Лекция сабағының әдістемесі



бет42/59
Дата05.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#21354
түріРеферат
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Бақылау сұрақтары:1. Курстың мақсаты мен міндеттерін атау.
Әдебиеттер:
1.Х. Маданов. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы: 1995.
2.Ә.Хасенов. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің дамуы. – Алматы., 1987.

2-3. Тақырыбы: Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстан халықтарының мәдениеті.


Мақсаты: Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама беру.
Жоспары:
1. Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Андрон мәдениеті.
2.Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
1. Адамзат тарихының тас дәуірі, мыс (қола) және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінетіні белгілі. Соның алғашқы кезеңінде өмір сүрген адамдардың тастан құрал жасап, ол құралдардың археологиялық қазба жұмыстарының барысында бізге жетуі «тас дәуірі» деп аталатын шартты атаудың шығуына себеп болды. Осы дәуірдің өзі үш кезеңге бөлінді. Палеолит -бастапқы, ежелгі ; мезолит - орталық,; неолит - соңғы кезең. Бұл кездерде адам баласы дамудың аса ұзаққа созылған азапты жолын өтті. Осы жолда олар үнемі ізденіп, тіршілік тәжірибелерін жетілдіріп, табиғатпен тіл табыса білді. Олардың мезолит кезеңінде садақпен жебені ойлап табуы, шағын тастардан әртүрлі қалақшалар жасауы қажымай-талмай алға басудың жемісі болды. Біздің заманымызға дейінгі бесінші мың жылдықта басталған неолит дәуірінде тас құралдары кеңінен пайдаланылды. Тастарды тегістеу, тесіп, бұрғылау, ағашты арамен кесу сияқты технологиялық әдістердің игерілуі, тұрмыста тас балта, кетпен, дәнүккіш, келі, келісаптардың пайдаланылуы үлкен жетістік болды.
Тас дәуірін ауыстырған қола дәуірінің тұсында діннің бүгінгі бітім-бейнесін қалыптастырып үлгірген Еуразияның ұлы даласын мекендеген адамдар қолға мал ұстап, жерге дән сіңіріп, бірлесіп аң, балық аулау, сөйтіп, топтанып өмір сүру салтын игерді. Еңбек құралдарына ортақ меншік қалыпатасты.
Әртүрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылатын қола еңбек кұралдарымен қару жасау үшін негізгі шикізат болды. Қоламен бірге түсті металдардың әсіресе қалайы мен мыс рудаларының табылып, кен көздерінің ашылуы, металл өңдеуді игеру далалықтардың алдынан дамудың жаңа көкжиегін ашты. Олардың мал шаруашылыгымен бірге металл өңдеу кәсібін жолға қоюын тездетті.
Қола дәуіріндегі, Еуроазияның ұлы даласын мекендеген тегі мен тағдыры ортақ туыс тайпалар бір үлгідегі, бір стильдегі, бірыңғай мәдениет қалыптастырды. Оның мұралары Ачинск маңындағы Андроново селосының қасынан табылғандықтан, ол мұралар «Андрон мәдениеті» деген атпен жұртқа белгілі болды.
Қола дәуірінің алғашкы кезеңін (біздің з.д. XVIII -ғ.ғ.) және орта кезеңін (біздің з.д. ХУ-Х ғ.ғ.) түгел қамтыған Андрон мәдениетінің иелері алғашқы қауым адамдарына қарағанда өздерінің өмір тәжірибесінің, сана-сезімінің анағұрлым өскендігімен ерекшеленеді. Отырықшылық дағдысын игеріп, қасынан әртүрлі шаруашылық жайлар мен мал ұстайтын орындар салынған жертөлелерде тұрған олар малшылық, егінші-диқаншылық кәсіппен айналысты. Олар сонымен бірге металдан еңбек құралдарын, қару-жарақты, сәндік бұйымдарын жасай білді. Тесігі бар, түп жағы шығыңқы балта, сағанасында ойығы бар пышақ, балға, шот, егін орағы, пішен шабатын шалғы сияқты кұралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды. Қару-жарақ жасау жетілдірілді. Найза, жебелердің өзгеше ұштары пайда болды. Сәндік бұйымдардан білезік, айна, мойынға тағатын моншақтар, ілмешектер жасалды.
Андрон мәдениеті кісі жерлеу рәсімін жетілдірді. Өлген кісілерге тастан қоршалып зираттар тұрғызылатын болды. Кең жерлерде, әсіресе Жайық бойында зираттардың орнынан биік обалар үйіліп, өлік тастан, ағаш бөренеден жасалған табытқа бүгулі күйінде қырынан жатқызылып, осы обалардағы шұңкырларға жерленді. Олардың жанына саздан жасалып, өрнектеліп үшбұрыш айқыш-ұйқыш және Тура тартылған сызықтармен безендірілтен құмыраға азық салып қою әдеті де болған. Ыдыстардың түбі шығыңқы, домаланып келетін болса енді түбі орнықты, жайпақ болатын болды. Олардың сыртына өрнектер салынды. Сөйтіп, өндіріс техникасының жетілуі және қоладан, балшықтан істелген ыдыстардың әдемілігі Андрон мәдениеті деңгейінің жоғары болғанын көрсетті.
Андрон мәдениеті көшпелі мал шаруашылығының еуропалық классикалық үлгісін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Біздің жыл санауымызға дейінгі ХVІІ-ХV ғасырларды қамтып жатқан Федоров нұра кезеңінде ірі қараны, сиырды көбірек ұстаған далалықтар мекен-қоныстарының маңынан ұзап кете алмады. Кейінірек қола дәуірінің алакөл-атасу кезеңінде олардың баққан малының ішінде жылқы, түйе, қой түлігі көбейіп,оларға алысқа ұзап, шырқай көшіп малды тұнық су,шұрайлы шалғынды жерлерде жайып көшпелі тұрмыстың салт-дәстүрін игеруге қол жеткізді. Мұның өзі малдың өрісінің ғана емес, көшпелілердің ой-өрісінің кеңуіне, олардың түсінігі мен мәдениетінің, уақыт пен кеңістік жөніндегі дүниетанымының қалыптасып, этномәдени болмысының даралануына жол ашты. Оны осы тұста дамыған егіншілік мәдениетінің жәй-күйінен де көруге болады. Оның деректері Шығыс Қазақстан облысындағы Усть-Нарым қонысынан табылған егінші-диқаншы құралдарының қалдықтары арқылы анықталған. Мұндай құралдар, дән түйіршіктері Қазақстанның басқа да жерлерінен көптеп кездесті.
2.Андрон мәдениетінің табиғи жалғасы Дәндібай-Беғазы мәдениеті болды. Ол Андрон дәсүрлерін сақтай отырып оны жаңа мән-мағына, мазмұн, соны түрлермен байытты. Қарағанды маңындағы Дәндібай ауылы және Балқаштың солтүстік маңындағы Беғазы қойнауынан қазба жұмыстарының барысында табылған бұл мәдениетке жататын мұралар орталық Қазақстанның көп жерлерінен ұшырасады. Олар Андрон мәдениетінің біраз жетілдірілгенін сипаттайды. Бұл тұста тұрпаты ерекше бейіттік тамдар, жатаған, домалақ ыдыстар пайда болдьқ.Өлген адамдарды жереу ғұрпының да өзгергені байқалады. Өліктер бұрынғыдай бүктелген қалыпта емес аяқ-қолын созып шалқасынан жатқызылып жерленетін болған. Бұл тұстағы молалардан адамдардың мүлік теңсіздігін сипаттайтын дәлелдер де табуға болады.
Дәндібай - Беғазы мәдениеті тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттарды, құралдарды жасау үшін тас металл, мал сүйектерін кеңінен пайдаланудан да көрінді. Бұл тұста қоғамның өндіргіш күштерін дамытуға мыс, қалайы, алтын кендерінің ашылуы металл өңдеудің дамуы зор әсерін тигізді. Мыс өндіру Жезқазған, Успенск өңірінде жүйелі жолға қойылды. Қорытылған мыс, қалайы, темірдең еңбек құралдары, ыдыс-аяқ сәндік бұйымдар істелді. Жауынгерлік қарулар жасалып, олар үнемді жетілдіріліп отырды. Ол кездегі негізгі қарулар жебе, найза, қанжар, орақ, айбалта, семсер, сүмбі, тұтқыш шанышқы, айыр, қақпан т.б. осы сияқтылар болды. Садақ жебесінің, одан атылатын оқтың бірнеше түрлері өмірге келді. Аламан оқ, тіз оқ, кез оқ, тұқыл оқ, кәбе бұзар оқ, қозы жауырын оқ, аймандай оқ, томар оқ, доғал оқ сияқты оқтардың көбі сол тұста пайда болды.. Зергерлік, ісмерлік өнер өріс алды. Жан-жануарлардың, дүние дидарын толтырған рухтың, даналардың, желеп-жебеушілердің, әулие-әнбиелердің, тәңірінің бейнесін елестететін өнер туындылары, қыстырма, бой тұмар сияқты заттар шықты. Табиғатты пір тұтумен қоса адам пішіндес құдайға мойынсынушылық белең ала бастады. Ру, тайпа бабалары, жеке адамдар тұлғаланып, айрықша бейнеге, жинақталған ұғымға айналды. Олар кейінгі келе келе адам бейнесіндегі сын тас, балбал тас сияқты мәдени мұраларды туғызды. Сөйтіп алғашқы қауымдық кұрылыс аясында пайда болып, қола дәуірінің өзінде-ақ ежелгі қазақ жерін мекендеген барша халықтардың мәдени-тарихи дамуындагы жаңа кезеңнің ірге тасы қалана бастады. Бұл біздің заманымызға дейінгі XI-VIII ғасырларға тұстас кезең еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет