Лекция Сөйлеу мүшелерінің қызметтеріне сипаттама Қазақ фонетикасының қазіргі кезеңде зерттелуі Дыбыстардың артикуляция-акустикалық қасиеттері реферат



бет1/3
Дата12.09.2022
өлшемі19,72 Kb.
#149270
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
Сөйлеу мүшелері


2 лекция

  1. Сөйлеу мүшелерінің қызметтеріне сипаттама

  2. Қазақ фонетикасының қазіргі кезеңде зерттелуі

  3. Дыбыстардың артикуляция-акустикалық қасиеттері - реферат.

  4. Актив және пассив сөйлеу мүшелері

  5. Сөйлемдегі дыбыстарға фонетикалық талау жасау

Сөйлеу мүшелері,оның жұмыс жасау ерекшелігі. Адамның сөйлеу мүшелері – артикуляция мүшелері, артикулятты аппарат. Олар, өзінің негізгі функциясынан бөлек тіл дыбыстарын жасауға қатысатын адамның дене мүшелері болып табылады. Сөйлеу мүшелері: а) дыбыс жасауға қажетті ауа ағынын тудыратын және өткізетін тыныс алу мүшелері (өкпе мен кеңірдек тарамдары); ә) дыбыс жасауға тікелей қатысатын сөйлеу мүшелері болып екі топқа бөлінеді


Адамның сөйлеу аппараты I – мұрын қуысы; II – ауыз қуысы; III – дауыс түтігі; IV – тамақ (кеңірдектің кеңейген жоғарғы тұсы); V — өңеш (тамақ жүретін жол). 1 – тістер; 2 – еріндер; 3 – қатты таңдай; 4 – жұмсақ таңдай; 5 – тілшік (увула); 6 – жұтқыншақ; 7 – тіл (a – тіл алды, б– тіл ортасы, в – тіл арты, г– тіл түбі).
a – бойлық қиық: 1 – жұтқыншақ; 2 – жалған дауыс шымылдығы; 3 – қалқан шеміршек; 4 – нағыз дауыс шымылдығы; 5 – дауыс саңлауы; 6 – кеңірдек шеміршегі. б – көлденең кесік: 7 – желбезек шеміршек., 8 — сақина шеміршек. Сөйлеу мүшелерінің әрқайсысының белгілі бір қызметі болады. Бірақ олардың әрқайсысының қызметі өз алдына жеке – дара болмай, бірінің қызметі екіншісіне бағынышты және өз ара тығыз байланыста болады. Сөйлеу мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады.
Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді.Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты.Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған адам,дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін тыңдаушыларына ауызша,мәнеріне,нақышына келтіріп жеткізі алмақ емес.Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты.Егер аспап күйіне келмесе орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді,тыңдаушылардың құлағына жағымсыз тиеді.Демек,тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп,дайындық жұмысын жүргізу қажет.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтсз-дік қызметінің нәтижесі. Бүл, біріншіден, сөйлеу органдарындап.і қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыс-тарды нозік галдаудан; екіншіден, сөздік сигнаддардың болшскіаі-гш элемеиттерін байланыстырудан керінеді. Физиологнялық тұрғыдан создің мәнін И.П.Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтын бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сойлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табыладі да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет