Лекция сабағының әдістемесі


Мақсаты: Ислам дінінің шығу тарихына және Қазақстанға таралу себептерін анықтап, сипаттама беру Жоспары



бет51/59
Дата05.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#21354
түріРеферат
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Мақсаты: Ислам дінінің шығу тарихына және Қазақстанға таралу себептерін анықтап, сипаттама беру
Жоспары:
1. Ислам дінінің пайда болуы.
2. Ислам діні Қазақстан мен Орта Азияға
қалай тарады?
3. Қазақтың ұлы зиялылары - Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамбет Салық Бабажанов дін туралы.
1.Ежелгі түріктер, түркі тектес халықтар Көк пен Жерден кейінгі әрбір жанұяны, отбасын, бала-шағаны, тірлік болмысын қорғап қолпаштайтын құдіретті күш-Ұмай ана деп есептеген. Қасиетті Ұмай ана туралы аңыз өңгімелер қазақтың жыр, қисса ертегілерінде де кездеседі. Ежелгі түріктер басқа халықтар сияқты дүниеде ешнәрсе жоғалмайды, ештеме өшіп кетпейді, тек болмысының түрін өзгертеді. Кең даланы, орман тоғай, тау-тастарды үрей кезіп жүреді, жын-шайтан, албасты, перілер адамның оңаша кезін, шаршап- шалдығып, жан дүниесі күйзелген сәттерін аңдиды.
Сол тұстарда адамды талдырып, оны жанынан, рухынан ажырату үшін әрекет жасайды деп есептеген. Олар бұл сияқты күштерден қорғану үшін тасаттық беріп қайыр-садақа үлестіріп жүруді әдетке айналдырған. Орта Азия, Қазақстан, Әзірбайжан, Иран халықтарының дін танымы: әлем бірімен бірі келіспейтін, бітіспейтін, біріне бірі қарсы екі күштен түрады, оның бірі - қайырымдылық, ізгілік, екіншісі -зұлымдық, жауыздық, бірі жан жадырататын сөулелі, нұрлы дүние, екіншісі – қайырымсыз қараңғылықтың зілі басқан жаныңды жабырқататын, еңсеңді езетін қапас дүние патшалығы. Бұл екі дүние
aрасында толассыз, тоқтаусыз мөңгі майдан, үздіксіз күрес жүріп жатады, бұл күрес адамдарды қарама қарсы екі шепте ұстайды, - деп есептеген.
Қоғам дамуы барған сайын күрделіленіп, адамдар арасында әлеуметтік жіктеліс күшейіп, таптар, тап-тық мүдделер пайда болған тұста бұған дейін өмірде орын алып келген әртүрлі наным, сенім жоралғылары бір ізге түсіріліп, бір жүйеге келтіріле бастады. Осыдан келіп әртүрлі діндер шықты. Бұл діндердің өзі бірнеше тармаққа бөлінді. Табиғаттан тыс тұрған әлемнің құдіретті билеушісі бар деген түсінік негізінде қалыптасқан діндер адамдарғаі жаппай өз ықпалын жүргізетін дәрежеге жетті.Әлемнің әміршісі, билеушісі, құдіретті күштер болады деген тұжырыммен өз сенімін орнықтырушы діндер политеистік дін деген атаумен белгілі. Бұл күштерді біреу деп есептейтін дінді монотеистік дін дейміз. Соңғысына жататын ежелгі Мысырда, Вавилонда, Грецияда өмірге келіп пайда болған діндердің сеніміндегілер табиғаттан тыс тұрған құдіретті күшті алла тағала деп есептеді. Парсы тілінде ол құдай, арабша - алла, түрікше «тәңірі». Ал қазақтар ауырса аллалап, қысылса құдай-ай деп, тілек қылса тәңірім деп, бір мағынадағы атаулардың бәрін де атап үйренген.
Дүниежүзіндегі ең ерте пайда болған дін – будда діні. Біздің жыл санауымыздан бұрын VI ғасырда Үндістанда шыққан бұл дін Хинаяна, Махаяна, Ламаизм болып бөлінеді. Олар Үндістан, Тибет, Монғолия, Тайланд, Жапония, Камбоджо, Лаос, Непал, Цейлон, Въетнам т.б. елдерге кең тараған. Бұрынғы Кеңес Одағына қарап келген буряттар мен қалмақтар да осы дінді ұстанады. Христиан діні біздің жыл санауымыздағы бірінші ғасырда пайда болып, кеңінен тарады. Кіші Азияда өмірге келген бұл дін Еуропаға, кейінірек Америка елдеріне жайылды. Ол католиктер, протестанттар, православие болып үш шіркеуге, үш салаға бөлінеді. Православие шіркеуіне орыс, беларус, украин, болғар тағы сол сиякты славян халықтары кіреді.
Біздің жыл санауымыздың VII ғасырында өмірге келген, қазір дүниежүзіндегі халықтардың 800 миллионнан астамын мұсылман ретінде табындыратын ислам діні христианнан кейінгі екінші әлемдік дін болып табылады. Ислам діні шииттер, суниттер, исмаилиттер болып бөлінеді. Мұсылмандардың 90 пайызға жуығы суниттер. Олар Мұхаммед пайғамбар мен оның серіктері болған төрт Халифке Әли (Ғали), Әубәкір, Омар, Османға сиынады. Ал сол халифтердің соңғы екеуін шииттер мойындамайды. Әлемдегі ислам діні қауымдастыры бар 120 елдің отыз бесінде осы дінге табынушы халықтар, мұсылмандар сол елдердегі халықтың 80 пайызын ұстайды. Азия мен Африка құрлығының 28 мемлекетінде ислам діні мемлекеттік немесе ресми дін болып есептеледі. Олардың арасын-да Египет, Кувеит, Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Пәкістан, Ауғанстан т.б. бар.Кейбір елдерде Ислам партиялары құрылған, олар саясатқа ықпал жүргізеді.
Ислам діні қайда, қашан, қалай пайда болды? Бұл туралы не білеміз?
Бұл дінді ерте дүниеден Орта ғасырлық даму жолына түскен Араб елдеріндегі коғамдық процестердің заңды жалғасы ретінде өмірге келді деуге болады. Таза діндік тұрғыда оның қалыптасуы одан бұрын өмір сүріп келе жатқан христиан, иудей, зороастризм діндерінің, сондай-ақ араб елдері тұрғындарының діни сана-сезімі дамуының зор ықпалы болды. Араб халқы Азия құрылығының оңтүстік-батысын мекен етеді. Олар Еуропаша - Арабия, түркі және парсы тілдерінде Арабстан деп аталатын жерді ерте заманнан бері мекендеп келе жатқан, табиғаттың ыстық аптабына шыныққан халық. Оның қоныс.етіп отырған жері - тақыр, суы тапшы, шөл, шөлейт болып келеді.Онда егін егудің, мал өсірудің мехнаты күшті. Қырық жылда бір рет жауған қар - екі-үш күн ғана жатып еріп кетеді. Тұрмыс-тіршілігі осы шөлге бейімделген арабтардың көпшілігін бәдәуи деп атайды. Олар сиыр, түйе, ешкі сияқты түліктерді, сондай-ақ жылқы да өсірген.
Араб елдерінде ислам діні пайда болғанға дейін бұл жерлерде иудаизм, христиан діндері кең тараған болатын. Қайшылығы күшті, бір-біріне қарама-қарсы көзқарастардың, әртүрлі тарихи этникалық сюжеттердің жиынтығы болып келген бұл діндердің догмалық кітаптарындағы аңыз әңгімелерді, әртүрлі тұжырымдарды Мұхаммед өз идеяларын насихаттау үшін кеңінен пайдаланды. Иудей, христиан діндерінің ислам діні жүргізіп жатқан «тазалау» қызметін қолдауы ислам дінін дәріптеушілердің кебеюіне, оның арабтық ерекшелігінің күшеюіне әсерін тигізді. Сөйтіп, көп ұзамай мұсылмандықтың қағидалары мен жоралғылары қалыптасып, исламның басқа діндерден артықшылығы жөніндегі ой-пікір өріс алды.
Арабияда сыртқы жауларға қарсы күрес араб елдерінің саяси, экономикалық, этникалық, мәдени бірігуіне, топтасуына жол ашты. Осы күрестің барысында Мұхаммед ислам дінінің онан әрі дамуына, беделінің өсуіне сонымен бірге жаңа үммә-халифат атты саяси бірлік қозғалысын құрып дамытуға қол жеткізді.
Ислам дінінің және мұсылмандардың тұңғыш қауымдастығының негізін қалаушы Мұхаммед біздін жыл санауымыздың 570 жылғы 20 сәуірде таң сәріде Мекке қаласында дүниеге келді. Оның құрметті аты араб тілінде Мұхаммед Ахмет Имін ал Әбіл Әбілхасым.
Мұхаммед дүниеге келмес бұрын әкесі, бес жасқа келгенде анасы қайтыс болады да, оны атасы Әбділ-Мүталип тәрбиесіне алады. Сегіз жасқа келгенде бабасы да қайтыс болып, оның өсиеті бойынша Мұхаммедті тәрбиелеу міндеті Мұхаммедтің әкесі Абдолланың інісі Әбу-Төліпке жүктеледі.
Мұхаммед 25 жасқа толып кемеліне келген жігіт болған тұста Меккеге аса бай, ауқатты жесір әйел Хадиша оны өзінің сауда-саттық жұмысын басқаруға шақырады. Ол Мұхаммедтің әріректен қосылатын туысы, төртінші атасы Әбді-Мөнөптің немересі Хобейлиттің қызы болатын. Бұрын екі рет түрмыста болып, отасқан адамдарының екеуі де қайтыс болған жесір еді. Мұхаммедтің сауда істеріндегі табыстарын, оның дін жөніндегі көзқарастарын ұнатқан Хадиша 595 жылы оған тұрмысқа шығады. Осы некеден ол екі ұл, төрт қыз көрді. Ұлдары ерте қайтыс болып, Рухия, Күлсім, Зейнеп, Фатима атты қыздары өседі.
Мұхаммедтің жыл сайын Меккеден онша қашық емес Хир тауларының үңгірлеріне жаяу барып, оңаша күн кешіп, сонда түнеп жүретін әдеті болды. Осындай саяхат кезінде ұзақ ойларға беріліп, жаяу жүріп шаршап келіп, сол үңгірлердің бірінде ұйықтап кеткен Мұхаммедке алла тағала аян беріп түсіне енеді. Бұл 610 жылы Рамадан айы болатын. Мұхаммед бірнеше күн өзінің көргендеріне сене алмай жүреді. Осындай қалың ойға беріліп, бірде үйінің жанында гүлзар бағында шапанына оранып ұйықтап кеткенде, оған алла тағала екінші рет аян беріп, алланың айтқанын адамдарға жеткізіп, атын шығаруға тиісті елшісі екенін айтқанда Мұхаммед оған шын көңілмен ден қойып сенеді. Осыдан бастап алла тағаланың ақиқатын адамдар арасында, арабтар арасында ашық насихаттауға белсене кіріседі.
Мүхаммед жөне онын серіктері ислам дінін насихаттауға кіріскен алғашқы күннен бастап әлемнің жаратушысы алла тағала екеніне сенуге шақырған.
Мұсылманшылықтың екінші сенім негізі, екінші шарты - Мұхаммедтің тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген өкілі, елшісі, пайғамбары екеніне сену, соны мойындау болған. Ислам дінін насихаттау, уағыздау осы екі сенімді таратудан басталған.
632 жылы наурыз айында Мұхаммед өз өмірінде соңғы рет Меккеде болды.
Мұхаммед өмірінің соңғы жылдарында исламның билігін Арабияның солтүстігіне тарату жөнінде өз серіктерінің алдына келелі міндет койды. Осы мақсатта Сирияны басып алу үшін әскери экспедиция жабдықталып жатқан кезде аз күн ауырып Мұхаммед 632 жылы шілденің 8 жұлдызында дүние салды. Мұның өзі мүсылман әлемі үшін орыны толмас қаза болды. Мұхаммедке арнап дұға оқу, оның өсиеттері, сөздері жазылған дүғалықтар, бойтұмарлар тағып жүру әдетке айналды. Әлемнің барлық түкпірлерінде Мұхаммедтің аты мен мұсылман дінін таратудағы еңбегі аңызға айналды. Оның өмірін зерттегендер көп болды, мыңдаған кітаптар жазылды. Оларда Мұхаммед туралы әртүрлі кереғар пікірлер, пайымдаулар, жорамалдар да аз болған жоқ. Бірақ солардан шығатын бір ғана қорытынды бар еді. Ол мыңдаған жылдардан бері талай ұрпақтардың, талай халықтардың наным-сеніміне айналған ислам дінінің негізін қалаған мұсылман жұртының санасына алла тағаланың, тәңірінің, қүдайдың елшісі ретінде орныққан Мұхаммед пайғамбардың кемеңгер, данышпан адам, ірі тұлға болғандығы жөніндегі түсінік, таным болатын.
Мұхаммед Мәдинаға жерленді. Оның жатқан жері мұсылмандардың қасиетті орындарының бірі. Мұсылмандар Мүхаммедті 63 жасында өлген дейді. Шынында ол 61 жасында дүниеден өткен. Хиджраның 63 жылы нақты 61 жылға сәйкес келеді.
Құран кітабы туралы да бірауыз айта кетелік. Ол мұсылмандардың қасиетті, шарапатты кітабы болып табылады. Сондықтан мұсылмандар оны: кітабу-л-лөһи-алланың кітабы, китөб ғазиз - құдіретті кітап.
Кеңес үкіметі жылдарында Ислам діні туралы қазақ тілінде көптеген кітаптар шықты. Олардың басым көпшілігі атеистік тұрғыда жазылған еңбектер болды. Бұл басылымдар ислам дінін сынау, оның зиянды жақтарын әшкерелеу тұрғысынан жазылды және оны жамандауда бірінен-бірі асып түсуге тырысқаны байқалып тұрды. Сонымен бірге бұл арада Ислам дінінің шығуына, таралуына байланысты оларда көптеген тарихи шындықтың да жазылғанын айту керек.


2.Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға қалай тарады? Осы мәселені қарастырып көрейік. Ислам діні Орта Азия мен Қазақстанға VIII ғасырда тарай бастады. Оның осы өңірге кеулей еніп, бұл елдердің халықтарын өз ықпалына алуы білектің күші, найзаның ұшымен іске асырылғанын айту керек.
