Лекция тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығы (XV ғ. XVIІІ ғ. басы) Лекцияның оқыту нәтижелері



бет6/8
Дата30.11.2023
өлшемі74,06 Kb.
#194270
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция 5 2022-2023

Қазақ-жоңғар соғысының аяқталуы: Ұлттық тәуелсіздікке төнген қауіп қазақтарды бірігуге мәжбүр етті. 1726 жылы Ұлы жүз бен Кіші жүздің біріккен әскері Тайлақ батыр мен Саурық батырдың бастауымен Бұланты өзені бойында Қарасиыр деген жерде жоңғарларға ауыр соққы берді. Бұл жеңіс қазақтарды одан әрі қарсы тұруға жігерлендірді. Осы жылы Шымкент маңында, Ордабасы тауында үш жүз өкілдері қатысқан мәслихат өтті, онда қазақ әскерінің жоғарғы бас қолбасшысы – сардар сайлануы керек болды. Сардар келешекте жоғарғы ханның орнын басатынын түсінген сұлтандар арасында қайтадан талас туды. Алайда істің нақтылығы билерді қатал орталық билікті жақтаушы Әбілхайырдың пайдасына шешім қабылдауға мәжбүр етті. Үш жүздің әскерін ұйымдастыруда Бөгембай, Тайлақ және Саурық батырлар маңызды роль атқарды. 1729 жылы Балқаш көлінен оңтүстікте Аңырақайда ірі шайқас болды. Жоңғарлар тағы да талқандалып шегінді. Жеңістен соң Қазақ хандығын біріктіру мен қайтыс болған Болаттың орнына хан сайлау мәселесі тұрды. Сайлауда Әбілхайыр айналып өтіліп, билер хан тағын Болаттың ұлы Әбілмәмбетке (1730-1771) тапсырды. Сұлтандардың бөлігі мәслихат шешіміне бағынудан бас тартты. Әбілхайыр жақтастарымен қазақ әскерін тастап, Жайыққа көшіп кетті. Оның үлгісін Сәмеке хан да алды. Осылайша хандар мен сұлтандар арасындағы алауыздық қазақтардың 1726-1730 жылдардағы жеңістерін жоққа шығарып, тағы жалпы қазақ майданын бөлшектеді. Тек жүз билері – Төле бидің, Қазыбек бидің және Әйтеке бидің, сонымен қатар Аңырақай шайқасынан кейін танылған Абылай атымен белгілі Әбілманмұр сұлтанның іс-әрекеттері нәтижесінде бірлік сақталды. Қазақтардың әлсіреуін жоңғарлар тиімді пайдаланды, 1741 жылы қазақтардың жеңілісімен және Абылайдың тұтқынға түсуімен аяқталған жаңа шапқыншылық басталды. Әбілмәмбет өзінің жоңғарларға тәуелділігін мойындауға мәжбүр болды. Жоңғарлар шапқыншылығы қазаққа көз-көрiп, құлақ естiмеген зардап шектiрдi. Тек 1758 жылы жоңғарлардың толық жойылуы ғана қазақтардың жоңғар тарапынан болған шабуылынан құтылуына мүмкiндiк бердi.
Тәуке хан билік еткен кезеңде (1680-1718) Қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен жєне қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бєсеңдетті. Олардың 1680 ж. Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған уақытында тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылығынан аман қалды. Өйткені онда әскерлерімен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте-бірте сөнуінің басты себептерінің бірі болды. Жоңғарлардың шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бейбіт халықтың шаруашылығына үлкен зиянын тигізді.
Қысылтаяң заманда халқына бас болып “Қасым салған қасқа жол”-дейтiн сара көштi бастаған Қасымханның, еңсегей бойлы Ер Есiмнiң “Ескi жолы” еңбектерiн ерекше атай отырып, қазақ қоғамында Тәуке хан тұсында дүниеге келген “Жетi жарғы” атты қазақ хандығының заңдар жиынтығының өмiрге келуiнiң өз ерекшелiгi болды. Тәуке хан билiк жүргiзген ХVII-ХVIII ғасырдың басы елiмiздiң рухани жетiлуiмен, бiрлiгiмен және гүлденуiмен ерекшеленедi. Белгiлi тарихшы А.И.Левшин ол туралы былай деп өз ойын бiлдiрдi. “Тәукенiң тұсында қазақтардың жүрегi ашық болды, мейiрбандылыққа толы болды”-деп жазды. Ол тағы да мынандай ойын айтты: “Тәуке хан қазақ ордаларының ұйытқысы. Ол өзара қантөгiстiң қажыған халқын тоқтатып, тайпаларды татуластырды, баршаны күштiлерге бағынуға уағыздады, ол күштiлердi өзi тоқтатып, баршаға бiрдей заң шығарды”-деп атап өттi.
Тәуке хан 1680-1718 жылдар аралығында хандық құрды. Ол өзiнiң барлық өмiрiн 1635 жылы көшпелi қазақтардың шығыс шекарасында құрылған жоңғар мемлекетiнiң шапқыншылығымен күресумен өткiздi. Тәуке қазақ хандығын нығайту үшiн, сыртқы жауларға тойтарыс беру жолында бiрқатар шаралар қабылдады. Ол 1680 жылы билер кеңесiн құрды. Ханның маңызды билiк жүйесi болып табылатын билер кеңесi әрдайым Тәукеханның белгiлi бiр ордасында – Түркiстан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласы маңындағы Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегi Күлтөбеде өткiзiлген билер кеңесi қазақ хандығының iшкi және сыртқы саясатындағы аса маңызды нәрселердi шешетiн тұрақты жүйеге айналды.
Ол қазақтың үш жүзiнiң ең беделдi билернiң қатысуымен билер кеңесiн сәттi ұйымдастырып отырды. өлы жүзде Төле бидiң, Орта жүзде Қазбек бидiң, Кiшi жүзде Әйтеке бидiң беделi ерекше болды. Қажеттi мәселелердi шешуде хан билер кеңесiнiң көмегiне арқа сүйейтiн. Осының арқасында Тәуке хан халық арасында үлкен беделге ие болып атағы алысқа жайылды.
Қазақтың барлық үш жүзiне билiгi толық тараған Тәуке хан тұсында “Жетi жарғы” немесе “Жетi ереже” өмiрге келдi. Бұл ереже “Тәукеханның ережесi” немесе “Тәуке ханның заңдары” деп аталды. Тегiнде жетi жарғының негiзгi көзi деп бәрiнен бұрын қазақтардың әдеттегi бұйрығы құқығын, сондай-ақ Тәукенiң бұрын өмiр сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң ережелерiн мойындаған жоқ. Заңдарға негiзiнен алғанда қазақ қоғамының ХVII ғасырдағы әскери-саяси және әлеуметтiк өмiрiнiң қажеттерiне сәйкес келетiн ережелер енгiзiлген. Жетi жарғыны жасау қолданылып келген әдеттегi құқық нормаларын қазақтың феодалдық қоғамның жаңа қажеттерiне бейiмдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал шонжарларының мүдделерiне сай келетiндерiн ғана сақтау мақсатын көздедi. Сөйтiп Тәуке ханның “Ережесiнде” сол кездегi қазақ қоғамының әлеуметтiк және құқықтық нормалары, сондай-ақ салықтар, дiни көзқарастар туралы ережелер енгiзiлген, яғни онда қазақ қоғамы өмiрiнiң барлық жақтары қамтылған. “Жетi жарғы” заңы бойынша үкiмет билiгi хан қолында болды. Бүкiл халық мүддесiне байланысты мәселелердi халық жиналысында шешiп отырған. Жекелеген қылмыстық, азаматттық, семьялық, жер туралы, алым-салық туралы т.б. мәселелердi “Жетi жарғы” заңының баптары бойынша шешетiн болған.
Мысалы, Қанға-қан алу, кек қайтару, құн төлеу, қатардағы кiсi өлсе оның құны 1000 қоймен бағаланған, әйел өлсе 500 қой, ал үстем тап өкiлдерi Сұлтан, Қожа өлтiрiлетiн болса 7-жай адамның құны төленетiн болған. Сол сияқты дене мүшелерiне зиян келтiргенi үшiн де белгiлi мөлшерде мал төленген. Мысалы, басбармақ сынса – 100 қой, шынтақ сынса – 20 қой шығынмен төленген. Егер де ұрлық жасаса ұрланған заттың құны үш тоғыз болып қайтарылуға тиiстi болды. Егер мал ұрланса түйе басы бiр тұтқын, жылқы басы бiр түйе, қой басы бiр жылқы қосып қайтарып беруге тиiстi болды. “Жетi жарғы заңы бойынша өлiм жазасы екi түрлi жолмен жүзеге асырылған: 1) Дарға асып өлтiру; 2) таспен атып өлтiру. Тәуке ханның “Жетi жарғысының” әрбiр бабы сол заманның талабына сай келдi. Онда әкiмшiлiк, қылмыстық, азаматтық көзқарастар туралы ережелер енгiзiлiп, қазақ қоғамында заңдылықты тәртiптi нығайтудағы рөлi зор болды.
Қорыта айтқанда Тәуке хан реформасының нәтижесiнде қазақ халқының тарихына iрi құқықтық өзгерiстер енгiзгендiгiмен әйгiлi болды.
Сайрам шайқасы – қазақ-жоңғар арасындағы 1684 жылы болған шайқас.Қазақ хандығында қалыптасқан ауыр жағдайды пайдаланып, 1681 жылы жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошигт қалың қолмен Жетісуға басып кіреді. 
Шу, Талас арқылыАрысқа жеткен жоңғарлар қазақ жасақтарын жеңіліске ұшыратып, Сайрам қамалын қоршады. Бірақ, Сайрам қамалы берілмейді. Жоңғар әскері қысқа қарай кері шегініп, Іленің жағасына кетіп, күш жинады. 1682 – 83 жылдары соғыс Сайрамның түбінде жүрді. Екі жақ бір-біріне алдырмады. Ақыры, 1684 жылы жазда Қалданның інісі Севан Рабдан Сайрамды басып алды. Жоңғарлар мыңдаған тұтқындарды, қисапсыз олжаны қолға түсірді. Сайрам шайқасынан кейін Жетісу өлкесі жоңғарлардың билігіне көшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет