Лекция тақырыбы: Қарым-қатынастың интерактивті жағы Лекцияныңоқыту нәтижелері


Ӛзара әрекеттің негізгі сипаттары



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата08.11.2023
өлшемі319,38 Kb.
#190386
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
11 Лекция тақырыбы

Ӛзара әрекеттің негізгі сипаттары:
Ӛзара әрекет қажетті және міндетті біріккен әрекеттің тәсілін ойлап табу;
Ӛзара әрекеттің негізі әртүрлі бейнелер тұлғаарлық контакт және әрекет құрайды. 
Оларға жанамалы және тікелей кездейсоқ және алдын-ала ойластырылған, жеке және 
бұқаралық, ұзақ және қысқа мерзімді, вербальды және вербальды емес әрекеттер жатады.
Ӛзара әрекетке серіктестің бір-біріне тәуелділігі тән. Егер әр адамның әрекеті 
ӛзгелермен бір уақытта жүргізілсе, ӛзге қатысушыларға да әсерін тигізеді. Осы серіктестік 
арасында ӛзара байланыс пайда болады.
Осы мақсатқа байланысты мінез-құлықтар мынадай стратегияға бӛлінеді:
Бірлесу – ол қатысушының ӛзара әрекет кезінде ӛз мақсатына максимальды түрде 
жетуін кӛздейді.
Қарсыластық, бәсекелестік – мұнда сыбайластарӛз мақсатын кӛздейді.
Компромисс – мұнда сыбайластар тең жағдайды сақтап қалу үшін әрекет етеді.
Жол берушілік – сыбайластың мақсатына жету үшін ӛз қажеттілігіңді құрбан ету.
Қашқақтау – қарым-қатынаста алшақтау, ӛзге адамның жеңіп шығуы үшін ӛз 
мақсатыңнан бас тарту.
Басқарушылық әрекеттің түрлері тӛмендегідей
:
Сендіру
Иландыру
Еліктеу
Күштеу
Манипуляция
Сынау
Сендіру – бұл іс-әрекетін тудыру себебінде ақпаратты беру және еркін қабылдауды 
мақсат еткен интеллектуалдық, психологиялық әсер. Басқаша айтқанда сендіруде тек 
ақпаратты қабылдау ғана емес, онымен іштей келісу және соңғы қорытындыны, ақпаратты 
ӛздігінен қабылдаушы жасау керек. Сендіру әсер ету әдісі ретінде иландыру, жұқтыру 
механизмдерінен бұрын әлеуметтік практикада жайырақ қолданыла бастады. Ақпаратты 
қабылдау немесе қабылдамау түскен сыни игерудің қажеттігі адамның интеллектуалдық 


дамуының жоғарғы деңгейде екендігін кӛрсетеді. Сендіру әсері процесінің қиындығы, 
рационалды әсер ету сияқты тұлғаның эмоциялық сферасына да әсерін әсер етуші 
инициатор мен адресаттың бірлескен белсенді әрекетін бастайды. Сендіруге кӛбінесе 
мына адамдар беріледі:қиялы ашық, ӛзіне қарағанда басқаларғабағытталатын, ӛзін-ӛзі 
бағалауы тӛмен адамдар. Сендіру тиімділігі мына талаптарды сақтау керек: 
-контакт орната білу, сенімділік тудыру;
-шыдамдылық, тӛзімділік, такт; 
-дәлелдеу, түсіндіру, жоққа шығара алатын; 
-бұрын игерген нәрселермен байланысатын жаңа идеялар беру; 
-тұлғалық ашықтық; 
-екі жақ қолданатын терминдерді, түсініктерді бірдей түсіну; 
-сендіретін адамның жеке тұлғалық ерекшелігі мен шағын топтың психикасын 
есепке алу. Сендіру 3 әсер ету түрінен тұрады: ақпараттық, түсіндіру, дәлелдеу немесе 
жоққа шығару. Ақпараттық тыңдаушының нақты іс-әрекет тудыруға қажетті оған 
фактілер мен қорытындыны жеткізу мақсатында ақпаратты бейнелі, әсерлі түрде 
жеткізу,жұмысшыға бар нәрсені айта отырып, индуктивтік немесе дедуктивтік жолдарды 
таңдап алады. Біріншісі, жалпылау қорытындысы бар фактілерді, құбылыстарды, 
оқиғаларды қарастыру. Дедуктивтік жол – бірінші жалпы жағдайдың ӛзін айтып, содан 
кейін фактіге дәлелдемелер келтіру. Түсіндірудің бірнеше түрін кӛрсетеді: 
1. Инструктивтік – жұмысшы жеткен ақпаратты игеріп, есінде сақтауы керек. 
2. Хабарлау – жұмысшыға фактілер, шынайы әңгіме ретінде түсіндірді – бұл белгілі бір 
сәйкесті қорытындығы алып келеді. 
3. Талдау – жұмысшының ойлау әрекеті, оған бірнеше сұрақтарқою арқылы 
белсендендіреді, ол логикалық талдауға және керекті қорытынды жасауға алып келеді. 
4. Мәселелік – басшы қойылған сұрақтарға жауап бермейді. Жауапқа жұмысшының ӛзі 
келеді., бірақ түсіндіруге қажетті материалдар басшыны қорытындыға итермелейді. 
Сендіруге дәлел логикалық заңдылықта, қарым-қатынаста жеткілікті негізде құрылады. 
Дәлел тиімді болады, егер ӛз мәнінде дұрыс болып келетін фактілерге сүйенсе немесе 
жұмысшы дұрыс деп қабылдаса. Логиканың кӛзқарасымен қарасақ, жаққа шығару да 
дәлел сияқты сипат алады. Бағынышты адамдарға бір идеяны дәлелдей отырып, басшы 
басқасын жоққа шығарады. Психологиялық жағынан айырмашылық анық байқалады. 
Дж.Майерстің пікірінше, сендіру әсерінің жүзеге асуында Кім? Не? Қалай? Және кімге 
беретінін есінде сақтау маңызды.
2. Иландыру – эмоционалды ерікті сипаттағы психологиялық әсер ету тәсілі. 
Тұлғаның ақпаратты мақсатты түрде сыни емес тұрғыда қабылдау. Иландыру мәні 
адамның сезіміне әсер ету арқылы оның ақылы мен еркіне әсер ету. Иландыруға бейім 
тұратындар суггестивті деп аталады. Қарым-қатынас процесінде бір мезгілде формасына, 
мазмұнына негізделеді. Иландырудың әсер ету мазмұны «жабысқақтылығымен» 
ерекшеленеді. Ол иландырылған жағдайдағы бірігушілік пен түзету мағынасында қиын 
беріледі. Ол гетеросуггестиялы (яғни жан-жақтан) және аутосуггестиялы (ӛзін иландыру) 
формалары арқылы жүзеге асады. Иландырудың объектісі – үлкен топпен бұқара болуы 
мүмкін. Иландыруда ең үлкен эффекті мынадай жағдайда болады, егер де иландырылып 
берілген ақпарат адамның қажеттілігі мен қызығушылығына сәйкес келген жағдайда. 
Іскерлік қарым-қатынаста әр адам әртүрлі деңгейде иландыра алады, қабылдау деңгейі 
әртүрлі, иландыруға бейімділігі де әртүрлі адамдар болатынын әрдайым есте сақтау керек. 
Иландырудың эффективтілігі келесі факторларға тәуелді: 
1.суггестордың қасиеті мен жағдайы (заңгер консультантқа, менеджер – 
бағынышусына т.б.) иландыруды іске асырушысы. -оның әлеуметтік статусы мен 
беделінің жоғары болуы; 
-еріктік, интеллектуалдық және мінез-құлықтық жайы; 


 -жетістікке 
жету 
қабілеті 
және 
оптимистілігі; 
-ақпаратты жеткізуде аргументті, логикалы, эмоционалды компоненттерін дұрыс 
құрастыра білу;
-ақпарат кӛздеріне ерекше, қосымша сенімді әсер ету стимулын жасау қабілеті. 
2.суггеренттің 
қасиеті 
мен 
жағдайы, 
яғни 
иландыруы 
бағытталған 
кісі 
-оның астеникалық жағдайы, эмоционалды психофизиологиялық қосылу (стресс, 
дистресс, шаршау, әлсіз, ашу, т.б.)
-тӛменгі 
бағалау, 
ӛзіне 
сенімсіздік, шешім 
қабылдай 
алмаушылық; 
-мазасыздану, үрейлену, ұялу, эмоционалдылығы жоғары, ӛзінің толық емес сезімдерінен 
комплекстену; 
-бейнелі ойлау және беделге сенуі дамыған. 
3.суггестер мен суггеренттің арасындағы эмпатия мен сенім маңызды орын алады. 
-кілт сӛздерінің нақтылығы және бейнелілігі; 
-суггестердің 
комментариясындағы 
«жоқ» 
деген 
сӛздер 
кездеспейді; 
-сӛздік динамикасы – бұл суггестияның негізгі тәсілі сӛзінің тілдік спектрі үлкен 
қиыншылықпен ерешеленеді; 
-мимика, жестикуляцияны суггерент эмоциональды қызығушылық, болашақтағы 
жақсы, 
сенімді, 
жағымды 
қатынастарын 
қалыптастыруға 
себін 
тигізеді. 
-дауыс ырғағының сәйкес келуімен эмоцияға әсер етеді.
3.Еліктеу деп – бір адамның сыртқы құлқын қабылдаудағы бірнеше психикалық 
қалыптың тууы және сонымен қатар сол адамның құлқын белгілерін ӛзінде қайталау. 
Ӛзгелерге еліктеу негізінен санасыз болады, бірақ кейде бір мақсатқа жету барысында 
саналы қолданылады. Біреуге еліктеу ерікті және еріксіз түрде де болады. Еліктеу 
баланың 
әлеуметтену 
механизмінің 
негізгі 
бӛлігі 
болып 
табылады. 
Еліктеуді ғылыми тұрғыдан зерттеген, негізін салған француз психолог-социологы – 
Г.Тард. Оның тұжырымдамасы бойынша, еліктеу, қоғам дамуының негізгі принципі 
болып табылады. Сонымен қоса, еліктеу – «қайталаудың әлемдік заңдылығы». Жануарлар 
әлемінде бұл заңдылық тұқым қуалау арқылы болса, адамдар қоғамында еліктеуарқылы 
болады. Г.Тардтың кӛзқарасынша, еліктеу – прогресстің кӛзі: жұрттың еліктеуі арқылы 
кезең мен қоғамда ӛнер туыдылары жасалуда. Бұл туындылар мен ашылулар қоғам 
құрылымына еніп, еліктеу арқылы меңгеріледі.тЕліктеу психологиялық әсер етудің тәсілі 
ретінде нақты заңмен жүзеге асады: 
Біріншіден, еліктеу іштен сыртқа бағытталады, яғни ішкі бейнелер сыртқыға 
қарағанда тез жүреді. Екіншіден, әлеуметтік баспада тӛмен тұрғандар жоғарыдағыларға 
еліктейді. 
Үшіншіден, неғұрлым адам ересек және білімді болған сайын еліктеудің қарапайым 
белгілеріне икемді. Мысалы, балалармен салыстырғанда ересектердің әлемді 
қабылдаудағы адамның ішкі жеке сипаттамасына үңілмей, сыртқы бейнесіне негізгі кӛңіл 
аудару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет