Лекция саясаттану ғылымы және оқу пәні ретінде тажитаева Р. С. с.ғ. к., доцент жоспар: 02/27/2023 Саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, саясаттанудың пәні мен объектісі



бет2/3
Дата26.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#170259
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
1 лекция ок

саясаттану ұғымының шығу тегі
Саясаттану ұғымы гректің «Politik» және «Logos» деген сөздерінен шыққан:
1. «Politik» - мемлекеттiк, немесе қоғамдық iстер, мемлекеттiк iстi басқару өнері деген мағынаны;
2. «Logos» - iлiм, ғылым деген мағынаны бiлдiредi.


Саясаттану анықтамасы
Саясаттану дегенiмiз қоғамның саяси өмiрiнiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштерi, оны ұйымдастыру жолдары, тәсiлдерi, қағидалары, халықаралық саяси қатынас туралы ғылым.
Саясаттану– саясат және саяси билiк, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттерi мен саяси үрдiстер туралы логикалық тұрғыдан негiзделген бiртұтас iлiмдердiң жиынтығы.
Саясаттанудың қызметтері
  • Танымдық
  • Бағалау
  • Саяси әлеуметтендіру
  • Реттеушілік, басқару
  • Саяси өмірді жетілдіру
  • Болжау

Саясаттану міндеттері
  • қоғамдық-саяси күштердiң бiрiгуi қағидаларын, жолдарын, жағдайын анықтау;
  • саяси жүйенi демократияландырудың негiзгi бағытын, формалары мен әдiстерiн әзiрлеу;
  • құқықтық мемлекет пен өзiн-өзi басқарушы мемлекеттiк құрылысқа өтудiң ең тиiмдi жолдарын анықтау;
  • ұлттық-этникалық шиеленiстердi, қоғамдық ұлттық-мемлекеттiк құрылысты шешудiң жетiлген жолдарын белгiлеу;
  • азаматтардың саяси мәдениетiнiң теориялық және практикалық аспектiлерiн зерттеу, адамдарды әлеуметтiк-саяси жауапкершiлiк рухында тәрбиелеу жолдары мен формаларын анықтау;
  • халықаралық қатынастардағы жалпы адамзаттық және мемлекеттiк мүдделердiң тиiмдi қойылуын анықтау.

СаясИ зерттеу әдістері

Жүйелiк әдiстiң мәнi саясатты бiр тұтас, күрделi организм, өзiн-өзi реттеушi механизм, қоршаған ортамен кiрiс (талап, мүдде) және шығыс (саяси шешiм) арқылы байланыста болатын тұтас жүйе ретiнде қарастыруында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет