Р/н
|
Тақырыптың аты және мазмұны
|
Сағат саны
|
Тексеру түрі
|
Әдебиет
|
апта
|
1
|
Ежелгі көшпенділер мәдениетіндегі мифология және космогония.
|
2
|
Конспект жасау
|
Ә-1,3,4,23
|
1
|
2
|
Қазақ мәдениеті тарихындағы шешендік өнер.
|
2
|
Коллоквиум.
|
Ә-9,14,15,16,19,20
|
2
|
3
|
Қазақ ойшылдары еңбектеріндегі мәдениет мәселесі.
|
2
|
Әңгімелесу. Пікірлерін талдау.
|
Ә-5,23,29,33
|
3
|
4
|
Мәдениет және дін. Қазақстандағы ислам дінінің дамуы.
|
2
|
Дөңгелек стол
|
Ә-7,56,57.
|
4
|
5
|
Құран кітабының ислам мәдениетіндегі орны.
|
2
|
Ауызша талдау.
|
Ә-4,5,23,29
|
5
|
6
|
Ортағасырлық Қазақстан жеріндегі қала мәдениетінің өркендеуі.
|
2
|
Презентация жасау.
|
Ә-1,3,6
|
6
|
7
|
Қазақ хандықтарының көрші халықтармен мәдени алмасуы.
|
2
|
Конспект жасау
|
Ә-1,5,18,23,54
|
7
|
8
|
Қазақстан мәдениеті тарихындағы жазу мен әдебиеттің дамуы .
|
2
|
Эссе.Талдау.
|
Ә-11,21
|
8
|
9
|
Ш.Уалиханов - шығыстанушы ғалым .
|
2
|
Мини-конференция
|
Ә-1,7,23
|
9
|
10
|
Кеңес мәдениетінің қайшылықтары мен жетістіктері.
|
2
|
Пікірталас.
|
Ә-1,6,21
|
10
|
11
|
ХХ ғасыр мәдениетіндегі театр мен киноның рөлі.
|
2
|
Пікірталас.
|
Ә-1,7,23
|
11
|
12
|
Мәдениеттегі дәстүрлілік пен жаңашылдық.
|
2
|
Конспект жасау
|
Ә-4,5,23,29
|
12
|
13
|
Қазіргі замандағы Қазақстандағы ұлттық мәдениеттердің жаңғыруы.
|
2
|
Әңгімелесу. Пікірлерін талдау
|
Ә-7,56,57.
|
13
|
14
|
Қазақ тілі мен әдебиетенің дамуындағы бүгінгі күннің тауқыметтері.
|
2
|
Дөңгелек стол.
|
Ә-4,5,23,29
|
14
|
15
|
Постмодерн-ұлттық мәдениет туралы
|
2
|
Конспект жасау.
|
Ә-7,56,57.
|
15
|
|
Барлығы:
|
30
|
|
|
|
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары
Қостанай , 2009 .
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.
Жоғарғы оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір студент пән бойынша бірнеше өзіндік жұмыстарды жазып өткізуі керек. Өзіндік жұмыстарға арналған тақырыптар топтастырылған.Тақырыптар саны жеткілікті мөлшерде құрастырылған.Тақырыптар тиісті деген әдебиеттердің тізімімен қамтамасыз етілген, дегенмен, соңғы уақыттарда баспадан шыққан жаңа кітаптар тақырыпты ашуға көмектессе, тізімде көрсетілмеген әдебиеттерді де пайдалануға болады.
Студенттер өзіндік жұмысты орындамас бұрын, сабақ жүргізетін ұстаздарынан тиісті кеңестер алуы қажет.Ұстаз тарапынан жасалынған ескертулер мен түзетулерді толықтырып, жұмысты көрсетілген уақытта тапсыру.
Пән бойынша студенттер мына жұмыс түрлерін жүргізеді:
- Тыңдалған және жазылған лекция тақырыптарын өңдеу;
Семинар сабақтарына дайындалу;
Пән бойынша емтиханға дайындалу.
№
|
Жұмыс түрі.
|
Тақырыбы
|
Көлемі
|
Бақылау түрі.
|
1.
|
Лекция конспектілерімен жұмыс
|
1 Кіріспе
2.Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстан халықтарының мәдениеті
3.Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті
4.Ежелгі қазақ жеріндегі V-Х ғасырлардағы түркі қағанаттары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.
5. Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениеті.
6.ХІІІ-ХҮғғ ежелгі қазақ жеріндегі ұлыс, тайпалардың мәдениеті
7.ХV-ХVІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті
8.ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мәдениеті.
9.Қазақ қоғамындағы отбасылық, некелік қатынастар
10. Ислам дінінің шығуы және Қазақстанға тарауы
11. ХІХғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті
12. ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ бас Қазақстан мәдениеті
13. ХХғ 50-60 жжҚазақстан мәдениетінің дамуы
14. Егемен Қазақстанның мәдениеті
15. Ақпарат және мәдени-ағарту орындарының қызметі
|
0,5 сағ
0,5 сағ
0,5 сағ
0,5 сағ.
0,5 сағ.
0,5 сағ
0,5 сағ.
0,5 сағ.
0,5 сағ.
0,5 сағ
0,5 сағ
0,5 сағ
0,5 сағ
0,5 сағ.
0,5 сағ.
0,5 сағ
0,5 сағ.
0,5 сағ.
0,5 сағ.
0,5 сағ
0,5 сағ
0,5 сағ
0,5 сағ.
0,5 сағ.
0,5 сағ.
0,5 сағ
0,5 сағ
0,5 сағ
0,5 сағ
0,5 сағ
|
Конспект тексеру
|
2.
|
Семинар сабақтарына дайындық.
|
Студент әр семинар сабағына 2 сағаттан кем емес дайындалу қажет.
|
15
|
Семинар сабағындағы ауызша жауабы
|
3.
|
Пән бойынша емтиханға дайындық.
|
Барлық тақырыптар бойынша
|
8 сағ
|
|
4.
|
Баяндамалар мен рефераттар дайындау
|
Пән бойынша тақырыптар таңдау
|
7 сағ
|
|
Барлығы
|
45 сағат
|
СОӨЖ бен СӨЖ-ге әдістемелік нұсқау.
Тақырып бойынша шолу дайындау – яғни 1-2 параққа әдебиетке қысқа шолу жасау, оған Интернеттың ақпарат ресурстары және баспасөздің қосымша материалдары кіреді.
Глоссарий – қазақ және орыс тілдеріндегі терминдердің қысқа түсіндірілуі (шетел тілге аударылуы мүмкін); тапсырылған тақырып бойынша орындалады.
Семинар – сабақ ретінде студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі болып табылады және әр түрлі формаларда да болуы мүмкін, оқытушы оны жүргізу үшін өз авторлық идеясын құрастырады.
Реферат – СӨЖ ең көп кездесетін түрі, белгілі бір тақырып бойынша баяндама ретінде болады, оның ішіне әдебиеттің міндетті тізімі, ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнының талқылануы кіреді. Одан да қызықты және шығармашылық жұмыс бұл рефератқа оппозиция жасау, яғни қарама-қарсы көзқарас ұсыну, оның барысында студенттерде анализдеу және дискуссияны жүргізу іскерліктері дамиды.
Коллоквиум берілген пән бойынша білім деңгейін және дайындылық деңгейін анықтау үшін көмектеседі, ол сұхбат түрінде болады.
Өздік жұмысқа арналған сұрақтар, оларға берілетін жауаптар терең анализ негізінде болуы керек. Эссені көбінесе үлкен курстарда оқитын студенттерге береді, бұл өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты өз ойларының айтылуы, ол әр түрлі сын жанрларда болады.
Презентация – студент өз презентациясына әр түрлі тақырыпты алуына болады және презентацияда көрсетілген аспектілерге өз көзқарасын білдіреді; презентация келесі критерийлер бойынша бағаланады: тақырыптың ашылуы, тыңдаушылардың қызығушылығын оятты ма, студент берілген мәселеге жауапкершілігімен ат салысты ма.
Нақты оқу жағдайлары – студенттерге көп жай және күрделі жағдайлар беріледі, олар бойынша студенттер сұрақтарға жауап беруі керек немесе мәселеге өз көзқарасын көрсетеді; жақсы дайындалған студенттер өз кейсін жазуы мүмкін.
Қызметтік ойындар студенттерде болашақ мамандықтың іскерліктеріне үйретеді; кейбір ойындарға үй дайындығы немесе кітапханаларда аяқталуы керек.
Топ жобасы - топта 3-5 адамнан аспауы керек, әрбір топ өз проектын дайындауы керек.
Жеке жоба – жақсы дайындалған студенттер өз еркімен жасайды; жұмыс тақырыптың өзектілігімен, зерттеушілік сипатымен көзге көрінуі керек; проект қорытыныдысы студенттік конференцияда баяндалуы мүмкін.
Глоссарий.
Хазар- 775-780 жылдарда Византияның билеушісі болған Лев.
Қорқыт ата кітабы - сан ғасырлар бойы аса бағалы тарихи мәнәң, көркемдік қасиетің, сапасын жоймай, ауыз әдебиетінің асыл мұрасы ретінде ұрпақтан қрпаққа тарап келе жатқан шығармалардың бірі.
Ақбозат пен Көкбозат - Темірқазық маңындағы екі жұлдыздың аты.
Айт келін - келін түскенде айтылатын беташар.
«Мың бір маржан» - көрнекті мәдениет қайраткері Ақселеу Сейдімбековтың қара өлеңі.
«Жүсіп-Зылиқа» - Дүрбек ақынның дастаны.
Күрһән- «Құран» деген сөз, оқылатын жазу деген қазақша мағына береді.
Ерзен хан – 1320-1344 ж.ж Ақ-Орданың билеушісі болған хан.
«Мұңлық-Зарлық» - ноғайлы елінің қызықты қисаларының бірі.
Іиас ад-Дин Әбу-л Мадж Мухаммед – Жаңадария жағасындағы Жент қаласының тұрғыны , көрнекті ақын, оқымысты.
«Бақырғани кітабы» - Ахмет Иассауидің шәкірті жазған кітабы.
Махмуд Қашқари – қазақ жерінде дүниеге келіп, халқымыздың мәдениетін дамытуда дәстүрі мен салт санасын қалыптастыруға үлкен үлесі бар ұлылардың бірі.
«Құтадғұ білік» - Ж.Баласағұнидің Құт әкелетін білім деген еңбегі.
«Бұхара тарихы» - Әбу-Бәкір Ән-Наршаһи бағалы мұрасы.
«Северная пчела» - Мұхамбет Салық Бабажановтың 1860 ж. Шыққан журналы.
«Тіл түзету кітабы» - Исмаил Жауһаридің даңқты кітабы.
«Фараб» - Арабтар Отырар қаласының тұрғындарын осылай атаған.
«Набатейлік» - араб жазуының алғашқы нұсқасы.
«Тилля Кари» мен «Шеридар» - Азиядағы аса ірі діни оқу орындары.
«Ғылымхал» - Халифа Алтай қазақшаға аударған толықтырылған кітабы.
«Әдет» - \арабша әдет-ғұрып\ - исламды уағыздаушы бірқатар халықтардың әдеттегі \шариғаттан өзгешелігі\ жазылмаған заңы.Әдет қазақ қоғамымен тікелей байланысты, көптеген ережелері рулық-тайпалық қатынас тұсында қалыптасып, адамгершіліктің кейбір қарапайым нормалары өмірлік қасиеттке айналды.
«Мемлекет» - қоғамды басқаруды жүргізетін, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайтын қоғамдық-саяси жүйенің негізгі институты.
«Мемлекеттік тіл» - ҚР мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – тұрғылықты халықтың және ҚР азаматтарының басым көпшілігінің тілі.
«Сүмбіле» - жаздың соңғы айы.Осы айда сүмбіле жұлдызы туады.
«Мүбах» - басқаларға пайдасы жоқ, зиян келтірілмейтін әр адамның бос уақытында шұғылданатын ісі.
«Ұлт» - бұл адамдардың экономикалық , территориялық , тіл, мәдени-психологиялық байланыстармен біріккен тұрақты қауымдастығы.
« Ауыл» - қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы, ол туыстас, қандас жақын адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған.
«Еңбек құралдары» - адамның өзі мен еңбек затының арасына орналастыратын және оның затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланылатын зат немесе заттар кешені.
«Тайпа» - Алғашқы қауымдық қоғамдағы бір жерде тұратын, тілі бірдей,бірнеше рулардан құралған, өзара туысқандық байланыстары бар адамдар тобы.
«Абдыра» - кілтпен ашылып жабылатын сандық,текше. Абдыраның тақтай бетін қаналтырмен әшекейлеп істейді.
«Абзал» - былғарыдан, қайыстан еріп, күмістен жасаған ер тұман.
«Алтыбақан» - жайлауда түнде ойнайтын әткеншек ойыны.
«Әшекей» - өрнек, бірнәрсені әдемілеп тігу, алтын, күміс, маржанмен әшекейлеу.
«Баңғу таш» - ерте заманнан қалған эпиграфиялық ескерткіш тас.
«Барша» - қымбат матаның атауы.
«Бәдіс» - тастан шауып жасаған мүсін.
«Бедер»- тасқа, ағашқа, былғарыға, мүйізге металдың бетіне ойып салған өрнек.
«Безбен» - екі ескі қадақ , пұт мөлшерімен өлшейтін өлшеу аспабы.
«Дауылпаз» - музыкалық аспап:аңға шыққанда қағанатын барабан .
«Ән-ұран» - мемлекеттік бірлік нышанының белгісі ретінде қабылданған салтанатты өлең.
«Мәдениет»- халқымыздың ұзақ жылдар ішіндегі сұрыпталып жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, нанмы-сенімі, саналылық танытатын көзқарастар жүйесі.
«Дін» - рухани өмірдің ажырамас бөлігі, аса маңызды саласы
«Нұр пәк жан» - әрқашан таза болу, тәннің, жаннның тазалығы
«Уәжіп» - әркім өзінің білетін жақсы істерін басқаларға үйрету.
«Мустахаб»-әлсіздерге көмек беру, қайырым ету.
«Харам» -адамға не тірі жанға әдейі қастандық жасау.
«Мубах» - басқаларға пайдасы да жоқ ,зиян да келтірмейтіе істер.
«Мәкрһ» - адам өзіне тигізетінін біле тұра зиянын мас қылатын ішімдіктер ішу.
«Мурфауд»-түрегеп тұрып тамақ жеу, есінеу, әдепсіз қимылдар жасау
«Нұр, сыддық»- адалдық, әділеттік шындық
«Нұр, сабыр»- төзімділік, шыдамдылық.
«Нұр, шәкір»- қадірлеу, құрметтеу
«Нұр, фәкір»- тәкаппарлық асқақтық
«Зәкір»- көрем келбет
«Нұр, намаз» ғибадат ету, құлшылық жасау
«Ораза»- өзін тыю, қанағат ету.
«Нұр, иман»- ақиқатты түсініу және сену.
«Нұр садақа»- қайырымдылық жасау
«Парыз» - ата-баба салтын қастерлеп, тәрбие беру
«Берешек» - ұзындық өлшем мөлшері. Бір кез 16 берешекке тең.
«Көкпар» - ұлттық ойын, ойын-тойда додаға беретін лақ.
«Мәдениет» - қоғамдық, тарихи, практикалық және рухани байлықтарының адамзат жасаған жиынтығы. Қандай да бір ғылым саласындағы немесе жетістіктер даму дәрежесінің деңгейі.
«Өнер» - рухани мәдениеттің бір бөлігі болады. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болып, кейіннен сурет өнері, сәулет өнері, музыка, қолөнер деген өнер түрлеріне бөлініп, қоғамда маңызды роль атқарады.
«Петроглиф» - жартастың бетіндегі сурет.
«Сері»- сәнді киініп, салдық құратын өнерлі жігіт.
«Эпос» - әдеби шығармалардың лирика мен драмаға қарағанда әңгіме түрінде баяндай айтылатын түрі.
«Кере» - өлшем, бармақ пен шынашақтың арасы-кере қарыс.
«Шертер» - домбыраның бір түрі.
«Іскек» - кішкентай тістеуік темір.
«Іскенже» - қысқа темір.
«Сынтас» - тас бейне, тас белгі.
«Шапашот» - балға сияқты, бір жағында өткір дүзі бар, ұңғысы жеңіл ыңғайлы шот балта.
«Сықырлауық» - киіз үйдің ішкі жағынан жабылатын екі бөлек өрнекті тақтай есік.
«Масақ» - үшкір жебе, садақ оғының басындағы темір.
«Рабат» - Қазақстанның орта ғасырлық қалалар төңірегіндегі сауда қөлөнер болды.
«Ергенек» - киіз үйдің есігіне көлденең қоя салатын тақтай.
«Безеубас» - күміске өрнек жүргізетін, ұшында әр түрлі өрнектің нұсқасы бар қашау тәріздес темір.
«Жасау» - мүлік: жиһаз ұзатылған қызға арналған дүниелік, істеу, істеп шығу.
«Көбе» - батырлар киетін сауыт, темір қаптама.
«Бақан» - қазақ үйінің шаңырағын көтеретін бақа ауыз ағаш.
Пән бойынша студенттер бiлiмiн бағалаудың
рейтингтiк жүйесi
Бағалау әрбір тапсырма нәтижесінің қорытындысы бойынша анықталады:
- аралық бақылау мен білім деңгейі, пәнді меңгере білуі;
- лекция басында және барысындағы бекіту сұрақтары;
- семинар сабақтарында негізгі түсініктер мен заңдылықтарды игеру;
- семинар (ОБСӨЖ) сабақтарында тәжірибелік тапсырмаларды орындауды игеру.
І. Рейтинг балдарын бақылау бойынша анықтау
№
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Бақылау түрі
|
Балл қою
|
1
|
емтихан
|
Қорытынды бақылау
|
40
|
Аралық бақылау
|
5+5
|
Кезекті бақылау
|
50
|
|
|
Барлығы
|
100
|
Аудиториялық сабақтар төмендегідей анықталады:
лекция – 15 сағат;
семинар – 15 сағат;
барлығы – 30 сағат.
ІІ. Кезекті және аралық бақылау балдарын (30) анықтау:
Семестр бойынша 2 аралық бақылау өткізіліп, олардың әрқайсысына 30 балдан бөлінеді.
Аралық бақылаудың өткізілу кестесі:
Бақылау түрі
|
Формасы
|
Мерзімі
|
Жоғары балл
|
Тақырыптар
|
Аралық бақылау
|
Тест тапсырма-лары, тақырып-қа сәйкес тап-сырма
|
7 апта
|
5
|
1-7 оқу аптасы
|
Аралық бақылау
|
Кешенді тап-сырма, бақылау жұмысы
|
15 апта
|
5
|
8-15 оқу аптасы
|
ІІІ. Орындалған тапсырмаларға балл қою:
Тапсырма түрі:
- семинар (ОБСӨЖ) сабағында жауап берген кезде
- өте жақсы – 1 балл;
- жақсы – 0,7 балл;
- қанағ. – 0,5 балл;
- қанағатсыз. – минус 0,5 балл
- лекцияға қатысып, конспект болса – 0,2 балл;
- қосымша – 0,3-0,5 балл;
- баяндама – 1,0 балл;
- реферат – 1,5 балл;
- бақылау жұмысы – 0,3 балл;
- глоссарий – 0,2 балл;
- кроссворд құрастыру – 0,3 балл;
- студентік конференцияға дайындық – 1 балл;
- мерзімдік баспасөзге талдау жасау – 0,2 балл;
- лекция, семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса – 0,5 балл.
Семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса, студент кесте бойынша сол сабақтарды қатаң түрде өтейді.
Сабақ қалдырған студентке кезекті бақылау жұмысы тапсырған кезде, төменгі жағдайларға назар аудару керек:
егер студент себеппен сабақ қалдырған болса, оның өтелген сабағының бағалауы төмендемейді, мысалы студент «5» ке жауап берсе, баға сақталады.
егер студент себепсіз сабақ қалдырған болса, оның бағалау коэффициенті төмендейді: берілген тапсырма бір аптаның ішінде орындалса – 0,8 балл, келесі аптада орындалса - 0,6 балл, екі аптадан кейін орындалса – 0,4 балл, одан кейінгі орындалған тапсырмалар қабылданбайды.
Қорытынды бақылау тапсырмалары:
1. Бақылау жұмысына дайындық.
2. Бақылау тестісіне дайындық.
3. Глоссарийдың түсініктерімен жұмыс істеу.
ІV. Аралық бақылау тест, бақылау жұмысы, тақырыпқа сәйкес тапсырмалар ретінде оқытушының талабы бойынша өткізіледі.
Аттестация қорытындысы бойынша рейтинг балдарды анықтау:
Дұрыс жауап бергендегі %-тік көрсеткіш
|
Бағалау
|
55-60
|
5 (өте жақсы)
|
45-54
|
4 (жақсы)
|
30-44
|
3 (қанағат.)
|
0-29
|
2 (қанағатсыз.)
|
Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:
Балдар(%)
|
Бағаның әріптік жүйесі
|
Балдың
цифырлық
баламасы
|
Баға
|
95-100
90-94
|
А
А-
|
4.0 3.67
|
Өте жақсы
|
85-89
80-84
75-79
|
В+
В
В-
|
3.33
3.0
2.67
|
Жақсы
|
70-74
65-69
60-64
55-59
50-54
|
С+
С
С-
|
2.33
2.0
1.67
1.33
1.0
|
Қанағаттанарлық
|
0-49
|
Ғ
|
0
|
Қанагаттанарлықсыз
|
7. Курсты оқытудың талаптары
Студент ЖОО оқып жүрген кезінде төмендегідей талаптарды орындауға міндетті:
-Сабаққа кешікпей қатысу.
-Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.
-Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.
-Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)
-Сабақ үстінде артық сөйлемеу.
-Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.
-Сабаққа тиісті киіммен келу.
-Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)
-Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.
-Оқу процесіне белсенді қатысу.
-Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.
-Әрбір сабаққа міндетті дайындық:
-Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.
-Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.
Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою:
1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.
2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.
2.1. Пәнді оқу технологиясы
Пән бойынша барлық материал төрт бөлікке бөлінген:
Лекция сабақтары
Семинар сабақтары.
Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы.
Студенттің өзіндік жұмысы.
Қажет оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет бар, пәннің көптеген бөлімдері бойынша семинар сабақтары өткізіледі. Студент семинар сабақтарына дайындалуға міндетті, дайындалмаған студент орнын толтырады.
Кредиттік технология жоғары деңгейлі өзіндік білімге және білімді шығармашылық игеруге негізделгендіктен, кафедра студентке толықтай өзіндік жұмысты «жүктейді». Студенттердің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді. Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) кесте бойынша аудиторлық сағатта өткізіледі. Алайда ол барлық студенттер үшін міндетті емес. Әр СОӨЖ-ге лекцияға кірмеген және қандай да бір сұрақтарды бөлшектеп қарауға немесе кеңірек және тереңірек қарауға, оларды талдау дағдыларын жетілдіруге көмектесетін материалдар дайындалады. Өз бетінше жақсы жұмыс істей алатын студент аудиторлық сағаттан босатылады. Студенттің дайындық деңгейін анықтау үшін тұрақты түрде әр студенттің оқу жетістіктерінің мониторингі жүргізіледі. СОӨЖ уақытында студенттің жеткен жетістіктерін бағалау жүргізіледі, олар арнайы журналға жазылады.
Пәнді оқытуға арналған уақыттың төрттен бір бөлігінде студент оқытушының көмегінсіз өз бетінше жұмыс істейді. Бұл үшін ол оны орындауға арналған қажет тапсырмалармен және ұсыныстармен қамтамасыз етіледі.
Барлық тапсырмалар тексеру уақыты ескеріліп беріледі, оларды оқу жылының аяғында тапсыруға жол берілмейді. Бұл үшін тапсырмаларды беру және оларды тексеру графигі құрастырылады, оны қатаң түрде орындау студенттің академиялық табысқа жетуіне кепілдік береді.
Аралық бақылау жұмыстарының тапсырмалары
1 аралық бақылау жұмысының тапсырмалары. Тест жұмысының сұрақтары.
1. Ә. Қастеевтің творчестволық шығармашылығының негізгі тақырыбы.
2. Ә. Қастеевтің алғашқы жұмыстары қай жылдары белгілі бола бастады.
3. 1932ж салынған «Түрксіб» картинасының авторы.
4. 1951ж салынған үлкен ой үстінде отырған ғалым Ш. Уәлиханов портретінің авторы.
5. ХХ ғ 50ж Ә. Кастеев шығармашылығының негізгі тақырыбы.
6. Қай суретші өзіндік дарындылығымен қазақ халық мінезін қоғамға суреттеп алды.
7. «Қыз Жібек» операсы ең алғаш рет қай жылы қойылды.
8. Қазақ операсы өз дамуында қанша кезеңнен өтті.
9. Қазақ операсының даму кезеңдерінің ішіндегі ең жемісті болып сипаттайтын ІҮ кезең қай жылға жатады.
10. Қазақстанда Ұйғыр театры қайда ашылды.
11. 1956ж қойылған ең алғаш ұйғыр халқының «Назугум» операсының авторы.
12. Қазақ Ұлттық театры қай жылы ашылды.
13. Ұлы Отан Соғысына арналған «Төлеген Тохтаров» операсының авторы.
14. 1930ж басында пайда болып, мәдениеттің дамуына елеулі ықпал жасаған театр.
15. «Ана бақыты» картинасының авторы.
16. Қазақстандағы «Мәдениетті қолдау» атты мемлекеттік бағдарламасы қай жылы аталып өтті.
17. Қазақ мәдениетіне зор үлес қосқан, өзінің «Қазақтың 1000 әні мен 500 күйі» атты мәдени еңбегімен танылған этнограф ғалым, өнер зерттеушісі.
18. Тұнғыш рет күй тарихына қатысты еңбек жазған көрнекті ғалым, қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» деп аталатын көлемді мақаланың авторы.
19. 1993 ж 9 қазанда Н.Ә. Назарбаевтың қандай еңбегі жарияланды.
20. Қазақстанда 30 қыркүйек қандай күн.
21. Моңғолдағы Орхон-Енисей жазуы аталып кеткен? Тарихи ескерткіш Күлтеген бітік тасының ғылыми көшірмесі жапон мамандарының көмегімен жасалып, ұлт ұлағатын қастерлеген азамат И. Тасмағамбетовтың тікелей қамқорлығымен, ел ордасы Астанаға қашан көшіріліп әкелінді.
22. 1931ж тарих әлемінде қандай мәдени-тарихи жаңалық болды.
23. 2000 ж Еуропа құрлығындағы ең ірі мешіт ғимараты Қазақстанның қай қаласында бой көтерді.
24. 2000ж Атырау жерінде Бейбарыс... 775 жылдық мерейтойы салтанатпен тойланды.
25. Алматыда «ХХІ ғ ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты халықаралық конференция қашан болды.
26. Президенттің «Бейбітшілік пен рухани татулық» сыйлығын алғаш рет алған аудармашы.
27. Қазақстан Республикасында «Халық қаһарманы» және «Ғасыр адамы» жоғары атағын иеленген қайраткер.
28. 90-жылдары тарихтағы қасірет заманды жырлаған поэзиялық шығармалардың авторлары.
29. «Сұлтан Бейбарыс» фильмінің режиссері.
30. «Халық қаһарманы» атағын алған желтоқсан құрбаны кім.
31. Д.А. Қонаев дарынды қайраткер ретінде Социалистік еңбек Ері атағын неше рет алды.
32. «Ақсақ құлан» күйі қашан шықты.
33. Қазтуған кім болды.
34. Суфизмнің түркі дәстүрін таратушы кім.
35. 40-тан астам күй шығарған лирик-сазгер.
36. Ірі медреселерде оқылатын хикмет пәні нені оқытады.
37. Құрманғазы қай күйінде туған жерді, кең байтақ даланы, халықтың қайнымас күшін сипаттайды.
38. 1988 ж Қазақстан Компартиясы ОК-ң қаулысымен 30-40 жылдары жазаға ұшыраған қазақтың даңқты ұлдарынан кімдердің шығармашылық мұралары ақталды.
39. Республика жазушылары арасында тұңғыш Социалистік Еңбек Ері атанған кім.
40. 1974ж М. Әуезов атындағы Академиялық Драма театры ұжымы қандай қойылымы үшін КСРО мемелекеттік сыйлығын иеленді.
2 аралық бақылау жұмысының тапсырмасы. Тест жұмысы.
1. Қазақстанның ХІХ ғ рухани мұрасын зерттеуге қашан тыйым салынды.
2. 1990ж 17 желтоқсан күні Алматыда қандай мәдени – тарихи жаңалық орын алды.
3. Қазақстанда дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратын ән мен музыканың Халықаралық фестивалі.Оның алғашқы ресми ашылуы 1990 ж 29 шілдеде Алматыда Орталық концерт залында болды.
4. 1968 ж құрылған қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының вокальді аспаптық халық ансамбілін атаңыз.
5. 1966 ж «Қазақфильм киностудиясында» түсірілген «Атамекен» атты көркем фильмінің қоюшы режиссері.
6. Н. Назарбаевтың еңбегін атаңыз.
7. 1975 ж шыққан «АЗИЯ» кітабының авторы.
8. «Вальс Королі» атанған қазақ композиторы.
9. ҮІ-ХІІ ғғ аты шартарапқа мәлім болған, түрік қалаларының бірі-Атлах қай жерде орналасқанын атаңыз.
10. Географиялық атаулардың шығу тарихын, мағынасын жан-жақты зерттейтін ғылымды атаңыз.
11. Патшалар мен ақсүйектердің көне мемориал- зираты болып саналатын, б.з.д. ҮІІ-ҮІғғ жататын археологтар ашқан ежелгі құрылыстар ішіндегі ең бір елеулесі Шілікті қорғаны қазіргі Қазақстанның қай аймағында орналасқан.
12. Жезқазған мыс кенін зерттеген еңбегі үшін Қ.И. Сатпаевқа қашан мемлекеттік сыйлық берілді.
13. «Қазақ солдаты» повесінің авторы кім.
14. Соғыс жылдары жазылған «Шығанақ» повесінің авторы кім.
15. Е. Бекмахановты ресми түрде айыптаудың басы болған «Қазақстан тарихи мәселелерін маркстік лениндік тұрғыда баяндайық» деген мақала қай газетте жарияланды.
16. Соғыстан кейінгі дәуірде жазылған С. Мұқановтың шығармасы.
17. Әл-Фарабидің еңбегін атаңыз.
18. «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегінің авторы.
19. Ең алғашқы мешіт қайда салынды.
20. «Қырық мысал» атты кітабының авторы кім.
21. «Қалқаман- Мамыр» поэмасының авторы кім.
22. 40-тан астам күй шығарған лирик, сазгер.
23. Қай жылы алғаш рет Қазақстанның ұлттық-демократиялық мәдениет өкілдері Ш. Құдайбердиев пен А. Байтұрсыновтың еңбектері басылды.
24. 1911ж Орынборда жарық көрген «Маса» атты жинағының авторы.
25. Кейінгі ұрпаққа зор әдеби мұрасын қалдырған Абайдың дарынды шәкірті.
26. «Балқадиша», «Сырымбет» әндерінің авторы.
27. 1911ж шыққан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты кітабының авторы.
28. ҚР туының авторы.
29. ҚР Конституциясының күні.
30. 1992 ж желтоқсанда не қабылданды.
31. Алғаш рет Қазақстандық студенттер қай елге 1990 ж жіберілді.
32. 2000 ж қандай жыл болып жарияланды.
33. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.
34. Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттеріне 1995 ж бастап АҚШ, Батыс Еуропаның оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берген бағдарлама.
35. Дүниежүзілік Қазақстанның тұңғыш құрылтайы қашан болды.
36. Мемлекеттік бірлік нышанының белгісі ретінде қабылданған салтанатты өлең.
37. Қоғамдық, тарихи практикалық және рухани байлықтарының адамзат жасаған жиынтығы.
38. Ислам сөзінің арабша аудармасын тап.
39. Мәдениет түріне қарай нешеге бөлінеді.
40. Мұсылмандардың құдайға құлшылық етуіне, дін жорамаларын жасауына арнайы күмбезделіп салынған ғимарат қалай аталады.
Реферат тақырыбы
Рефератты жазу әдістемесі: Рефераттар даярлау. Реферат деген белгіленген тақырып бойынша ғылыми әдебиеттердегі концепцияларды қысқаша баяндау. Негізгі мәнісі деректерден маңыздыны белгілеп алып,оны қысқаша түрде баяндау.
Рефераттың көлемі 2 интервал арқылы жазылған 8 баспа беттен кем емес және 20 баспа беттен аз емес болуы керек. Рефераттың мәтіні үш бөлімге бөлінеді: кіріспеге, негізгі бөлімге және қорытындыға. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, негізгі мәселенің қысқаша сипаттамасының түйіні, жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, пайдаланған түп нұсқа деректердің мәнісін айқындау қажет. Негізгі бөлім бір-бірімен байланысты,тізбектелген.
Тақырыбы:
1. Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және тайпалық одақтар мәдениеті.
2.Ежелгі қазақ жеріндегі V-Х ғасырлардығы түркі қағанаттары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті
3. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі. «Ата балаға сыншы»
4 Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениеті.
5. ХІІІ-ХҮғғ ежелгі қазақ жеріндегі ұлыс, тайпалардың мәдениеті.
6.Қазіргі отбасы және некелік қатынастар
7.Жігіттің үш жұрты .
8. Бала тәрбиесіндегі халықтық салт-дәстүрлер
9.Отбасындағы мәселе
10.Бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі.
11.Әке мұрасы және мұрагерлік құқығы.
12. ХІІІ-ХҮғғ ежелгі қазақ жеріндегі ұлыс, тайпалардың мәдениеті 14.Отбасындағы әдептілік пен сыйластық.
13. ХV-ХVІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті
14. ХV-ХVІІ ғғ ауыз әдебиетінің дамуы.
15. Ғылым мен білімнің дамуы.
16. Ислам дінінің шығуы және Қазақстанға тарауы.
17. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болуы және ұлттық мәдениеттердің жаңғыру мәселесі.
18.Көне түрік тайпаларының мәдени өміріндегі ахуал.
19.Түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламалар.
20.Ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссалар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі :
1.Н.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. – А., 1996.
2.Назарбаев Н. Тарих толқынында А,1999
3.А.Күзембайұлы. Е.Абиль. Истроия Казахстана. Санкт-Петербург. 2004.
4.Е.Әбіл. История государства и права Республики Казахстан.
5.Х. Маданов. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы: 1995.
6.Марғұлан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата: 1966.
7. Маркова А.Н. Культурология. - Москва, 2001.
8. Межуев В.М. Мәдениет және тарих. – М., 1997.
9.Ә.Хасенов. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің дамуы. – А., 1987.
10.Казахи. Историко-этнографическое исследование. – А., 1995.
11.Хасенов Ә. Қазақстанның ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы мәдениеті, Алматы,1987.
Қосымша:
1. Абай Құнанбаев «Таңдамалы шығармалар жинағы» 1-2 том, - Алматы,1972ж.
2.А.Сейдімбек. Күй-шежіре. – А., 1997.
3.А.Жұбанов. Заман бұлбұлдары. – А., 1967.
4.А.Жұбанов. Ғасырлар пернесі. – А., 1958.
5.Ы.Алтынсарин «Мұсылманшылық тұтқасы» - Алматы,1991ж.
6.Ғабдуллин Б. «Шоқан, Ыбырай, Абай дін туралы» - Алматы,1988ж.
7.Құдайбердіұлы Ш. «Мұсылманшылық шарты» - Алматы,1993ж.
8.Мұстафина Р. «Мұсылман және қазақтардың әдет-ғұрпы» - Алматы,1993ж.
9.С.Кенжеахметұлы. Жеті қазына. – А., 2001.
10.Әуезов М. «Уақыт және әдебиет» - Алматы, 1962ж.
11.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы,1993ж.
12.Маданов Х., Мусин Ч. «Ұлы дала тарихы» - Алматы,1994ж.
13.Сыздықов Қ. «Ақын-жыраулар», - Алматы,1974ж.
14.Х.Арғынбаев. «Қазақ халқының қолөнері». – А., 1987.
15.М.Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті, - А., 1974.
16.Салғораұлы Қ. «Қазақтың қилы тарихы» Алматы, 1992 ж.
17.Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы:Ғылым,1973,288бет
18.Х.Арғынбаев. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. А. «Қайнар» 2005.
19.Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. А. «Жеті Жарғы» 1996.
20.Қозыбаев М.К.«Өркениет және ұлт». А, 2001
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
№
|
Пәннің атауы
|
Ұсынылатын оқу-әдістемелік әдебиет
|
Кітапханада бары
|
Қамтамасыз етілу мәселесінің шешілуі.
|
|
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы отбасы және некелік қатынастар
|
1.Арғынбаев Х. Қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбегі. Алматы, Қайнар. 1996 ж.
|
1.Арғынбаев Х. Қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбегі. Алматы, Қайнар. 1996 ж.
|
5 экз
|
|
|
2.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, Қайнар. 1996ж.
3.Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. Алматы, Қайнар. 2005 ж.
|
2.Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, Қайнар. 1996ж.
3.Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. Алматы, Қайнар. 2005 ж
|
9 экз
1 экз
|
Достарыңызбен бөлісу: |