Лекция саясаттану ғылымы және оқу пәні ретінде тажитаева Р. С. с.ғ. к., доцент жоспар: 03/01/2023 Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, саясаттанудың пәні мен объектісі
Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, саясаттанудың пәні мен объектісі.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.
Саяси зерттеу әдістері мен функциялары.
Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны.
Саясаттану XIX ғасырдың ІІ-ші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) проф. Фрэнсис Либор «Тарих және саяси ғылым» кафедрасын ашты.
АҚШ-та 1880 ж. саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды.
1889 ж. Американың «Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы», 1903 ж. «Америка саяси ғылымдар ассоциациясы» құрылды.
XX ғ. басында саясаттану дербес академиялық пән ретінде бөлініп шықты. Бұл ғылым халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 ж. құрылған «Саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы» зор рөл атқарды.
Саясаттанудың обьектiсi мен пәні Саясаттанудың обьектiсi – қоғамдағы саяси қатынастар.
Қоғамның саяси қатынасы өзiне билiктiң әрекет ету процесi мен дамуын, бұқараның билiкке қатысуын, сонымен бiрге саяси ықпал ету обьектiсi - экономикалық, әлеуметтiк және рухани мүдделердi қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, саяси қатынастар саласы саяси қызмет обьектiсiнiң барлық саласы.
Саясаттанудың зерттеу пәнi – саяси билiктiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдiстерi.
САЯСАТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ: