Лекция тақырыбы: Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі (ХҮііі ғасырдың соңғы ширегі ХХ ғ. басы) Лекцияның оқыту нәтижелері


Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары



бет6/8
Дата08.12.2023
өлшемі48,97 Kb.
#195575
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ëåêöèÿ òà?ûðûáû ?àçà?ñòàíäà Ðåñåéä³? ?ê³ìø³ë³ê-ñàÿñè æ?éåñ³í³?

3.Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары.
1801 жылы патша үкiметi Еділ Жайық аралығында Ішкi орда немесе Бөкей хандығы атты орда құрады. Кiшi жүздiң жерiн екiге бөлiп жүзге байланыссыз төртiншi орда құрғандағы патша үкiметiнiң мақсаты өзiнiң отаршылдық әрекетiн тереңдету едi. Патша үкiметi қос өзеннiң арасындағы шаруашылық жүргiзуге қолайлы жерге жаңа мемлекет құрып, онда үлгiлi шаруашылық ұйымдастырып, сол арқылы Ресейдiң қол астына өте қоймаған тайпа, руларды тарту едi. Патша үкiметiнiң бұл ниетi Жәңгiр хан жүргiзген реформалардан көрiнiс тапты.
Жәңгiр хан әкесi Бөкей хан қайтыс болған соң 1824 жылы хан тағына отырады. Ол қыстау және шабындық жерлердi жеке меншiкке беруден өз реформасын бастайды. Бұл реформаның мақсаты жердi интенсивтi түрде пайдалану болды. Сондай-ақ ол шет елдерден асыл тұқымды мал әкелiп қазақы малмен будандастыру арқылы мол өнiм беретiн мал тұқымын жасауды ұйымдастырды. Ол Ресеймен және басқа елдермен сауда байланысын дамытты, тұңғыш жәрмеңке ашты. Бұл тауар-ақша қатынасының дамуына әсер еттi. Жәңгiр хан ордасында қазақ балалары үшiн бастауыш мектеп ашты. “Орда мектебi” деп аталған бұл оқу орнын бiтiргендердi хан Ресей қалаларына оқуға жiбердi. Орда мектебiнен қазақтың тұңғыш интеллигенциясы туып жатты.
Жәңгiр Нарын құмының Жасқұс мекенiнде хан ордасын салғызды. Ағаш үйлерден құралған бұл қалашықта хан үкiметiнiң кеңселерi, қызметкерлердiң үйi салынды, осы үлгiмен сұлтандар, ру басылары өздерiне жеке үй салдырды. Жәңгiр хан үкiметiн нығайту үшiн билiктi ханның қолына топтастырып, сұлтандар мен ру басыларының билiгiне шек қойды.
Жәңгiр хан осы және басқа реформаларды үстем тап өкiлдерiнiң мүддесi тұрғысынан жүзеге асырғанын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар ол жүргiзген шаруашылық және бiлiм саласындағы рефомалар қарапайым халыққа тиiстi дәрежеде пайдалы болды. Сондықтан да Жәңгiр ханның жүргiзген реформасының прогрессивтiк сипатын, оның жеке басының реформаторлығын ғалымдар мойындайды.
4.Жер мәселесі. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында жүзеге асырылған әкімшілік қайта құрылымдарының негізінде Қазақстан толығымен Ресей императорының атарына айналды. Енді бұл кең байтақ өлкені экономиклық және рухани жағынан тезірек меңгеріп алудың саяси зор мәні бар екенін патша үкіметі жақсы түсінді. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін патшаның өзінің орталық саясатының ең сенімді әдістерінің бәрі –орыстарды эжергілікті халықтармен араластыра қоныстарға ерекше мән береді. Әрине, қазақ даласына орыстарды қоныстандырудың қажеттігін Ресей үкіметі ерте кезден –ақ түсінген болатын. Сол кезде –ақ жайықтың оң жақ алқабындағы қазақтардың керемет жерлеріне қазақтарды көшіріп, ХҮІІІ ғасырдың аяғында Орал қазақ әскері өлкенің ішкі аудандарына таралған еді. осының нәтижесінде бүкіл Қазақстан территориясы қазақ әскері мен толтырылып, әскери бекіністер, форпостар мен редуттар салына бастаған. Бір Орынбор өлкесінің «Өзінде» тыныштық пен тәртіп орнату мақсатымен Орынбор (1845 жылы), Орал (1845 ж), Қарабұтақ (1848 ж), Ембі (1862 ж), Новопетровск және Райым бекіністері салынды. Ал шын мәнінде, бұл бекіністер батшалықтың қазақ жеріне ішкерілеп енуінің және оны толығымен отарлауының тірегі болған еді. Сонымен бірге, Орынбор әкімшілігі аталған бекіністер жнымен қазақ қоныстарын ұымдастыруға кірісті осы мқсатпен генерал Обручев отбасылары бар төменгі шендегі Орынбор қазақтарын, әртүрлі жеңілдіктер беру арқылы бекіністер жанына қоныстандыра бастады.
Сөйтіп 1849 жылы Новопетровск бекінісінде – 18, Райым бекінісінде -26, Орынбор бекінісіде -10, Орал бекінісде -10 және Қарабұлақ бекінісжде -4 отбасынан тұратын қазақ қоныстарын ұйымдастырылған. Қазақ қоныстары өлкенің ең шырайлы жерлеріне
орналасып, оларға жеткілікті мөлшерде шабындық, орманды және егістік жерлер бөліп берілген.
Ал ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Орал қазақ әскері қазақтардың жайықтық сол шұғылауындағы алқабтарында ала бастайды. Бұл -қазақтардың жайымдылық жерлерін тартып алып, жер пайдаланудың дәстүрлі негіздерін бұзған әрекет еті.
Осылайша Т.Сидельников атап көрсеткендей: ,,... даланы қазақтардың отарлауы ХҮІІІ ғасырдың ортасында басталып, үздіксіз түрде, ХІХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін жалғасты, сөйтіп, бірте –бірте қырғыздардың миллиондаған дисятина ең керемет жерлерін тартып алды.
Алайда казактардың жер енгізу тәртіптерінен ешнәрсе шыққан жоқ. Әкімшілік бекіністердің жанынан казак қоныстарын ұйымдастырып, олардың жер енгізу ісіне «үлкен үміт» артқанымен, «қазақ бекіністерге нанмен көмектеспек түгілі, өзі қазынаның есебінен күн көрді».
«Сонымен бірге, қоныстанған қазақтың көшпенді қызғызға ешқандай пайдасы болмады. Тіпті жабайы деген қырғыздардың арасында қоныстанып отырса да, жалған түсініктегі, еңбексіз табылған және сараңдықпен жинақталған меншік құқына басқа, эканомикалық мағынада, кыргздарга ешнәрсе енгізбді. Кыргыз ушін казак стациясы ешкандаи да тұтыну рыногы бола алмады және ол жерден қырғыз арақтан басқа ешнәрсе сатып ала алмады. Қоныстанған қазақ және жер өңдеу жүйесіне қатысты тапқанын теріске шығарды; қоныс тепкен жерін өңдеп тыңайтпағаны былай тұрсын, оны әбден құлазытты. Кең байтақ даланың және табын жылқыны көріп тұрып, оның тұқымын жақсартуда ойланбады. Қырғыз шопанын көріп тұрып, ол оның қалай тігілгеніне көңіл де бөлмеді ».
Осылайша, алғашқы отарлаушы қазақ өлкесінің байлығын емін –еркін талан –таражға салумен және халықты тонауымен айналысқан. Қазақстардың жерін шауып, малын тартып әкетіп отырған. Ол жөнінде А.К.Гейнс былай деп жазады: «Үкіметтің казактарға силаған артықшылықтары олардың тұрмыс жағдайларымен қызметін жоғарылатуға емес, керісінше, жаппай ырдудырдулықтың және жалқаулықтың дамуына, олардың шарушылығының құлазуына және жүйелі ұйымдасқан түрде қырғыздарды тонаушылыққа алып келеді. Өздерінің тонаушылығы мен зорлық –зомбылығы арқылы олардың бойында бүкіл орыс халқына деген өшпенділік сезім орнатты. Бұдан қолдарына оңай тиген жердің қадірін білмеген казактардың топастығы мен надандығын, тоғышарлғы мен кененаулығын көруге болады.
Осы мәселелердің негізінде, патшалық әкімшілік қазақ даласы «,... казак қоныстары арқылы отарлау жүйесі өзіне алғаш жүктелген міндетті табыспен орындады; ал қазіргі кезде жергілікті жағдайлардың өзгеруіне байланысты, бұл әдіспен отарлауы жалғастыру күткен пайдаға қол жеткізбейді» деп есептер, қырғыз дласын орыстардың отарлауы қажеттілік екенін, біраң өлкедегі казак қлныстарының патша үкіметінің отарлаумақсатын қанағаттандыра алмайтынын түсініп, өлкеге орыстарды қоныстандыру үшін еркін отарлауға жол беру керек» деген пікірге келеді.
Орыстарды қазақтармен араластыра қоныстандырудың мақсатына қатысты әкімшілік құжаттарында; «қызғыздар арасында азаматтықты тарату, дамыту үшін өлкеге орыстарды қоныстандыру мемлекетке пайдалы және өте қажет. Себебі, орыстар жоғары нәсіл өкілі бола отырып, қырғыз халқының тұрмысына жасампаз ықпал етеді және оны Ресейге толығымен бірігуге дайындайды» деп көрсетілді. Ал шын мәнінде патша өкіметінің ойлаған қазақтардың азаматтығын арттырып, тұрмыс жағдайын жақсарту емес, қазақ жерін орыс қоныстары арқылы отарлауды күшейте түсу болатын.
Бұл жөнінде айрықша тапсырмалар шенеунігі Маклинский өзінің Дала генерал –губернаторына жазған хатында (1897 ж 11-қараша):... мұндай қоныстандырудың тиімділігі мемлекеттік өмірдегі сұранысты қанағаттандыруды болып отыр. Халықтың көп болуына байланысты жерге сұраныс үсті –үстіне өсіп келеді, сондықтан да бос жатқан қолайлы жерлер түгелімен қоныс аудару ісіне емін –еркін жарытылуы тиіс деп ашық айтады.
1864 жылғы реформадан кеінгі аграрлық дағдарыстың шиеленісуін патшалық әкімшілік орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру арқылы шешпекші болады. Патша үкіметі қазақ жерлерін отарлауы, талан –таражға салуды заңдық тұрғыдан бекітуге тырысып, 1868 жылдың 21-қазанындағы «Уақытша ереже» бойынша қазақ даласын мемлекет меншігі деп жариялады.
Қазақ жерін өз бетімен келіп қоныстанушылар өте көп болған. Мысалы, Торғай облысын отарлау 1869 жылы Ақтөбе бекінісінің салуымен басталып, орыс шаруаларының өз бетімен келіп, бекініс жанына көптен қонстануының есебінен толыға түскен.
«Уақытша Ережеде» уезд орталықтарынан басқа жерлерде орыс қоныстарын ұйымдастыруға рұхсат берілмегенмен, Орынбор генерал –губенаторы Н.Крыжановский 1879 жылдың 19 –желтоқсан Қостанай мекенінде Николоаев уездің орталығын орналастыруға қазақтардан алынған 13300 десятина жердің 10300 –ін отырықшылар поселкесіне бөледі. Ол поселкеге әрқайсына 10 десятина жер үлесін беріп, 1000 шаруаны қоныстандыруды жоспарлайды.
Қоныстанушылар қазақтың шүйгін жерлерін тартып алып, шабандықтарын шауып, шабылған шөптерін тасып алғанымен қоймай, қопсылық білдірген қазақтарды соққыға жығуға дейін барған. Орыс
шаруалары қазақ қоғамдарымен келісіп, қазақтардың жерлерін өте төмен бағамен арендаға алған. Ресей империясының «бұратана» халықтарды орыстандырудағы ең сенімді тәсілі –орыстарды қазақ халқымен араластыру қоныстандыру болған.
Көші–қон саясатының төркіні тереңде жатты. Ол шаруаларды ревалюциялық қозғалыстан алаңдату; осы арқылы оларды жаңа мекенде орнықтыру; көшіп келген орыс шаруаларын отарлаушы әскерлердің қатарларын толтыруға негіз ету; империяны орыстандыру саясатын жүзеге асыру; әртүрлі халықтардың мекенінен ығыстыру арқылы оларға ортақ жауға, яғни қаризмге қарсы күресі жолында бітіруге мүмкіндік бермеу. Көші –қон қозғалысы 1861- 1892 жылдары алғашқы кезеңінде Ақмола, Орал, Семей, Торғай, Жетісу аймақтарын қаитыды. Басқару жүйесін реформалаау өлкені отарлаудың икемді құралдарының бірі. Оны іске асыру үшін елді басқарудың тарихы қалыптасқан ұлттың жүйесін қиратып, кен далаға қуатты метрополия билігінің тәртіптері мен пошымдарын күштеп енгізу қажет болды. Осы мақсатта тез арада ұсақ –ұсақ бірнеше хандықтар құрылып, елдің этноаймақтық тұтастығы бұзылды. Одан кейін әлі хандықтардың жерлері мен халқын рулық және тайпалық белгілер бойынша бөлшектер ауылдарға және болыстарға шашып жіберді. Хандықтарды бөлшектеп дербестігін айырғаннан кейін оларды күштеп әрқилы губернялардың құрамына енгізіп жіберді. Нәтижесінде оларға бағынышты халық өз жеріне айналғандай күйге енді. Бұл халықтың бірлігін нығайтып келген байырғы дәстүрлі байланыстарды үзіп, келге мүлде жат басқару жүйесін күштеп орнатуға әкеліп соқты. Енді ең төменгі буын –ауылдар мен болыстарды «шынбағынған қазақтардан » шыққан атқа шікерлеп билесе, уездермен облстарды патшаға берілген әскери шенуніктер басқарды. Сөйтіп, қазақтар мекенінде барлық құқығынан айрлған келімсекке айналды. Ең қиыны халық ұлттың ғана емес ру–тайпалық бірлестігінен де айрылды.
Аймақтық қағидаларды ұстанған және сайлаудың көпсатылы түріне негізделген жаңа жоғары шенді патша шенеулігінің бірі айтқандай, «бұратаналарды бұратаналардың қолымен тұншықтыру әдісі» еді. Шаруалардың осынау әлеуметтік –саяси шоғыры ІІ Александр патшаның 1865 жылғы 5 шілдедегі арнайы нұсқауынан бастау алды. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі уақытша шешім 1867 жылы маусымда Орынбор және Батыс Сібір генерал–губернатор Даналық облысы басқару жөніндегі уақытша шешім 1868 жылы қазанда шықты.
1905-1907 жылғы революциядан соң патша министрi Столыпин аграрлық реформа қабылдап шаруаларға өзiнiң азғантай жерiн сатып Шығыстағы ұлан байтақ құнарлы жерге көшуге ұлықсат бердi. Бұл Қазақстанға орыс шаруалырының ағылуына әкеп соқты. ХIХ ғасырдың ақырында қазақ жерiне Қытайдан ұйғырлар мен дунгандар келiп қоныстанды. Қазақ жерiне басқа ұлт өкiлдерiнiң көптеп келуi қазақтардың өз жерiне азшылық болып қалуының басталуына әкеп соқты.Ресейде 1861 жылы басыбайлылық қатнасты жойды, сөйтiп феодализмнiң негiзгi тiрегiнiң бiрi жойылды. Дегенмен оның екiншi тiрегi -патша үкiметi қалып қойды. Патша үкiметi феодалдардың үкiметi болғандықан солардың мүддесiне қызмет еттi. Бұл капитализмнiң дамуына, Ресейдiң прогресс жолына түсуiне патша үкiметi бөгет болып отыр деген сөз. ХХ ғасырдың басында Ресей өзiмен теңдес басқа елдермен салысырғанда артта қалған аграрлық ел болды. Мүның себебi феодализм түгелдей жойылмағанында едi.
Сондықтан патша үкiметiн құлату Ресейдiң прогресс жолына түсуiне шешушi роль атқаратын едi. Патша үкiметiн құлату үшiн Ресей халқы, оның алдыңғы қатарлы қайракерлерi көп күш жұмсады. Мұны декабристер көтерiлiсiнен, шаруалар көтерiлiсiнен, патшаны өлтiрмек болған, өлтiрген әрекеттерден байқауға болады. Бiрақ бұл әрекетер нәтиже бермедi. Патша үкiметiн құлату дегенiмiз патшаны өлтiру емес, үкiметтi оның барлық атрибудтарымен /армия,полиция,т.б./ құлату қажет. Үкiметтi құлату үшiн революция қажет болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет