Лекция тақырыбы: Қазақтың тарихи прозасы



бет15/20
Дата24.12.2021
өлшемі72,09 Kb.
#104805
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс)
қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), қазіргі қазақ әдебиеті (дәріс), Абай Құнанбаев өмірі, срсп 3, -9786010403109-9786010403031-9786010402539 convert compress
Лекция тақырыбы: Қазіргі қазақ поэмалары.

Лекция мақсаты: Қазақ поэмаларының осы кезеңдегі тақырыптық ерекшелігі, жанрлық түрлерінің дамуы.

ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында поэма толысу, кемелдену процесін басынан кешті. Қазақ поэмасы сан жағынан көбеюмен бірге сапа жағынан да жетілді. Эпик ақындар өзі өмір сүрген заманның көшіне ілесе отырып, өз уақытының бейнесін беруді бірден – бір мұрат етті. Бұл жылдары поэма жанрында Ж.Молдағалиев «Қыран дала», Қ.Бекхожин «Менің замандастарым», Ғ.Қайырбеков «Жұлдызды тағдырлар», сондай – ақ, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ә.Сәрсенбаев, Д.Әбілев, Х.Ерғалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Қ.Мырзалиев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов,Е.Раушанов т.б. ақындар қызмет етті. Бұл тұстағы поэмаларда, ең алдымен, дәуір,қазақ халқының тұтас көркем бейнесін жасауға ұмтылыс байқалады. Көптеген лирико – публицистикалық поэмалар жарық көрді. Алайда қазақ ақындары өз уақыттарындағы оқиғаларды жырлауда заман талабына сай сыңаржақтылыққа ұрынды, мысалы, тың игерудің даламызға әкелген жердің құнарсыздану сияқты алапат зиянын ашып көрсету тақырыптың айтылмаған сыры болып қалды. Бұл жылдардағы басты тақырыптардың бірі – елдің материалдық игілігін жасаушы еңбек адамының өмірін жырлау болды. Халықтың ауыз әдебиетінің асыл қазынасына сусындай, берік қалыптасқан көркемдік дәстүрдің айқын көріністері сөз болып отырған кезеңдегі эпикалық поэмалардан да көзге түседі. Ақындар оларды өздерінің шығармашылық көрігінен өткізіп, идеялық арнасы кең, көркемдік қасиеті мол тың бір көркем туындыға айналдырды.Аңыз ізімен жазылған поэмаларда сараңдық, парасаттылық, адалдық пен қайырымдылық, қаталдық пен дүниеқорлық, тоғышарлықпен бітіспес тартыс негізге алынады. Көне заманның небір қилы беймәлім сырларын көркемдікпен аша түскен қазақ поэмаларының қатарына бұл тұста Е.раушановтың «Ғайша бибі» 1991 поэмасы қосылды. Сюжеттік желісі, композициялық бітімі, образдар жүйесі, идеялық мазмұны тұрғысынан қарағанда ақынның бұл туындысы қазақтың эпикалық поэзиясына соны леп, жаңа тыныс әкелді. Ақын өлең мен қара сөзді қиюын тауып тартыстыра қолдануы, монологті, ежелгі ауыз әдебиетіндегі айтыс /Ғайша мен Қағанның, Күлтегін мен Қағанның, Ғайша мен Мұхаммед пайғамбардың айтыстары/ үлгісін кейіптеу /поэманың «Жылдар жылы» атты тараулары/ амалын шығарма табиғатына кірістіре, жымдастыра, ретті пайдалануы, т.б. көркемдік компоненттер поэманың мазмұнын тереңдете түскен. Ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз негізінде туған поэмалардың ішінде М.Шахановтың «Сейхундария» атты туындысының өзіндік орны бар. Ал «Отырар элегиясында» тарихи оқиғаны шығармаға фон ретінде ала отырып, ақын сол арқылы халық өмірінің шынайы келбетін, адамдардың мінезін ашуға поэма жанрының көркемдік мүмкіншілігін жеткілікті де ұтымды пайдалана білген. ХХ ғасырдың екінші жартысында Махамбеттің әдеби образын бейнелеу жолында эпик ақындар көптеген ізденістер жасады. Ж.Молдағалиевтің «Кек» 1985, Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш» 1987, М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» 1990 т.б. поэмалардың сюжеттік – композициялық бітімінен қазақтың эпикалық поэзиясында пайда болған жаңа көркемдік нышандар байқалады. Ф.Оңғарсынованың «Алмас қылыш» поэмасында эпикалық жанрдың таптауыр болған көне сүрлеуінен шығып, жаңа көркемдік кеңістіктерге қарай бет алған. Поэмада автор мен Махамбеттің бүкпесіз адал ниетпен сырласуы арқылы сол замандағы өмірдің қатпар – қатпар шындығы, адамдардың әрқилы мінез – құлқұ, бет – бейнесі жарқын бояулармен даралана көрсетіледі. Кейіпкердің ішкі дүниесін ақын шынайы тебіреніспен аша түсуге автор көп күш жұмсаған. Драмалық поэма – қазіргі қазақ поэма жанрының тың саласы. Бұны драма мен поэманың тоғысқан, іштей араласқан жерінен шыққан жаңа жанр деп қарауға тиіспіз. Драмалық жанрда ежелгі қазақ поэзиясының көркемдік дәстүрін пайдалану көп. Ғасырлар бойы берік қалыптасқан көркемдік дәстүрді шығармашылық електен екшеп өткізіп, жаңарта, жаңғырта пайдалану басым. Драмалық поэма оқырман қажетін өтеуде екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, ол театр сахнасына қойылған көрерменнің рухани креегіне жараса, екіншіден, оқырманның тікелей оқып,эстетикалық азық алатын туындысы. Қазіргі қазақ ақындары арғы – бергі өмірдің қилы – қилы иірімдерін бейнелейтін драмалық поэмалармен драманың идеялық – тақырыптық диапозонын кеңейтіп, көркемдік – бейнелеу арсеналын молықтыра, байыта түсті. Қазақ әдебиеті үшін тың көркемдік құбылыс болып табылатын драмалық поэманың жақсы үлгілері пайда бола бастады. Бұл тұста қазақ поэмасы уақытпен бірге адымдап, дәуірмен бірге тыныстады, заман шежіресі болуға лайық өз міндетін атқарды деуге негіз бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет