Саясиәлеуметтену дегеніміз - қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси рөл атқарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуы.
CАЯСИ ӘЛЕУМЕТТЕНУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Саяси әлеуметтенудің мақсаты - жеке тұлғаның азаматтық өзін-өзі ұқсатуы.
Ғылыми айналымға "саяси әлеуметтену" ұғымын 1959 ж. Г.Хаймен енгізген.
Саяси әлеуметтенудің басты кезеңдері:
Саясилану
Идеологизация
Институттану
Біріншіден, ол бұрынғы тарихта өшіп кеткен ұрпақтардың саяси мәдениет болып қалыптасқан саяси тәжірибесін жаңа жас ұрпақтарға жеткізуге мүмкіндік туғызады. Мұндай процесс отбасы –жанұядағы тәрбие арқылы, мектепте оқу және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орын алады.
Екіншіден, саяси әлеуметтену процесі арқылы әр жеке адам бұрын тарихта кездеспеген жаңа саяси тәжірибеге ие болады. Сонымен бірге, саяси әлеуметтену процесі әр түрлі кезеңнен өтетін азаматтық кемелдену процесі деуге болады.