдына қойылған мақсат - негізгі құндылық: егемендігімізді, бейбітшілігімізді, бірлігімізді сақтай отырып, ұрпақтан - ұрпаққа амантауды көздейді.
Екінші қағида - «Тегі басқа - теңдігі бір» этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру.
Үшінші қағида - ұлт бірлігінің біріктіруші және бекітуші бастау ретінде ұлт рухын нығайту және дамыту.
Мұхаммед пайғамбардың хадистерінің тәрбиелік мәні ерекше.Ол адамның рухани дамуына саналы түрде ықпал етеді.
Ислам – кемелденген монотеистік дін, араб тілінде берілу, мойынсұну, бейбітшілік деген мағыналарды береді.
Ислам бойынша дін - ақыл иесі саналы адамдарды, өз қалауларымен қайырлы болған нәрселерге жетелейтін Тәңірлік заң .
Дос туралы. Досыңды соншалықты құлай сүйме, күндердің күнінде дұшпаның болып шығуы мүмкін. Дұшпаныңмен де қатты жауласпа, күндердің күнінде досыңа айналуы мүмкін; Кім-кімді дос тұтса, соған пейілін білдіріп қойсын; Жерді атына қарап, адамды досына қарап тануға болады. Ата тегіңді, туыс-туғандарыңды жақсы танып біл. Өйткені өзара қатынас жасауың үшін қажет болады.
Көрші қақысы. Көршілерің сені жақсы адам дейтін болса, жақсысың. Егер олар жаман дейтін болса, демек, жамансың. Көршіңе жақсылық жаса – ұйқың тыныш болады. Екі түрлі адамға Алла қиямет күнінде рақым етпейді: туған-туыстарынан мүлде қол үзіп кеткендерге, жаман көршіге.
Аманат туралы. Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға – сен қиянат жасама. Мүмкін болғанынша адамдарды қатал жазаламауға тырысыңдар. Бірақ қатал жазаны мүлде қолданбауға да болмайды. Әлдебіреулеріңе қазылық тие қалса, ашу үстінде үкім шығармаңдар, арызданып келгендермен тең, бірдей қарым-қатынас жасаңдар.
Жақсылық туралы. Дүниеден өтіп кеткендердің тек жақсы жақтарын ғана еске алыңдар. Жаман жақтарына келгенде тілге тыйым салыңдар. Өлмей тұрып, даярлығыңды тексеріп қой. Адамдарға жақсылық жасау, туған-туысқандармен жақын байланыс жасап, хал-ахуал сұрасып тұру – сауабы; тиетін қайырлы істер. Алла алдындағы үйлердің жақсысы – жетімдерді құрмет тұтатын үйлер. Адамдарға тағам жегізіп, шырындай тәтті сөз сөйлеңдер. Жақсылықты – қабағы ашық, жүзі жарқын адамдардан күтіңдер. Кездескенде кім бұрын сәлем берсе, Аллаға сол адам бойұсынғыш. Діндарлардың абзалы – мінез-құлқы жақсылар. Кім ақылды болса – сол бақытты. Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Су сұрап келген адамға ашық қабақ танытып, шелегіне су құйып беріп, ізгілік жаса. Кеуде керіп, қыр көрсетуден сақтан. Алла тәкаппарларды жек көреді.
Шыдамдылық туралы. Егер біреу сені ғайбаттаса немесе жоқ айыптарды тағып, қорласа – сен сонда да оның бар айыпты бетіне басып, кінәлама, сонда күнәсі – оған, сауабы – саған болады. Ешкімді ғайбаттама! Алладан қорқыңдар және перзенттеріңнің бәріне бірдей мейірбан болыңдар! Иманның абзалы – сабырлылық пен кеңпейілділік. Алланың берген ризығына разы бол – басқалардан гөрі дәулеттірек өмір сүресің. Өзің сүйген нәрсені өзгелерге де лайықты деп біл – сау-саламат жүресің. Көп күлме.
Діни мерекелер: айт мұсылмандардың ең үлкен мерекесі. Ораза айт, құрбан айт, айт намазы т.б. Ораза айт - рамазан айы біткен соң, яғни күн ораза біткеннен кейінгі бірінші күні таңертеңгісін бүкіл мұсылман жамағаты өз үйінің маңындағы мешіттерге жиналып, айт намазын оқиды. Бұл оразаның соңғы өтелетін шарты. Намаз оқылып болған соң айт мейрамы басталады. «Оразаң қабыл болсын, айтың мүбарак болсын»!-деп қол алысып, төс қағыстырып құттықтасады. Құрбан айт рамазан айы біткеннен кейін 70 күн өткеннен кейінгі 3 күн тойланатың мұсылманның ең қастерлі мейрамы. Таңертеңгілік намаздан кейін құрбандыққа мал шалынады. Құрбан айт кезінде жетім - жесір, кедейлерге садақа таратылады.
Ораза айт пен құрбан айт - ұлттық діни мейрам санатына қосылып, адалдық, мейірімділік, қайырымдылық, ынтымақ мерекесіне айналып отыр
Қазақ еліндегі ислам. Қазақ жеріне ислам ҮІІІ ғасырдың соңы ІХ ғасырдың басында ене бастады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда Х ғасырдың басында карахандар мемлекетінің негізін салушы, Қарлұқтар бірлестігіне кіретін шығыл тайпасынан шыққан Сатук абд әл- Керім Боғра хан да қабылдаған(915-955 жж.) , ал оның ұлы 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған. Ислам қасиетті аяндарға негізделген, рухани адамгершілік, ғылыми философиялық қоғамдық саяси және экономикалық бағыттағы жан - жақты мазмұнды, тұтас дүниетаным болып табылады және адамға оның қызығушылығын тудыратын кез келген нәрсені терең ұғындырып береді .
Ислам дінінің қазақ жерінде қалыптасуы Арыстанбабтың келуімен байланыстырады.
Ислам дінін алғаш білім беру мекемесі мектепке, балаларға арнап жазған Ы.Алтынсарин 1884 жылы «Мұсылманшылықтың тұтқасы» /Шариатул-ислам/ атты оқу құралын ерекше атауға болады. Автор оқу құралын жазудағы мақсаты жөнінде былай дейді: ... біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеу үшін, ... осы оқу құралын құрастыруға кірістім»,- деп атап көрсетеді. Аталған оқу құралы білім беру жүйесіне ислам дінін оқытуға негізделген алғашқы кітаптардың бірі болып табылады.
Бұл тақырып әлемдік діндер мен философиялық ойларды рухани құндылықтармен байланыстыра қарастырған Абай мен Шәкәрім еңбектерінде де тың көрініс береді. Аталған ғұламалардың мұралары қанша уақыт өтсе де өздерінің құндылықтарын жойған емес. Күннен-күнге аталған еңбектердің мазмұнын бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қолдануға сұраныстардың саны артып отыр. Адамзат баласына рухани таяныш болған діни тәрбие ұстанымдары қазіргі таңда бүкілхалықтық қажеттілікке айналды.
Абайдағы ақыл мен жан және тән ұғымдары мен 38-сөздегі Алланың сипаттары мен есімдері, иман туралы толғаныстары адамгершілік негізі – жәуәнмәртлік жөніндегі іргелі танымнан бастау алады. Яғни, жәуәнмәртлік ең әуелі адамгершілік негізін құрайтын ақыл, әділет, рақым атты үш қасиеттің жиынтығы екендігі поэтикалық тұрғыда айқындалады. Осыдан барып кемеңгер өзінің толық адам танымының негізін қалады.
Абайдың адамгершілік ілімін танытатын толық адам ақындағы жәуәнмәртлік, иманигүл (үш сүю) арқылы өзегі мен мәніне жетеді. Толық адам адамзаттың болмыс бүтіндігін танытса, иманигүл (үш сүю) адамзатты асыл, абзал ететін адамгершіліктің ең түпкі негізін көрсетеді.
Жалпы, Абай Шығыстық мұралардан рухани тiрегi ретiнде ислам дiнiнiң гуманистiк сипатын, исламдық фәлсәфаның прогрессивтiк мәнiн ашқан.Алланың растығына, құдыретiне, мейiрiмiне, кереметiне бас ие отырып, “Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәттi”,- деп Алланың адамды махаббатпен жаратқаны үшiн адамның да Алланы махаббатпен берiле сүюiн уағыздайды.
Дүниетанымдық еңбектерінің шыңы «Үш анықта»: «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан. Ұждан дегеніміз - ынсап, әділет, мейрім»,- деп жазған. Шәкәрім осы еңбегінде «өлгеннен соңғы өмір жолы», «әлемдегі барлық нәрсе өздігінен жаралған» деген екі жолдың анығын іздеп, жүздеген философ ғалымдардың еңбектерін талдай отырып, «АР (Совесть) - жанның тілегі. Неге десеңіз жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылайтын нәрсе. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды»,- деген қорытындыға келеді.Адам бойындағы жан мен рухтың биіктігін ғұлама бірінші кезекте қарастырады. Жанның өзін - сезімді жан, аңғарлық жан, ойлайтын жан, ақылды жан деп әр түрлі қасиеттерін атайды. Жанның бұлай бөлінуін дене бітіміне, себептеріне байланысты екенін, дене әр түрге түскен сайын жан да өсіп, өніп, жоғарылайды. Жан екі өмірде де азығы ұждан деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті жоғарылаудың ең зор жәрдемі үш анық дегенім осы», - деп тұлғаға қатысты сезімді жан, аңғарлық жан, ойлайтын жан, ақылды жан тұрғысынан қарастыра отырып, жан мен рухтың сәйкестігінен рухы биік тұлғаны қалыптастыруға болатынын ғылыми түрде дәлеледейді.
Ұлтымыздың дана тұлғасы Шәкәрім: «Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым.
Сол ойымды, тапқанымды жазып, кейінгіге қалдырмақ болдым. Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым. Адамның арты бүгінгілер ғана емес, кейін де келешектер бар. Дәуір артқа тартпайды. Өмір жаңара бермек, өмір жаңарса, адам тазара бермек. Еш нәрсе біржола жоғалмақ емес, өзгеріп қайта келмек. Тарих мәңгілік. Ол өткеннің тазасын, жарамдысын алмақ. Жаңа заман тарихтың тазасына, асылына орнамақ. Тарихтың отындай тазасы, алмастай асылы жаңа дәуірдің іргетасы болмақ», - деп, өзінің ғұмыр бойғы жиған рухани мол қазынасын үміт еткен ұрпағы бізге мирас етіп қалдырды.
Основная литература:
Құран Кәрім Аударған Халифа Алтай. Өңдеуші Дәлелхан Жаналтай. Мәдина, 1991. -597 б.
Қорқыт ата кітабы. Түрік тілінен аударған Б.Ысқақов - Алматы. Жазушы. 1994. -160 б.
Ислам. Энциклопедия. /Бас редакторы Р.Нұрғалиев. - Алматы. «Қазақ энциклопедиясы». 285 бет.
Сейтбеков С. Иман негіздері. Алматы. «АСТ Полиграф» . 2011. -376 б.
Маймақов Ғ. Қазіргі заманғы дінтану негіздері. Оқулық. Алматы. ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. 2013. - 235 б.
Артемьев А.И. Дінтану. Жалпы дінтану негіздері, діндер тарихы, Қазақстандағы діндер. Алматы. «Бастау» баспасы. 2008. – 569 б.
Қазақстанның дін жөніндегі мемлекеттік саясаты. /Асан А.Т., Балапанова А.С., Козырев Т.А. – Алматы. Қазақ университеті, 2013. -213 б.
Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері. - Алматы. Жазушы. 1993.- 64 бет.
Қазақстандағы діндер. Хрестоматия. І-ІІ бөлім. Алматы. «Бастау». 2011. – 384 б.; 368 б.
Абай Қара сөздері. Алматы. 1996.
Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты. Алматы. «Қазақстан». – 1993. -80 бет.
Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. Алматы. «Қазақстан» және «Ғақлия» ғылыми - әдеби орталығы. -1991. – 80 бет.
Үлгілі үйдің ұл қызы. -Алматы. «Санат», 2000. -208 б.
Қожаев А. Арыстанбаб және оның кесенесі. - Шымкент. «Жібек жолы».1996. -48 бет.
Есім Ғ. Сана болмысы. (Саясат пен мәдениет туралы ойлар) - Алматы. «Ғылым». – 1999.
Мұхаммед пайғамбар, өмірі мен қызметі.- Алматы: Жазушы. 1991. – 176 б.
Қазақстандағы діндер. Хрестоматия. І-ІІ бөлім. Алматы. «Бастау». 2011. – 384 б.; 368 б.
Алла тағаланың 99 есімі. Имам ағзам кітабы. - Алматы: 1997. -15 бет.
Дербісәлі Ә. Ислам және заман. –Алматы. 2003.
Климович Л.И. Ислам. –Москва. 1965.
Орынбеков М. Верования древнего Казахстана. –Алматы. 1997.
Достарыңызбен бөлісу: |