Лекция т ақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі, құралдары мен формалары, әдістері Лекцияның оқыту нәтижелері



бет2/4
Дата24.04.2022
өлшемі124 Kb.
#140668
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
№ 10 лекция (1)
10 сынып ҚМЖ 3-тоқсан 31.01.2022ж, elektr-syyymdylyғy-kondensatorlardyң-құrylysy-zhәne-tүrlerі, Баяндама2, open lesson, sources of light, lesson study, 7-сынып,математика Юниор хатаммасы
Лекция мақсаты: адам тәрбиесінің қоғамдық өзгерістермен диалектикалық бірлікте дамып, толығып отыратындығын ғылыми және өмірлік фактілермен дәлелдеп көрсету.


Лекция мәтіні:

Тәрбие - қоғамдық категория ретінде. Тәрбиенің қоғамдық-әлеуметтік құбылыс ретіндегі даму тарихы.


Қоғамның даму барысында тәрбие және мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ертедегі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. “Рақым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Мысалы, Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру, ал Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметті” өзі ұйымдастыру керек, үстемдік етуші топтар – философтар мен жауынгерлерді” талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.Ұлы педагог Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру, өз істерін ақылмен және байыппен жүргізу, ал Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының алатын орнын айтты.
И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар десе, А.Дистерверг тәрбиенің мақсаты “ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет” ету деп анықтаған.
Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский: “Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады деп, онда сізді” дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші “бақыт” дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ: біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық” - деп тұжырымдайды.
Тәрбие мақсаты көп уақытқа дейін идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция – тәрбиені” негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиені” мақсаты біржақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарыны” нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.
Тәрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оны” компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиені” мақсаты нақты тәрбие міндеттеріні” жүйесі.
Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтарды”, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаны” қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойды” жетістігі, ортаны” үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушылардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін бөліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қалыптастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақыл-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.
Мақсат- іс-әрекет нәтижесін күні бұрын идеалды ой-тұжырым арқылы болжау.
Жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде оларды” дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді. Олар:

  • мегафакторлар (мега- өте үлкен) – космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.

  • макрофакторлар (макро-үлкен) ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындарды әлеуметтендіру.

  • мезофакторлар (мезо-орташа) тұрғылықты жерде халықты” болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдарды” үлкен тобын әлеуметтендіру жағдайы.

Микрофакторлар – белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум.
Тәрбие ұғымы қоғамдық категория ретінде қызмет етеді. Олай болса, оның анықтамасы, мақсаты және міндеті адамзат қоғамында болған әрбір өзгерістен соң міндетті түрде өзгеріп отырады. Өйткені, сол қоғамда өмір сүретін адамдардың әлеуметтену процесі нәтижесінде бүкіл болмысы, психологиясы, сұранысы және т.б. өзгереді. Олай болса, оларды тәрбиелеудің теориясы мен әдіс - тәсілдері де өзгеруге тиісті. Оған дәлел, кеңестік тәрбиедегі жеке адамға қойылған талап пен бүгінгі балалар тәрбиесіне қойылатын талап бірдей еместігі. Еліміздің егемендік алуына байланысты тәрбие ұлттық бағытқа бет бұрды. Өйткені, қоғамға тәуелсіз қазақстанның ұлттық тәрбиесін алған жастарын қалыптастыру қажеттілікке айналып, тұңғыш рет 1993 жылы жаңа ұлттық тәлім-тәрбие тұжырымдамасы жарық көрді. Онда тәрбиеге берілген анықтама да жаңаша бағытта берілді яғни онда:"Тәрбие дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру",-деп анықтама берілді. Ал, тәрбиенің негізгі мақсаты-ұлттық тәрбие беру болды. Себебі, біздің ұлтымыздың ғасырлар бойы қолданып келген дәстүрлі тәрбие тәжірибесі өте жоғары тиімділік көрсетіп келгені бәрімізге белгілі. Онда тәрбиенің алдына қойған міндеттері: ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер және бойында басқа ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілді. Осы міндеттерді мемлекеттік тұрғыда жүзеге асыруда мектеп бағдарламаларына көптеген өзгерістер яғни жаңа оқу пәндері енгізіліп, тәрбие сағаттарының ұйымдастырылуы мен мазмұны жаңаша этнопедагогикалық тұрғыда қарастырылды.
Қоғамда нарықтық экономиканың келуіне байланысты балалар психологиясын нарық талаптарына сай тәрбиелеу қажеттілікке айналды. Оларда ұлттық тәрбиемен қоса нарық заманына сай қасиеттерді қалыптастыру тәрбие мақсатына айналды. Яғни, тәрбиеге әлеуметтік тұрғыдан анықтама берер болсақ, ол - жастарды қоғамда дұрыс өмір сүру және еңбек етуге бейімдей отырып, олардың қоғамдағы әлеуметтік мәнін айқындау. Бүгінгі таңда "тәрбие" ұғымының ауқымы әлеуметтендіру ұғымымен астасып, әлеуметтік мәнге ие болып отыр. Өйткені, бүгінгі тәрбие беру мәселесі жастарды қоғамға лайықты азамат етіп тәрбиелеумен сәйкес келгендіктен, бұл ұғымдар бір-бірінің баламасы ретінде де қолданылып келеді.
Әлеуметтік жағдайлардан туындаған проблемалар мен сұраныстардан бүгінгі педагогика ғылымының жаңа салаларының өзектілігі артып, өмірде кең қолдау тауып отыр. Мәселен, әлеуметтік педагогиканың зерттеу проблемалары ғылыми педагогика мазмұнындағы тәрбие мәселелерін басып озып, тіпті оны өзінің мазмұнында терең қарастырып, өзара байланыста қамтып келеді. Бұл да бүгінгі қоғамның жағдайлары адам тәрбиесінде
әлеуметтік педагогтар қызметіне мұқтаж екендігін көрсетіп, тәрбие әлеуметтенумен біте қайнасып бірге қарастырылуын керек етеді.
Тәрбие формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Және оны былай жіктеуге болады.

  1. Тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы.

  2. Қатысушылар құрамы.

  3. Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі.

  4. Іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы. Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетін ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті. Әдіс-тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.

Әдістер, формалар, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сұхбаттар жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
Оқуды ұйымдастырудың басты формасы - сабақ. Педагогика технологияларының дамуы оқыту формаларын айтарлықтай молайтуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар кеңінен қолданылуда.
Сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиеніенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын, сондықтан оларды жіктеу қажет.
Тәрбие әдістерін жіктеу дегеніміз - арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе және әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән,
маңызды, кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
Тәрбие әдістерін жіктеуде мына критерилерге (қағидаларға) сүйену қажет:
а) адам іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;
б) жасөспірімді тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі– өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;
в) жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.
Аталған қағидалар бойынша кей әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағлұматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Осыған орай тәрбие тәрбие әдістері 3 топқа бөлінеді:

  1. жеке бастың санасын қалыптастыру әдістері;

  2. -іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру;

  3. іс-әрекет пен-мінез-құлықты ынталандыру әдістері.

Адамның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін жеке бастың санасын қалыптастыру әдістері деген әдістер қолданылады.
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды. Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазір тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, мысалдар кеңінен қолданыс табуда.
Төменгі және орта сыныптарда этикалық тақырыптағы әңгіме қолданылады. Бұл адамгершілік мазмұндағы деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.
Мұндай этикалық әңгімені қабылдауда бөлме ішінің жабдықталуының да маңызы бар. Жоспарланған әңгімелер жайлы бөлмелерде, оқушылар ешқайда асықпаған еркін жағдайда жүргізіледі. Әңгімеден кейін оқушылар мазмұны мен көңіл-күйі жағынан өзгеше бір іске (мысалы, спорттық жарыс) кірісіп кетсе, әңгіменің тәрбиелік мәні төмендейді.
Қазір күнделікті тәжірибеде тәрбиелік процесте түсініктеме әдісі жиі қолданылады. Бұл оқушыларға сезім мен сөз арқылы әсер ету әдісі.
Түсініктеменің әңгімеден өзгеше маңызды белгісі – оқушыларға немесе жеке тұлғаға қандай да бір жағымсыз жағдайлар бойынша әсер ету. Түсініктемені оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсіндірудің қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолдану керек. Бірақ мектептегі, көпшілік орындардағы қоқыс тастауға, түкіруге, партаға сурет салуға, дөрекілік жасауға болмайды деген сияқты күнделікті мінез-құлық нормалары туралы сөз болғанда түсініктемені қолданудың қажеті жоқ. Мұнда үзілді-кесілді талап ету қажет. Түсініктеме қандай да бір жаңа адамгершілік қасиетті, оқушылардың белгілі бір әрекетке деген дұрыс қатынасын қалыптастыру үшін қолданылады. Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл-кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылады.
Оқушылармен тәрбие барысында түсініктемемен қоса насихат сияқты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнің беделіне, оның жеке қасиеттеріне байланысты.
Тәрбиеде этикалық әңгіме-сұхбат әдісі жиі қолданылады және оған оқушылардың белсенді қатыса алуы үшін оның жоспары мен негізгі мәселелері оқушыларға алдын-ала беріледі. Баяндамалар алдын-ала дайындалады. Әңгіме-сұхбат кезінде оқушылар жағдайлар бойынша қойылымдар ойнайды. Алдын-ала әдебиеттер тізімі беріледі, оқушылар өмірден немесе әдебиеттерден деректер мен мысалдар жинастырады.
Сынып жетекшісі баяндама жасап, әңгіме-сұхбатқа қатысушылар алдына мәселелер қояды, олардың белсенділігін оятады, әртүрлі көзқарастарды тыңдап, оқушыларға баяндамаларға баға беруді ұсынады, айтылған ой-пікірлерлі толықтырып, түзеп, қорытындылайды, әңгіме-сұхбаттың қортындысын шығарады. Әңгіме-сұхбаттың сол әңгіме кезінде талқыланған мінез-құлық ережелерін жүзеге асыра алатын шынайы пайдалы іспен аяқталуы оң нәтиже береді.
Тәрбие әдістерінің тобына тәрбиелеушілердің мінез – құлықтары мен іс - әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер біріктірілген. Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық – психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі – бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, сонымен бірге ол тәрбиенің субъектісі екендігі.
Баланың табиғатында «мен өзім» деген белсенділігі бар, сондықтан ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез – құлықтары мен іс - әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына олар селсоқ қарай алмайды. Сондықтан адамды тәрбиелеу кезінде баланың үнемі өзін - өзі тәрбиелеуі қатар жүріп отыруы қажет екендігі ескеріледі.
Тәрбие әдісінің үшінші тобына мадақтау, жазалау және ұйымдастыру әдістері жатады. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс - әрекет-терін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мадақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.
Мадақтау – оқушылардың тәртібін, мінез – құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады.
Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігіне сезінуіне, өзінің мінез – құлқы мен көңіл – күйіне бақылау жасауға, өзін - өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез – құлық қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез – құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады. Жақсы істерді жал мінез – құлық қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез – құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады. Жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.
Мадақтаудың түрлері өте көп. Мектеп тәжірибесінде мадақтау, мақұлдау, алғыс айту, мақтау, сыйлық беру сияқты түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет