Лекция сабағының әдістемесі



бет53/59
Дата05.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#21354
түріРеферат
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Бақылау сұрағы:
Әдебиет: Н- 3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15

21-22. Тақырыбы: XIX және XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті.


Мақсаты: Алғашқы мерзімдік басылымдармен таныстыру, этномәдени экспансияның мәнін ашып көрсету, тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясатын ашып көрсету.
Жоспары: 1.Халық ағарту ісі және Қазақстандағы ғылыми зерттеу
2. Қазақ баспасөзі мен әдебиеті және музыкасы
1.XIX ғасырдың басында Қазакстан жерінде халыкка білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалықк тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі, астрономия, медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды. Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды. Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда, 1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп, 1789 жылы Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік (кеңсе хатшысы) кызметтерге дайындалды. Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1857 жылы бұл мектепті Ыбырай Алтынсарин алтын медальмен бітіріп шыкты. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналган тағы бір мектеп ашылды, ал 1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше кұрылды.
Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында бастауыш мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, коғам қайраткері, жаңашыл педагог, этнограф-ғалым, казақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі – Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) есімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліпбиін жасады. Осы әліпби бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қолөнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ кыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін аткарды. 1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті. Өлкедегі патша әкімшілігі қазақ халқының сауатын ашуда бастауыш білім берумен, немесе орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе білуді және арифметиканың алғашкы төрт амалын үйретумен ғана шектелу жеткілікті деп санады. Ресей өкіметінің осындай кертартпа саясатының нәтижесінде Қазақстандағы орта білім беретін оку орындарының, соның ішінде реалдық училищелердің, ер- мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 жылы олардың жалпы саны 12 ғана болды. Бұларда 4 мың окушы білім алды. 1917 жылға дейін өлкеде халык санының өсуімен және қазактардың білімге деген кұштарлығы арқасында орта білім беретін оқу орындарының қатары өсіп, 47 жоғары бастауыш училище, 17 орта мектеп, 4 реалдык училище, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы, 13 ауылшаруашылык төменгі мектебі мен қолөнер училищесі жұмыс істеді. Мектептік білім жүйесі деңгейінің өсуі және казақ қоғамының әлеуметтік-экономикалык дамуындағы өзгеріс мұғалім кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Міне, осымен байланысты 1879 жылы Түркістан мұғалімдер семинариясы, 1833 жылы Орынбор қазак мұғалімдер мектебі кұрылды. Кейінірек мұғалімдер семинариялары Актөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары 1917 жылға дейін небәрі 300 қазак мұғалімін даярлады. Бұл Қазақстан мектептерін оқытушы кадрларымен жеткілікті камтамасыз ете алмады. Бір ерекше ескертіп айтатын жәйт, 1928 жылға дейін бүкіл өлкеде жоғары білім беретін бірде бір институт немесе университет болмады.
Ресей мемлекеті Қазакстанды өзіне қосып алғаннан кейін, оның табиғи байлыктарын игеру, кен ресурстарын зерттеу мәселелеріне ден қоя бастады. Ол үшін өлке жеріне ғылыми іздену экспедицияларын жіберіп, казақ халкының жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеуге кірісті. 1769 жылы Қазақстанға жасалған алғашқы ғылыми экспедицияларының бірін П. С. Паллас басқарды. Экспедиция Симбирск, Орынбор, Елек, Орск, Гурьев, Жайык, Уфа қалалары аймақтарын аралады. Оның қорытындысы бойынша П. С. Паллас 1773 жылы өзінің «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» -деген еңбегін жариялады. 1769-1772 жылдары Н. Рычков патша өскерлерінің кұрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Тройцк бекіністері төңірегінде қазак өлкесі жөнінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның «Капитан Н. Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсак даласына саяхатының күнделік жазбалары» - деген еңбегі жарық көрді. Қазақстанның тарихы мен этнографиясын, географиясын зерттеп, бір жүйеге түсі-руде белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А. И. Левшинның (1797-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ қалаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбегінің зор маңы-зы болды. Сондай-ақ өлкені жан-жакты зерттеу көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ жөне басқалардың есімдерімен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес қосты.
Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Доб-ромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т. б. есімдерін атап өтуге болады.
Еліміздің мәдениеті мен қоғамдык ой-пікірінің тарихында қазақтың тұнғыш ғалымы, аса көрнекті демократ зерттеуші Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ кұрметті орын алады. Оның қоғамдык-саяси, ғылыми жөне әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шокан 1856-1857 жылдары Алатау кырғыздарының жеріне, Ыстықкөл маңына сапар шекті. Осы сапарда ол қырғыз эпосы «Манастың» жекелеген бөлімдерін жазып алды. 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оньщ қазак халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шокан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
Шоқанмен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен өлкеге кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың мәдениет, білімге деген ықыласын қолдап, казақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланыстыры туралы негізгі деректер жүйеге келтірілген. Сонымен қатар Семей бөлімшесінде Ж. Ақбаевтың, Ө. Бөкейхановтың еңбектері басылып шықты. Ә. Бөкейханов Орыс географиялык қоғамы Батыс Сібір бөлімінің белсенді қайраткерлерінің бірі жөне Басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.
Қазақстан туралы ғылыми материалдардың қомақты қорын жасауда XIX ғ. екінші жартысында өлкенің облыстарында кұрылған Статистика комитеттері едәуір рөл атқ-арды. Статистика комитеттері 1878 жылы Ақмола, 1879 жылы Жетісу, 1887 жылы Сырдария, 1895 жылы Торғай, 1896 жылы Орал облыстарында ашылды. Олардың жұмы-старына Ресейдің орталық аймақтарынан революциялык қызметтері үшін айдалып келген халықшылдар белсене араласып, көп күш жұмсады. Статистика комитеттерінің басылымдарында облыс бойынша өндіргіш күштер, халық шаруашылығы, суландыру жүйелері, қатынас жолдары, тұрғындар жөне олардың кәсіптері, алым-салықтар, оқу-ағарту жөне т. б. туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жинақталған шолулар ерекше орын алды.
2. Қазақ баспасөзі мен әдебиеті және музыкасы.
ХХ ғасырда қазақтың ұлттык баспасөзі дүниеге келді. 1870-1882 жылдарда Ташкентте «Түркістан уөлаяты газеті», 1888-1902 жылдары Омбыда «Дала уәлаятының газеті» шығып тұрды. Біріншісі Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Дала губернаторлығы шығарды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктердің өкімі бойынша бұл басылымдар Орта Азия мен Қазақстан жерінде отарлық басып алуды, бұл аймақтардағы халықтарды рухани жағынан бағындыру саясатын насихаттады. Осы мақсатпен газет беттерінде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі материалдар жарияланды, ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат аударылып басылды, өлкені шаруашылық жағынан игеру тәжірибесі қорытылды. Жергілікті халықтар арасында бұл газеттердің танымал болуына шығыс әдебиеті классиктері шығармаларын - «Шахнаме», «Фархат-Шырын», «Мың бір түн» және т. б. жариялау үлкен әсерін тигізді. «Түркістан уәлаяты газетінде» 1870 жылы бірінші рет қазақ тілінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі жөне баска да оқиғалар жөніндегі материалдар басылды. Орыс оқырмандары Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың орыс тіліне аударылып берілген шығармаларымен танысты. Дегенмен, бұл ресми басылымдар негізінен Ресей империясының отаршылық саясатын жүргізушілер болды. Оған дәлел ретінде «Түркістан уәлаяты газетінің» 323 нөмірінде жарияланған 633 мақаланың үштен бір бөлігі Ресейдің көрші мемлекеттермен катынастарына, империялық сыртқы саясатын негіздеуге арналғанын айтса да жеткілікті.
Бұл кезде қазақ акын-жазушыларының кітаптарын шығару ұлғайды. Петербургте, Орынборда, Қазанда, Ташкентте Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсаринның, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Әбубәкір Диваевтің және басқа да авторлардың шығармалары басылып шықты. 1912 жылы Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды шығаратын «Жәрдем» баспаханасы жұмыс істеді. 1917 жылға дейін қазақ тілінде шамамен 700 атаулы кітап басып шығарылды.
XX ғасырдың басында қазақ халқынын ұлт-азаттық козғалысының өрістеуімен байланысты ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы орын алды. 1911 жылғы 10 қаңтарда Тройцкіде бірінші казак журналы «Айкап» жарық көрді. Журналдың ұйымдастырушы-баспагері жөне редакторы Мұхамеджан Сералин (1872-1929 жж) болды. Ол демократияшыл зиялыларды либерал-революциялык ниеттегі студент-жастарды топтастырып, олардың назары мен жігерін жалпыұлттык проблемаларды шешуге бағыттады. «Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін алғашқы кезде айына бір рет, ал кейін екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шығып, таралымы бір мың данаға дейін жетті. «Айқап» жер мәселесіне зор көңіл бөліп отырды. Өйткені патша өкіметі орыс және украин шаруаларын өлке жеріне көптеп қоныстандыру мақсатында қазақтардың құнарлы жерлерін күштеп тартып алуды өрістетті, арнайы «қоныс аудару қорын «кұрды. Журнал ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. Айкаптыктар өздерінің жазған мақаларарында еңбекші бұқараның бытыраңқылық және стихиялы арман-тілектері мен ойларын көрсете білген революцияшыл демократтар деңгейіне дейін кетерілді. Сондай-ақ «Айкап» журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзі классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда айтуға тұрарлық істер атқарды. Журналдың жұмысына Ж. Сей-далин, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Қ. Кеменгеров, М. Ж. Көпеев және басқалары белсене қатысты.
XX ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстан қоғамы өмірінің барлық жақтарын қамтып жазуда апталық басылым «Қазақ» газетінің ролі зор болды. Газеттің 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейін 3 мың дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8 мың данаға дейін жетті. «Қазақ» газетінің редакторы аса көрнекті ақын, көсем сезші, түркі тілінің маманы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. Газеттің негізгі идеалық-теориялық салмағын біртұтас болып біріккен ғажайып үштік -А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ө. Бөкейханов көтерді. Олар «Қазақ» газетінде жарияланған материалдардың жартысынан астамын өздері жазды. Тек Ә. Бөкейхановтың өзі газет үшін 200-дей мақала жазыпты. Ал А. Байтұрсынов алғашқы бағдарламалық мақаласында газет «ұлттың көзі, кұлағы және тілі» - деп жоғары бағалады. «Қазақ» газеті ХХ-ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысыньщ стратегиясын анықтап берді. Газетте жарияланған материалдарында олар казақ халқының өркениетінің, түрік дүниесі тарихында алатын орнын анықтап көрсетті. Бұқара халықты топтастыру, оның ежелгі мәдениетін жөне Ресей кұрамындағы қазак ұлттық мемлекетін қайта құру мәселесі газет қызметінің өзегіне айналды. «Қазақ» газетінің беттерінде патша өкіметінің аграрлық саясатындағы отаршылдықтың мәнін, қазақ шаруаларының құнарлы жерлерін алып қою және қоныс аудару қоры құрылуының нөтижесінде шаруалардың жерсіз қалу үрдісі ашып керсетілді. Газет қазақтардың отырыкшылықты өмір сүруге кешуін, сейтіп егіншілік мәдениетін меңгеруін жақтады. «Қазақ» басылымы сонымен қатар әйел жене ұлт мәселелерін батыл көтерді, дәрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты. Газет дінді мемлекет пен мектептен бөлуді жақтап, діни экстремизмге қарсы шықты. Газет Бүкілқазақстандық съез шақыру идеясын қолдады. «Қазақ» басылымының жұмысына Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ғ. Қарашев, С. М. Торайғыров, Ж. Аймауытов, Ж. Акбаев, X. Досмұхамедов, С. Дөнентаев, М. Шоқай, М. Тынышбаев жөне тағы басқа да көптеген көрнекті қазақ зиялылары белсене қатысты.
XVIIғ аяғы - XIX ғ. бірінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің дамуында жаңа дәуір басталды. Бұл кезде қазақ әдебиетіндегі бұрынғы өншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалык шығармашылык басты. Ақындар өздерінің өлеңдері мен жырларында өмірдің нақты шындығына үніліп тануға, жеке көзқарастарын еркін білдіруге тырысты, осымен байланысты ақындардың шығармашылығы дамып, жеке толғаныстарында көркемдік шеберлікке жетудің жолдарын іздестірді. Осының нәтижесінде қазақ әдебиеті ұлттык дарынды тұлғалардың көптігімен, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен ерекшеленді. Олардың ішінен поэтикалық дарыны зор небір суырып салма, импровизаторлар дараланып шықты. Солардың арасынан жауынгер акын Махамбет Өтемісовтың (1803-1846) творчествосын ерекше бөліп айтқан жөн. Оның көптеген шығармалары 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманов бастаған халық-азаттық көтерілісіне арналды. Махамбет - көтерілістің жалынды жыршысы ғана емес, сонымен қатар Исатайдың адал серігі, даңқты батыр ретінде көтерілісті ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол өзінің ұран іспеттес жауынгерлік жырларымен көтерілісшілерді рухтандырып, жігер беріп отырды. Сондықтан Махамбеттің өлеңдері халық-азаттық көтерілісінің қуатты дауысы және ұраны болып табылды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ халқының саяси-мәдени өмірінде жарық жұлдыздай көзге түскен, әміршіл-әкімшіл заманның кұрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген Ахмет Байтұрсынов /1873-1938/, Мағжан Жұмабаев /1893-1938/, Жүсіпбек Аймауытов /1889-1931/, Міржақып Дулатов /1885-1935/ сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейінгі кезде ғана танысуға мүмкіндік алды. Олардың еңбектері мен олар туралы деректер қазір көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы «Жалын» баспасы шығарған «Бес арыс» жинағын атауға болады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ елінің тәуелсіздігі, қазақ халкының бақыты үшін үлкен жолдан етіп, қазақтың тіл білімін дамытуға зор үлес қосты. Оның аудармасында Крыловтың «Қырық мысалы» қазақ тілінде шықты. «Маса» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді. Саясатка, мәдениетке байланысты орасан көп шығармалар жазды. Ахмет Байтұрсынов «Алаш» партиясын ұйымдастырушылардың бірі. Ол өнерлі адам болған, шығарған әндері де сақталған. Оның еңбектерінің дені тілге байланысты, сондықтан да Қазақтың ұлттық академиясының Тіл институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет