Курсқа жалпы сипаттама «Қазақ мәдениетінің тарихы» курсы Қазақстан Республикасындағы қазақ мәдениеті дамуының тарихын ашады. Оның негізіне алғашқы қауымдық құрылыстан бастап қазіргі заманғы кезеңге дейінгі қазақ халқының мәдениетінің қалыптасу кезеңдері жөнінде нақты деректер береді.
Бұл курс Қазақстан тарихымен тығыз байланыста. Берілген оқу курсы алғашқы қауымдық құрылыстан бастап қазіргі кезеңге дейінгі мәдениет тарихын қамтиды.
«Қазақстан мәдениетінің тарихы» пәнінің өзекті мәселелерін, әсіресе бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар тарихы жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайталау қажеттілігі туындап отыр. Сындарлы кезеңдердің талқысынан өтіп қана қоймай, осы бір тарихи дәуірдердің рухын жинақтап, мейлінше бай тәжірибе-тағылымды өз бойына сіңіре білген, өзінің сан-саналық қасиеттерімен ерекшеленетін «мәдениет» атты ұлы күштің бағзы замандардан-ақ адамзат баласының зерттеу және оқып-білу объектісіне айналғандығы ақиқат. Қазақстан мәдениетінің тарихы — жас мамандарды біртұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптасып қана қоймай, олардың бойындағы өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын өркениеттілік құндылықтарға негізделген ілім жүйесін құрайды. Қазақстан мәдениетінің тарихы — мәдениеттанудың басты объектісі және адамның табиғаттан тыс болмысының жемісі мен адамзат баласының сан ғасырларға созылған тарихи тәжрибесін адам санасында қалыптастырып, болашақ ұрпаққа бере білудің басты саласы. Сонымен қатар, нәтижелік тұрғысынан алып қарастырғанда, мәдениет адамзат баласының өмірі мен қызметін жан-жақты ұйымдастырудың түрлі формаларының жиынтығы болып табылады. Қазақстан мәдениетінің тарихы заман ағысына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін қамтамасыз ете отырып, маманның рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтар болмысын байытып, жалпы мәдени құндылықтардың маңыздылығын арттыра түседі. Демек, Қазақстан мәдениетінің тарихы білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты оқушылардың адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.