Орта Азия мен Қазақстанда жұрттың санасына бұған дейін христиандық дін, буддизм, шаманизм, иудеизм, зороастризм діндері үстемдік етті. Сонымен бірге бұл тұста оларда ғылым мен мәдениеттің ұрығын шашкан ірі-ірі қалалар болды. Бұл қалаларда музы-калык, керамикалық өнер, жазу, сызу кеңінен дамыған болатын. Оны дәлелдейтін археологиялық қазбалардың сенімді мағлұматтары аз емес. Ш ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендейтін халықтар бірыңғай, біртұтас, ажырағысыз, бүтіндіктен кетіп, бірнеше ұсақ хандықтарға бөлініп, бөлшектеніп, бір-біріне төуелсіз өмір сүріп жатты. Соғд, Хорезм, Саманид, Қараханид хандықтары, Сақтар одағы, Дешті-Қыпшақ мемлекеттері, тағы тағылары өз алдына, дербестік жағдайда болды. Бір-бірімен алакөз болып, ауыздары бірікпей, өзара жанжалдар шығарып, соғысқа дейін барып, бір-бірін әлсіреткен кезде оларды жаулап алуға араб басқыншылары келді. Жергілікті халық ерлікпен қарсы шығып, ұзақ уақыт табанды күрес жүргізді. Бірақ жан-жақты дайында-лып, жасанып келген арабтарды тоқтата алмады. Олар көшпелі түріктерді, Соғд тұрғындарын бағындырып, Хорезм жеріне баса-көктеп кірді. Басқыншылар қаланы ойрандап, қарсыласқандарды қырып, хорезмдегі кітапхана, мектептерді өртеді. Араб әскерлерінің қолбасшысы Кутейба Ибн Муслим өз әскеріне халқы бас имеген қыстақтарды жойып, олардың адамдары мен мүлкіне, толық қожалық етуге ерік берді. Сөйтіп өзбектің көрнекті ғалымы Бируни жазғандай: «Кутеи-ба Ибн Муслим ал Бамехи Хорезмнің хат танитындарын қырып-жойып, дін қызметкерлерін өлтіріп, кітаптары мен бумаларын өртеткеннен кейін, хорезмдіктер мәдениеттен жұрдай болды, мүлдем сау-атсыз қалды, естерінде қалған мағлұматтармен күн көрді».
712 жылы Хорезмді бағындырғаннан кейін арабтар ішке қарай кеулей басқа діндердің, мәдениеттің ескі жұрнақтарын, ескерткіштерін қиратып жойып жіберді. Храм, шіркеулерді бұзып, орнына мешіттер салдырды. Жергілікті халықтың басқыншылыққа қарсылығы күшті болды. Жүз жылға созылған олардың қарсылығын басып жаншып Таяу Шығысты, Орта Азия мен Түркістанды, Солтүстік Африка мен Испанияны жаулап алған басқыншылар бұл елдердің халқын арабтандыруға күш салды. Оңтүстік Қазақстанның Отырар қаласы көптеген ірі ғалымдардың, тамаша ойшылдардың отаны болды.
Казақстанның Х-ХІ ғасырларда Сырдария жағалауындағы бой көтерген Сайрам, Сығанақ, Түркістан, Талас, Шу өзендері бойындағы Тараз, Баласағын, Мерке т.б. сияқты қалаларға ислам діні өз ықпалын жүргізе бастады. Арабтар «фараб» деп атаған Отырар қаласының тұрғындары арасында ислам діні кеңінен насихатталды.
Дей тұрғанмен, Қазақстан халқы мұсылман дініне ұзақ уақыт бой ұсынған жоқ. «Карапайым қазақтарды мешітке қамшының күшімен айдау жиі болмаса да кездесіп қалады» деп жазды Мекер.
Орта Азия мен Казақ даласында ислам дінін таратуға патша өкіметі мүдделі болды. Мұсылмандарды көнбістікке, бағыныштылыққа тәрбиелейтін ислам дінін қазақ даласына тарату отаршылдық саясатын қарсылык, наразылықсыз жүргізуге көмектеседі деп есептеді орыс отаршылдары.
Сонымен бірге, оның ислам дінінің шығу тарихын білгені, жалпы дін туралы түсінігінін болғаны да лазым, осыған орай біз ислам дінінің тарихына қатысты осы жазба-ларды назарға ұсынып отырмыз.
3. Қазақтың ұлы зиялыларын сөз еткенде алдымен Шоқан, Абай, Ыбырай, сондай-ақ Бөкей ордасынан шыққан Мұхамбет Салық Бабажанов сияқты ислам діні қазақ даласына кеулеп еніп келе жаткан XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, казақ халқының тарихын зерттеп зерделеуге үлкен үлес косқаны, мәдениетіміз бен рухани өміріміздің ұлағатты ұстаздары саналатын адамдарды атаймыз. Олардан қалған өшпес рухани мұралардың арасында Ислам діні жөнінде айтылған пікірлері, көзқарастары бүгінгі ұрпақтың назар аударуына, елеп-ескеріп жүруіне әбден тұрарлық деректер болып табылады.
Шоқанның еңбектерінен оның Ислам дінінің тарихын жөне оның қазақ жеріне қалай тарағанын жете білгенін аңғару қиын емес. Ол мұсылманшылықтың орнығуын өз шығармаларында аса бір білгірлікпен талдайды. Шоқан өз басы діндар болмаған, тіпті дін туралы түсініктерден жоғары тұрған жөне діни таным-сенімге сын көзбен караған адам. Оның рухани бет-бейнесі, қоғамдық ой-санасы қалыптасып келе жатқан кезде қа:зак жеріне Ислам діні әлі тарап кеткен жоқ болатын. «Мұсылмандық әзірше біздің сүйегіміз бен қанымызға сіңіп бола қойған жоқ. Қазақтардың арасында әлі Мұхаммедтің атын білмейтіндер көп... Қасиеттт Нестор заманында Русьте болған сияқты, енді біздің сахарада да қазір қос дін дәуірі болып жүр», - деп жазды ол.
Расында, Шоқан тұсында Ислам дінін таратуға патша өкіметі, жергілікті ел билеушілер «сондай-ақ, қожа-молдалар тарапынан орасан мол күш-жігер жұмсалып жатқанмен, ол әлі қазақ жеріне қанат жайып үлгермеген еді.
Ислам дінінің қалай тарағанына назар аудара келіп Шоқан оның қазақ жеріне үш жақтан оңтүстіктен, солтүстіктен, батыс беттен енгенін айтады. Оны насихаттауға Ираннан, Орта Азиядан және Қазаннан шыққан қожа-молдалар ат салысты. Әсіресе, татар молдалардың белсенділігі күшті болды. Осы пікірді Шоқанмен тұтас өмір сүрген, Бөкей ордасынан шыққан қазақтың зерделі зиялылардың бірі Мұхамбет Салық Бабажанов та айтады. Ол өзінің «Северная пчела» деп аталатын журналда 1860 жылы қараша айында басылған мақаласында татар молдаларының ислам дінін Ішкі Ордада таратудағы еңбегіне тоқтала келіп, оның күнгей жөне көлеңкелі жақтары болды дейді.
Оның күнгей жағы деп жалпы татар молдаларының қазақтарды парсыша, арабша, сондай-ақ татарша жазуға үйретуінің игі әсерлерінің болғанын айтады. Сонымен бірге Мұхамбет Салық Бабажанов олардың қазақтарды татарландырып жібере жаздағанына да назар аударды.
Шоқан қазақтардың ой-санасын діннің кандай да бір түрінен аман сақтауды қалады. Ол туған халқының діни фанатизмге салынбай, салиқалы, салауатты өмір кешкенін көргісі келді. Діннің адамды сіреспе жаттандылықка ұрындыратынын, ой-өрісін шектейтінін кемеңгерлікпен көре білді. Шоқан арқылы орыстың көптеген зиялылары қазақтың қадір-қасиетіне қанықты. Оның жан дүниесін терең бойлап түсінді. Шоқанмен қимас дос болып, онымен кездесу, жүздесу сәттерін үнемі аңсап жүретін, оны жоғары бағалаған ғалымдардың бірі Григорий Потанин еді.
Шоқанның дін жөніндегі көзқарастарын қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин жақсы білді. Ыбырай да Шоқан сияқты қазақ халқының тарихы мен тағдырына мықтап көңіл бөлді. Ыбырай ұлы ағартушы болды. Егер оған дейін қазақ жерінде мұсылман мектептері арқылы діни оқу өріс алса, Ыбырай азаматтық мектептер ашып, онда қоғам дамуының, әлеуметтж өркендеудің, тұрмыс-тіршіліктің қажетін өтейтін ғылым негіздерін оқыту ісін жолға қойды. Математика, физика, география, азаматтық тарих сияқты пәндердің оқытылуын іске асырды. Сөйтіп, қазақтан өркениетті, зиялы азаматтардың қалыптасуына жол ашты. Ол ұйымдастырған 14 мектепті бітірген жүздеген жастар казақ даласына білім ұрығын септі.
Ыбырай қазақ мектептерін үйымдастырушы ғана болған жок, сонымен бірге ол мектептерге арнап оқулықтар, методикалық құралдар жазып бастырды. Осындай оқу құралдарымен жабдықталған жаңа мектептердің қанат жаюы діни оқу орындарының бірыңғай үстемдік етуіне тосқауыл болды. Бұл молдалардың арабша оқытудағы өрескелдіктеріне казақтан шыққан азды-кем көзі ашық зиялылар жаны түршіге қарсы шықты. Шоқан да, Ыбырай да солардың катарында болды. Бабажанов Мұхамбет Салық Петербург, Мәскеу, Орынборда шығатын басылымдарда жарық көрген мақалаларында молдаға барып діни окуға ден койған балалардың төрт жыл оқып қара танымай шыққанын қатты кынжылып жазады. Ыбырай өзінің кейбір әңгімелерінде татар молдаларының жемқорлығы туралы айтады.
Ал Абайдың түсінігінде адам - ақылдылык, еңбек сүйгіштік, әділдік пен адалдык, білімділік, парасат пен махаббат сияқты қасиет иесі. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген, ары, ұяты бар кісі - иманды адам. Үят кімде болса, иман сонда, ұяты жоқ адамда иман да болмайды, - дейді Абай. Сондықтан ол әр адамның иманы түзу болу керек дейді. Ол: жақсылықты, жамандықты жаратқан құдай, бірақ жақсылык, жамандықты қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып, сеніп соны ақылыңмен ұғып иманыңды түзесең, сөйтіп барып мұсылманшылык парызыңды өтеп ғибадат қылсаң, сол жарасымды дейді.
Абай Ислам дінінің тарихын да жақсы білген. Оның «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген жазбасында арабтардың дінді қазақ жеріне білектің күшімен, найзаның ұшымен таратқанын, араб әскерлерін бастап келген Кутайбаның Қашқарға дейін жетіп, Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі халықтарды мұсылман дініне зорлықпен көндіргенін айтады. Абай ислам дінін насихаттаудағы, уағыздаудағы дүмшелікті жаны түршіге сынайды. Оның адамгершілікке тигізетін орны толмас зияны туралы ашына жазады. Бүл жөнінде оның 38-сөзін оқып көріңізші. Жалпы Абайдың мұсылманшылық жөніндегі түсінігі көп адамнан басқа, әлдеқайда терең. Ол алла тағаланың өсиеттерін өзіндік сипатпен, өркениетті көзқарас тұрғысынан түсінеді. Оны саналы түрде ұғыну үшін оның 10,12, 13, 16, 27, 34, 35, 36, 38 қара сөздерін зерделеп оқу керек. Жалпы Ислам дінін қабылдап, мұсылман боламын деген әрбір қазақтың ол діннің тарихын, ол дін жөніндегі қазақтың қайталанбас ұлылары - Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың рухани мұраларын біліп, түсініп, солар сілтеген жолмен жүріп білімді, ғылымды игеру арқылы дінге барғаны дұрыс болады. Өйткені, Абай айтқандай, ғылымсыз ақірет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза (ораза), қылған қажы (қажылық) ешбір ғибадат орнына бармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет