Лекция тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығы (XV ғ. XVIІІ ғ. басы) Лекцияның оқыту нәтижелері



бет1/8
Дата30.11.2023
өлшемі74,06 Kb.
#194270
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция 5 2022-2023


5 Лекция тақырыбы:
Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығы (XV ғ. - XVIІІ ғ. басы)


Лекцияның оқыту нәтижелері:

1. Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;


2. Қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру;
3.Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру


Лекция мазмұны.


1.Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары.
2.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары.
3.Қазақ хандығының XVI ғ. әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
4. Қазақ хандығы XVII ғ. және XVIIIғ. басында
1.Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Халықтың қалыптасуы өте күрделі және ұзақ үрдіс болып табылады. Ғалымдар қазақ этносы өзінің рассалық-генетикалық бастауын осы қола дәуірінен алады деп есептейді. Оны қазақтың ұлттық мәдениетімен андроновтықтардың мәдениетінің ұқсастығы дәлелдейді. Мысалы, андроновтықтардың қыштан істелінген заттарындағы өрнектер қазіргі қазақ кілемдеріндегі өрнек нақыштарымен сәйкес келеді. Отқа, ата-баба рухына табыну, көптеп қой, жылқы малдарын өсіру және оны тамақ ретінде пайдалану андроновтықтар мен қазақтардың өмір салтының ұқсастығының белгісі болып табылады.
Қазақстан жерін мекендеген үйсін, сақ, ғұн, қаңлы және сармат тайпалары қазақтардың арғы тегі болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша үйсін тайпалары мен кейінгі қазақ этносының арасында тікелей этногенетикалық байланыс бар. Оларда көшпелі өмір салты мал шаруашылығымен байланысты, киіз үйді кең пайдаланған, ет-сүт өнімдерін тамаққа қолданған, бидайдан нан пісірген және т.б. айқындаушы ұқсастықтар көп. Сонымен қатар қоғамдық-әлеуметтік құрылымда да ұқсастық бар. Үйсін мемлекеті үш бөлікке бөлінген: сол қанат, оң қанат және орталық қанат. Осы бөліністер олардың қазақ жүздерімен сәйкестігін көрсетеді. Бұл этногенетикалық ұқсастықты дәлелдейді.
Ғалымдар қазақ халқының қалыптасуын түрік этногенезінің басталуына жатқызады. Түркі кезеңіндегі шаруашылық-мәдени өмір кейін түркі халықтарының көбіне тән болды. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары моңғол шапқыншылығы қарсаңында біртұтас халық болып қалыптасуға даяр еді. Оған қимақ-қыпшақ конфедерациясы мысал болады. Олардың Алтайдан Еділге дейін алып жатқан территориясын парсы ақыны, саяхатшы Насир Хосроу «Қыпшақ даласы» деп атаған. Алайда моңғол шапқыншылығы бұл жердегі тайпаларды басқару жүйесіне және де шаруашылық жағдайына, әдет-дәстүрге өзгеріс әкелді. Моңғолдардың жаулап алу саясаты этникалық құрамға біршама өзгеріс жасады. Қазақстан территориясы әр түрлі этникалық топтардың қоныстану аренасына айналды.Ұлы қоныс аудару кезеңінде, кейін түркі және монғол шапқыншылығы дәуіріндегі этникалық араласу қазақтардың сыртқы түріне үлкен өзгеріс әкелді. Сонымен бірге этномиграциялық процесс нәтижесінде жергілікті тайпалар басқа тайпалармен араласып, оларды ассимиляциялады. Сондықтан да қазақтардың арғы тегіне Қазақстан территориясы өзіне Отан болған тайпаларды жатқызуға болады.
XIY-XY ғғ. Қазақстан және оған шекаралас аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы деген мемлекеттер болғаны белгілі. Ол мемлекеттер тұрғындарын өзбектер, өзбек-қазақтар, моғолдар және ноғайлар деп атаған. Бұл атауларда өзіндік этникалық және саяси мән болған. Егер де «халық» деген түсінік этникалық құрылым тұрғысынан қаралса, онда оны «этноним» терминімен белгілейді (өзбектер, қазақтар, қырғыздар). Халық өзінің атымен мемлекетке ат берсе, онда ол «политоним» терминімен анықталады (моғолдар Моғолстан мемлекетінің халқы, ноғайлар – Ноғай Ордасының халқы), яғни бұл этносаяси ұғым. Тарихи-этнографиялық әдебиетте тарихи–этнографиялық өңірде құрылған мемлекеттің тұрғындарын этносаяси қауымдастық деп атайды.
Халық этникалық және саяси жағынан да тұтас болу үшін ең алдымен өзінің тәуелсіз мемлекеті болу керек. Біртұтастыққа ұмтылған тайпалар саяси жағынан Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай ордасы және Моғолстан сияқты мемлекеттерге бөлшектенді. Алайда осы мемлекеттер қазақ мемлекеттілігінің құрылуына, өзіндік этникалық кеңістіктің қалыптасуына негіз болды. Қазақ тайпалары мен рулары әр мемлекеттің құрамына кеткенімен, олар бір тілде сөйледі.
Қазақ халқының рулық–тайпалық құрамына келсек, ол үш жүзден және төмендегідей тайпалардан тұрды. Ұлы жүздің тайпалық құрамы: Жалайыр, Дулат, Албан, Суан, Қаңлы, Шапырашты, Сары үйсін, Ошақты, Ысты. Орта жүздің тайпалық құрамы: Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ, Керей. Кіші жүздің тайпалық құрамы: Жетіру, алты ата Әлімұлы, он екі ата Байұлы. Сонымен қатар Қазақ халқының құрамына төрелер мен қожалар кіреді.
Қазақ халқының қалыптасуы XV ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты.
Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды.
«Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі.
X-XI ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына орныққан. X ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багрянородныйдың айтуы бойынша, Кавказдың солтүстік–батысында «қазақтар елі» болды. Әзірбайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ ауданы бар.
Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр. Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған.
«Алаш» пен «қазақ» деген сөздің мағынасы бір, монғол тілінде «хасақ», «талаушы» деген сөз деушілер де бар. Ал Шоқан Уалиханов «қазақ», «ерікті» деген мағынадағы сөз дейді. Қазақ байрыдан Алтын Орданың хандарынан бөлініп ерікті ел болған. Ешбір сөздікте «қазақ» деген сөз «ерікті» деген сөздің мағынасын қамтымайды. Будагов деген оқымысты «Түрік, татар тілінің салыстырмалы сөздігі» деген кітабында «қазақ» деген сөз «жай» деген сөз болуы керек дейді. Шынында бұл да дұрыс пікір емес, «Алаш» пен «қазақты» бірдей қарау да мүмкін емес. Бұрынғы кітаптарда (Рашид ад-дин, Әбілғазылардың) «алаш» деген жоқ, «халаж» деп жазады. Бұл көп елдердің (Орта Азия халықтарының) біразына тән ортақ атау.
Академик Марр: «қазақ» атауын Азияны мекен еткен «сақ», «қас» деген тайпалармен байланыстырады. Олардың ұрпақтары, Орта Азия халықтарының арасына сіңісіп, өмір сүріп жатыр, - деген болжам айтады. Мүмкін осы 2 тайпа бірігіп, «қассақ», келе-келе қазақ болып кеткен деген жорамал бар.
Парсы ақыны Фердаусидің «Шахнамасында» (патшалар тарихы) парсының шахтарымен қазақ деген ел соғысады. Бұл үлкен жұмбақ болып отыр. Өйткені бұл шығарма Х ғасырда жазылған, ал бұдай кейін ХІІ ғ. шейін «қазақ» деген атау еш жерде кездеспейді.
ХІ-ХІІІ ғ. «Хасог» «Хосог» деген сөз кездеседі. Карамзиннің кітабында ХІ-ХІІ ғасырларда европалық Ресейдің оңтүстігінде, солтүстік Кавказда, Оралда «хасогтар» өмір сүрген. Кавказдағы черкестер өздерін «қазақпыз» дейді. Әзірбайжанда «Қазақ» ауданы да бар. Карамзиннің қазақтары да осы черкестер мен әзербайжандар. Сондықтан қазақ атауы ХІ-ХІІ ғасырда болғандығына күмәніміз болмаса керек. Абайдың кітабында «қазақ» арабтың «құзақ» деген сөзінен шыққан делінген. Бұл араб елінде көшпелі елдің аты. Абайдың бұл пікірін тағыда зерттеу керек.
Біраз тарихшылар «қазақ» сөзі ХҮ ғасырда ғана пайда болды дейді. Бұл пікір дұрыс емес. Қытай оқымыстысы Хэ Цютао, Чжань Симань қатарлылар әлдеқашан «қазақ» сөзі «үйсін» сөзінің баламасы екендігін атап көрсеткен еді. Нығмет Мыңжан Хань патшалғы кезіндегі «яньчарларды» (қыпшақтар) «қазақ» сөзінің Қытай иероглифіне бұрмаланып жазылуы деп қарайды.
Қазақ ғалымдары, соның ішінде тарихшы М. Ақынжанов пен жазушы С. Мұқанов «қазақ» этнонимі «қас» пен «ақ» сөздерінің бірігуінен келіп шыққан, «қас» сөзі «нағыз, рас» деген ұғымды білдіреді, ал «сақтар» болса ертеде Орта Азияны мекен еткен тайпа.
«Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған деген қорытынды жасауға болады.
XV ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі сипатына «өзбек-қазақ» термині дәлел болады. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының көптеген факторлардың ықпалымен әр түрлі даму сатысында тұрған Шығыс Дешті-Қыпшақ тұрғындарынан бөліну үрдісімен сипатталады. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.
Қазақ халқының қалыптасуымен бірге ХV-ХVІ ғасырларда қазақ жүздері де қалыптаса бастады. Жүздер туралы жазба деректері ХҮІ ғасырда шығыс жылнамаларында кездеседі. Жүздердің құрылуы Қазақ жерінің табиғи климаттық жағдайлары мен халықтың көшпелі өмір салтына тығыз байланысты болды. Қазақстан өзіндік дамуына ықпал ететін табиғи-ландшафтық белдеулерден тұрады. Бұл – қазақ халқының шаруашылық, мәдени қызметінің табиғи ареалдары болған үш географиялық бөлік. Оларға Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу; Батыс Қазақстан; Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтары кіреді. Жүздер табиғи-климаттық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан шаруашылық және әскери- әкімшілік басқару жүйесі ретінде қалыптасты. Қазақ жүздерінің қалыптасуына қазақ халқының негізін құраған ру-тайпалардың моңғол ұлыстарының құрамында, кейінрек жекелеген мемлекеттік бірлестіктер құрамында ұзақ уақыт болуы ықпал етпей қойған жоқ еді.
Ұлы жүз аумағы Сыр бойынан Жетісуға дейінгі жерлерді қамтиды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр рулары енеді.
Арғын, қыпшақ, уақ, найман, қоңырат, керей және басқа да ру-тайпалар негізінде құралған Орта жүз аумағы Қазақстанның Солтүстік-Шығыс және Орталық бөлігін қамтиды.
Сырдарияның сағасын, Арал теңізінің жағалауын, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін Кіші жүз алып жатты. Оның құрамында он екі атадан тұратын: адай, жаппас, алаш, беріш, есентемір, серкеш т.б.; алты атадан тұратын жетіру: табын, тама, жағалбайлы т.б.; жеті атадан тұратын әлімұлы: қарасақал, төртқара, шекті, т.б. рулардан тұратын тайпалық одақ кірді.
Қазақ халқына тән негізгі сипат – оның рулық, тайпалық құрылымының күрделілігі. Этникалық топтар бір-бірімен сан түрлі жолдармен өзара тығыз байланысқан. Қазақ халқы үш жүзге бөлінеді. Жүз - тарихи-шаруашылық және географиялық аймақ, белгілі рулық топтың территориясы. Үш жүз географиялық орны мен климатттың айырмашылығымен ерекшеленеді. Ұлы жүз территориясы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Рулары – үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, қаңлы, сіргелі, ысты, ошақты, т.б. Орта жүз территориясы – Орталық және Солтүстік Қазақстан. Рулары- қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ, т.б. Кіші жүз территориясы – Батыс Қазақстан. Рулары – алшын, адай, төртқара, жағалбайлы, табын, тама, қаракесек, байбақты, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет