«Өзін –өзі тану» сабағының жоспары Тақырып: «Жаныңда жүр жақсы адам»



Дата11.01.2020
өлшемі33,32 Mb.
#55680
түріСабақ
Байланысты:
сабақ жоспары Сания
1. КТЖ Қазақ тілі Т1


«Өзін –өзі тану» сабағының жоспары

Тақырып: «Жаныңда жүр жақсы адам»

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: адамгершілік, адалдық, мейірім,ақыл-ой, сөз бен іс бірлігі, жауапкершілік

Мұғалімі: С.Изимова

Мақсаты: рухани жан дүниесі бай, жақсы адам туралы білімдерін кеңейтеді.

Міндеттері:

– Жақсы адам» түсінігін, оның негізі және қазіргі замандастар үшін бағалы екендігін Ақиқат құндылығы арқылы кеңейту.

- адамның рухани өсуіне, жақсаруына, өзін-өзі жетілдіруіне ұмтылыстың маңыздылығын ашады;

– оқушылар ішкі жан дүниесін адамзат тарихындағы және қарапайым жанында жүрген жақсы адамдар үлгілері туралы жаңа білімдер арқылы байытады .




Ресурстар: нәзік лири-калық әуен жазылған видеожазба; видеоролик,

Презентация

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Позитивтік көңіл күйге бағытталу. Жарыққа зейін қою(концентрация)



Тыныштықта отыру. /Нәзік лирикалық әуен ойнап тұрады.

Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. «Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.

-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

2. Үй тапсырмасын тексеру

-Даналық ой пікір мазмұндалған мақал-мәтелдер айту.

Жақсыға жанас, жаманнан адас.

Жақсы - жаныңа жолдас, Жаман - малыңа жолдас.

Жақсының сөзі кепіл, Жаманның өзі кепіл.

Жақсыдан қашпа, жаманға баспа.

Жақсыға сөз батады, Жаманға шөп батады.

Жақсыға - шарапат, Жаманға - кесапат.

Жақсыны халық мақтар, Жаманды халық даттар.

Жақсы өз басынан көреді, Жаман жолдасынан көреді

. Жақсыға шаң жуымас, Жаманға жан жуымас.

Жақсыға айтсаң, білер, Жаманға айтсаң, күлер.т.б.



Ескерту.

Парақшаларда мақал-мәтелдер



Қымбатты менің шәкірттерім, сіздер мынадай ойынды ойнап сурет салған боларсыздар, (тақтаға « точка, точка, запятая, минус-минус-круговая, ухо, ухо волоса, адам болады қараса» деп, адам сұлбасын саламын). –-Айтыңдаршы бұл кім? –Адам. –Қандай адам, жақсы ма, жаман ба? (жақсы деген, жаман деген жауапқа –қайдан білеміз оны деп сұрау. –Бұл адам жақсы да емес, жаман да емес. Ал оны жақсы ету, не жаман ету-мына сендердің қолдарыңда! –Қандай қыламыз оны?! –Әрине, жақсы қылайық! –Қалай? –Дұрыс айтасыздар, оған біз өзімізде, не ата-анамызда, не ұстаздарымызда бар жақсы қасиеттерді силайық!

(суреттің айналасына балалар жақсы қасиет жазып стикерлер жапсырады). (Мен ол кісі суретіне оның ернін жоғары көтеріп, күліп тұрғандай етіп саламын.) Бұл адам сіздерге риза!






3.Дәйек сөз.
"Адамның бойындағы жақсылыққа баға беру үшін, осы қасиеттің кішкене бөлігі өзінде болуы тиіс".

Вильям Шекспир                                         

-  Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? (доппен, стикермен сұраққ жауап алу)

-Осы қасиеттер кімде бар? –Әрине, осындай жақсы қасиеттерді алыстан іздемей-ақ, ата-анамыздан, бауырларымыздан, ұстаздарымыз бен достарымыздан, өзімізден және кез келген таныс, таныс емес адамдардан таба аламыз!

Бүгінгі сабағымыздың да тақырыбы-«Жаныңда жүр жақсы адам»деп аталуы тектен тек емес.





4. Ұстаз сыйлығы

а)- әңгімелеу

б) презентацияны қарау

«Көмектесу маңыздырақ..»

Бұл оқиға Сиэтл қаласындағы Параолимпиялық ойындар кезінде болған еді. . Тоғыз атлеттер – мүмкіншіліктері шектелген адамдар (мүгедектер) – 100 метр дистанциясына спринтерлік жүгіруге шыққан еді.

Олардың толқып тұрғандары көрініп ақ тұр. Олардың жүздерінде –мен бірінші болып келсем, жеңсем, деген сезім байқалады. Міне, старт! Жарыс басталды. Барлығына бірдей толқынысты басып, жүгіріп кету мүмкін болмады, кейбірі кібіртектеп, қатты қимылдай алмай қалды, бірақ, бәрі де тырысуда.

Қашықтықтың дәл ортасына келгенде ең жас атлет,өз өзінен айналып, құлап түсті, ол дистанциядан шығып, жарысты аяқтай алмаймын деп жылап жіберді. Көрермендер қолдау көрсетіп қол бұлғауда, осы кезде стадионның мониторында үлкен етіп құлаған спортсменді, оның бетін көрсетті..

Ал ол жүгіру жолында көз жасын сүртіп отырып қалды. Ештеңеден хабары жоқ басқа спортсмендер біраз жерге барып қалған болатын. Экраннан болған оқиғаны көріп, тоқтап, артқа қарады. Бір мезгілде олар кері қарай жүгірді. Бәрі! Бір Даун синдромды қыз бала құлаған жігітті бетін сипап, сүйіп «енді бәрі жақсы ма?»деп айнала бастады.. Ал қалғандары оны көтеріп тұрғызып, бәрі қайта финишке оралды.

Олар қайта жүгіруді бастағаннан бастап аяқтағанға дейін көрермендер қол соғумен болды.

Экраннан барлық трибунадағы адамдарға бұл небір қиындықты жеңе алатын ерекше адамдардың көздерінен бақыттың сәулелері анық көрініп тұрды.

Бұл ерекше адамдар өмірден ең маңызды даналықты түйіп алған еді: ол – өмірде ең бастысы - тек өзің үшін жеңіске жету емес, тіпті өзің тоқтап қалып, бағытыңды өзгертсең де, өзгеге жеңіске жетуге көмектесу маңыздырақ!!



  1. Неліктен көрермендер тоқтамастан қол соқты?

  2. Адам үшін не маңызды, қандай болу?Сен үшін ше?

  3. Енді осы оқиғаға ат қояйықшы. Қандай тақырып қояр едіңдер? Неге?


Видео «Сиетл параолимпиялық ойындар»



5.Шығармашылық, топтық жұмыс.

Топқа бөлу: Сыныптағы үрленген шарлардан ұнағанын алыңыздар. Енді бірдей түс таңдағандар топтаса қойыңыздар.



1. «Бірлік Заңы»

– Өкінішке орай, әлемде жақсы адамдар көп болғанмен, кейбір нашар адамдардың кесірінен соғыс, т.б. келеңсіздіктер орын алып кетіп жатады. Сіздер бүкіл әлемдегі адамдарға жақсы болуға, оларды біріктіруге мүмкіндік беретін заңдар ойлап табушыларсыздар. Міне парақ, соған Заңдарды жазып, оны бізге ұсынасыздар.



2. «Біздің мектептегі жақсы адамдар» атты тапсырманы креативті етіп ұсыныңыз. Мысалы, мектеп –кеме, оның капитаны кім? Ол қандай?т.б. Сурет салу арқылы да ұсынуға болады.
3. «Біз мақтан тұтатын жақсы Адамдар» атты тапсырманы еліміздің , қаламыздың, аулымыздың, отбасымыздың, достарымыздың, барлық жақсы, мақтан тұтатын адамдарының есімдерін қатарластырып жазу арқылы, неғұрлым ұзын «поезд» шығарыңыз.
  Жақсы адам- елдің ырысы, Жақсы сөз – жанның тынысы дегендей, бүгін біз өзіміз де жақсара түскендейміз, иә, балалар?!





6. Топпен ән айту

«Жақсы адамдар»   әні мен сөзі: А.Оралов



1 Топпен ән айту. Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


7. Әңгімелесу. Балалар, жақсы адам болу-неден деп ойлайсыңдар? –/Тәрбиеден./

- Адам тәрбиесі қай уақытта бітеді? Қашанға созылады?

- Адамның тәрбиесі өмір бойы созылады деген пікірге қалай қарайсыңдар? Мына тақтадағы адамға (өзіміз салған) қараңыздар. Оны жақсы адам дедік. Одан келесі сабақтарда қандай сауалдарға жауап алғыларың келеді, соны мына мен таратқан алақандарға жазып оның жанына айналасына жапсырайықшы. Сұрақтарыңды оқыңыз, ал біз жас ұрпақты не толғандырады екен, неге қызығады екен, қандай жаңалыққа жаны құштар екен, білетін боламыз. Себебі, болашағымыз сіздерге байланысты ғой!

( Сания, қағаз скотч қиындылары алдын ала тақтаның шетінде жапсырылған. түрлі түсті алдын ала сызып, қиып алынған, балалардың өздерінің алақандарын жапсыру)-әдемі картина шығады.

ИЯ, адам өзін өзі өле өлгенше тәрбиелейді. Әрбір жеке тұлға, жеке азамат өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Ешқашан тоқтап қалуға болмайды.Сіздерге сәттілік болсын, жарқын болашақта, жас ұрпақ!



Жақсы адамдар әні


  1. Үй тапсырмасы.

Болашағыңызды көз алдыңызға елестетіп, болашаққа саяхат жасаңыз. «Арман картасын» жасауға болады. Ол үшін ақ парақтың ортасына өз фотоңды жапсырып, айналасына кім болатының, қандай болатының, неге қол жеткізетінің, үйің, отбасың, жұмысың қандай, табысың қандай-суреттермен, сөздермен толтырасың. Армандар орындалады!




  1. Соңғы тыныштық сәтi.  

Көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді естеріңе түсіріңіздер. Қандай   жақсылықты білдік, соны жүректеріңе сақтандар. 

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



Баяу әуен




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет