Лекция тақырыбы: Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі (ХҮііі ғасырдың соңғы ширегі ХХ ғ. басы) Лекцияның оқыту нәтижелері


Түркістан өлкесін және Далалық облыстарды басқару туралы ереже



бет3/8
Дата08.12.2023
өлшемі48,97 Kb.
#195575
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ëåêöèÿ òà?ûðûáû ?àçà?ñòàíäà Ðåñåéä³? ?ê³ìø³ë³ê-ñàÿñè æ?éåñ³í³?

Түркістан өлкесін және Далалық облыстарды басқару туралы ереже:
Түркістан туралы В.Бартольд мынадай пікір айтқан болатын: Түркістан – Еуразия құрлығының орталық Батыс бөлігінде үлкен территорияның алатын, бұрын Тұран немесе Түркістан аталған өлке, ал бұл «Түркілер елі» деген сөз. Бұл өлке Батыстан арал өзені Хазар (Каспий) теңізінің, Шығыстан Алтай тауы мен Қытай шекарасымен, Оңтүстіктен Тобыл, Томск облыстарының аралығында және Еуропаның үштен бір бөлігін құрады», - деген еді. Ресей Батыс Түркістанды басып алу ісіне 1716 жылдан бастап кірісті, 1865 жылғы дейін Оралдан, Арал, Балқаш, Ыстықкөл өңіріне дейінгі аралықтағы және Ташкент облысына жақын жерлерді басып алды. Батыс Түркістанның жаулап алған жерлері 1865 жылға дейін Ресейдің Орынбор генерал –губернаторлығы арқылы басқарылды. Орыс мемлекеті 1865 жылғы 2 –ші ақпанда жаулап алынған Ыстық көлдің Батыс жағалауынан Орал өзеніне дейінгі жерлердің бәрі «Түркістан облысы » атымен Орынбор генерал –губернаторлығы тарапынан басқарылатындығы туралы шешім қабылданды. 1867 жылы Ресейдің соғыс министрі Милитюн басқарған комитет Түркістанның болашақтағы басқару мәселесін талқылады. Түркістан облысының Түркістан генерал–губернаторлығы ретінде Ресей соғыс министіріне бағынышты сипатта басқарылатындығы жайында шешім қабылданды. Патша 1867 жылғы 11–шілдеде осы генерал–губернаторлықты құру жайындағы заңға қол қойған болатын.
Түркістан генерал–губернаторының оралығы болып Ташкент қаласы бөлгіленеді. Бұхара, Қоқанд хандығын, Хиуа мемлекеттерін бақылау құқығы да Түркістан генерал –губернаторына берілді.
1868 жылы 21–қазанда қабылданған жарлыққа сәйкес, Түркістанның Ақмола және Жетісу облыстары Батыс Сібір генерал–губернаторлығы билігіне берілді. 1867 жылы орыс мемлекеті Қохан хандығына қараған жерлерді Түркістан генерал–губернаторлығына біріктірді. Оған Сырдария Жетісу облыстары, кейінірек Самарханд, Ферғана, Каспийдің бергі бетіндегі аймақ қосылды. Облыстар, уездерге олар болыстарға , ауылдарға бөлінеді. 1886 жылы 12–маусымдағы Түркістан генерал–губернаторлығының жарлығы бойынша, облыстар ру атымен емесқыстаулардағы жерлердің атымен аталатын болды. Ал отырықшы халықтарды орыстың селолық қауымы сияқты ақсақалдыққа бөлу орын алды. Олардың басында ауыл ақсақалдары тұрады. Болыстарды Түркістан генерал –губернаторлығы бекітсе, старшиналар мен ақсақалдарды уезд бастықтары тағайындады. Осы бекітілген белсенділердің көмегімен орыс шенеуніктері ел арасында отаршылдық саясаты онан сайын күшейтті.
Патша үкiметi 80-жылдардың ақырында жаңа реформаны әзiрледi. 1886 жылы патша үкiметi Түркiстан өлкесiн басқару туралы, 1891 жылы Ақмола, Семей, Жетiсу, Арал, Торғай облыстарын басқару туралы ереже бекiттi. Ереже бойынша 1867-68 жылдары енгiзiлген бес сатылы әкiмшiлiк жүйе сақталды. Түркiстан өлкесi облысқа, уездге бөлiндi. 1886 жылғы ереже бойынша Орынбор және Батыс Сiбiр генерал губернаторын бiрiктiрiп Дала генерал губернаторы атты бiр генерал губернаторлық құрылды. Болыстар мен ауылнайлар сайланатын болды, сондай-ақ ережеде көрсетiлгендей патша чиновниктерiн аталмыш лауазымдарға сайлау жүргiзбей-ақ тағайындау құқығы берiлдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет